• Мое избранное
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі 2007 жылғы 28 мамырдағы N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4783 болып енгізілді.

Күші жойылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 № 22 Қаулысымен. (28.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар туралы Заң) 100-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) тұтынушы кооперативтің ұйымдастыру - құқықтық нысанында құрылатын және өзінің қызметін "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  Заңы  (бұдан әрі - Өзара сақтандыру туралы Заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңы, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық кесімдері мен құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Бір қоғамның құрылтайшылары (мүшелері) болып бағалы қағаздар рыногында тек қана бірыңғай кәсіби қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары табылады.
3. Қоғамның қызметі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының  6-бабы  3-тармағының 12) тармақшасында белгіленген ерікті сақтандыру сыныбы шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті лицензиялануға жатады.
4. Сақтандыру объектісі болып қоғам мүшесінің бағалы қағаздар рыногында қызметін жүзеге асыру нәтижесінде инвестордың мүліктік мүддесіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты қоғам мүшесінің жауапкершілігі табылады.
5. Сақтандыру шарты қоғам мүшесі мынадай жағдайлардың нәтижесінде инвесторларға зиян келтіргендегі сақтандыру жағдайы басталғанда қоғам сақтандыру төлемін жүзеге асыратын сақтандыру жағдайларын қамтиды: 
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған жағдайларды қоспағанда, тіркелген тұлға еркін білдірмей оның шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару, программалық қамтамасыз етудің жаңылғандығынан не оператордың қателігінен бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу бұйрығында (клиенттің тапсырмасы) көрсетілген санынан бағалы қағаздардың көп/аз санын есептен шығару /есепке алу; 
2) тіркелген тұлғаның шотында бағалы қағаздардың саны дұрыс көрсетілмегендіктен, оның бағалы қағаздар бойынша табысты толық алмау; 
3) қоғам мүшесінің қағаз мұрағатын, сондай-ақ өрт, жер сілкінісі және үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы іс-қимылдарының нәтижесінде бағалы қағаздарды есептен шығару және есепке алу бойынша операцияларды жүргізу үшін негіздеме болатын құжаттарды ішінара немесе толық жоғалту; 
4) қоғам мүшелеріне сенімді емес ақпаратты ұсыну; 
5) жалған құжаттар, сондай-ақ электрондық және компьютерлік алаяқтық негізінде мәміле жасау; 
6) қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген басқа жағдайларда.
6. Қоғам мүшесі: 
1) клиенттерге қоғамда өзінің қатысуы жөнінде және сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары жөнінде хабарлайды; 
2) мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап бес күндік мерзімде өзінің атауы өзгергені және мекен-жайын ауыстырғаны туралы қоғамға хабарлайды.
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева): 
1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылардың қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
9. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға