• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2013 г

Отправить по почте

Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы N 448-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3277

Тақырыбында және бұдан әрі мәтін бойынша "табиғи монополия" сөздер "табиғи монополиялар" сөздермен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 20.04.2014 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 31.07.2013 жылғы № 240-НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен  бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 49-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 
2. Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері: 
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен).
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша есепті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей ұсынсын.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ, 13 (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз).02.2009 № 42-НҚ, 24.09.2010 № 279-НҚ бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.М.Досмағамбет): 
1) ұсынылып отырған табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін аэронавигация қызметтерінің түрлері табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін белгіленген тәртіппен келісуді қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуді; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа жүктелсін. 
6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Келісілді 
Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар министрі 
     2004 жылғы 26 қараша
"Аэронавигация қызметтерін
 көрсететін табиғи монополиялар
 субъектілерінің табыстарды,
 шығындар мен іске қосылған
 активтерді бөлектеп есепке
 алуды жүргізу ережесін бекіту
 туралы" Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды реттеу
 агенттігі төрағасының
 2004 жылғы 15 қарашадағы
 N 448-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи 
 монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар 
 мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке 
 алуды жүргізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша тарифтерді қалыптастыру мақсатында аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің бөлектеп есепке алуды жүргізудің негізгі қағидаттарын, бөлектеп есепке алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
2. Табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есеп алуды жүргізудің (бұдан әрі - бөлектеп есепке алу) мақсаты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттелетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді айқындау болып табылады. 
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
3. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерін уәкілетті орган бекітетін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін аэронавигация қызметтерінің түрі бойынша (бұдан әрі - реттелетін қызметтер) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.
: 3-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.09.2010 № 279-НҚ Бұйрығымен. (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Бөлектеп есепке алу реттелетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және негізгі қызметке технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополиялар саласына жатқызылған тұтастай өзге қызмет бойынша табыстар, шығындар мен іске қосылған активтер туралы жеке-жеке ақпарат жинау мен қорыту, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес почта туралы заңнамамен белгіленген қызметті (бұдан әрі - өзге қызмет) жүзеге асыру жүйесін білдіреді.
5. Бөлектеп есепке алудың негізгі қағидаттары: 
1) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде өндірістік процестер мен қызметтер түрлерінің тиісті топтарына тікелей жатқызудың мүмкіндігі кезінде тікелей жатқызу басымдылығы; 
2) табыстардың, шығындардың және іске қосылған активтердің өздері байланысты өндірістік процестер мен қызметтер түрлерінің сол топтарына себептік-салдарлық байланысы; 
3) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді өндірістік процестер мен реттелетін қызметтер түрлерінің тиісті топтарына жатқызудың және бөлудің ашықтығы.
6. Бөлектеп есепке алу осы Ережеге сәйкес табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді өндірістік процестер мен қызметтер түрлерінің топтары бойынша бөлуге қажетті бөлшектеу деңгейін қамтамасыз етуге бухгалтерлік және басқарушылық есеп жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделуі тиіс. Осы Ереже аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген қаржылық және салықтық есептер ұсынудың тәртібі мен нысанын өзгертпейді.
7. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар: 
1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің іске қосылу дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық немесе пайыздық көрсеткіш (көрсеткіштер); 
2) сыртқы қызметтер - аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің сыртқы пайдаланушыларға ұсынатын қызметтер; 
3) сыртқы пайдаланушылар - аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін тұтынушылар болып табылатын заңды және жеке тұлғалар; 
4) ішкі қызметтер - аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің бір тобының өндірістік процестерінің басқа тобына ұсынатын қызметтер болып табылатын сыртқы қызметтер ұсынудың шартты түрде бөлінетін кезеңдері; 
5) қосалқы процестер - нәтижелері негізгі өндірістік және басқарушылық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылатын өндірістік процестер; 
6) өндірістік процестер топтары (бұдан әрі - ӨПТ) - қызметтер көрсетуге жеке де және бір-бірімен өзара ықпалдаса отырып та қатысатын қызметтер көрсетудің белгілі бір өндірістік процестерінің жиынтығы; 
7) іске қосылған активтер - аэронавигация қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтері; 
8) қызметтерге жанама іске қосылған активтер - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себептік-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ белгіленген қызметтер көрсетуде олардың іске қосылу дәрежесі осы себептік-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін; 
9) қызметтерге арналған жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себептік-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ шығындардың пайда болу себептерін көрсететін бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін; 
10) өндірістік процестер топтарының элементтеріне жанама іске қосылған активтер - бір мезгілде бірнеше ӨПТ элементтерімен себептік-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да олар ӨПТ-ның белгілі бір элементіне тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ олардың іске қосылу дәрежесі осы себептік-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін; 
11) өндірістік процестер топтарының элементтеріне жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше ӨПТ элементтерімен себептік-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да топтың белгілі бір элементіне тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ шығындардың пайда болу себебін көрсететін бөлу базасының негізінде ӨПТ элементтері бойынша бөлінуі мүмкін; 
12) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай болса да белгіленген себептік-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан да олардың қызметтер ұсынуда іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін; 
13) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай болса да белгіленген себептік-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді; 
14) негізгі өндірістік процестер - нәтижесі қызмет көрсету болып табылатын өндірістік процестер; 
15) өндірістік процестер - аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіндегі түпкілікті қызметтер көрсету мақсатында оның ресурстарын пайдаланып белгіленген іс-қимылдардың дәйектілігі. Ол негізгі өндірістік, қосалқы және басқарушылық процестерді қамтиды; 
16) қызметтерге тікелей іске қосылған активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себептік-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да белгіленген қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін; 
17) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да белгіленген қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін; 
18) ӨПТ элементтері бойынша тікелей іске қосылған активтер - ӨПТ белгілі бір элементтерімен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да ӨПТ-ның белгіленген элементіне тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін;