• Мое избранное
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.02.2008 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.02.2008. № 108 Қаулысымен (08.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 08.08.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мынадай болып белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы, сондай-ақ олармен бiрге жүретiн адамдар (Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының), Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінің қызметкерлерi (түзетiлетiн тұлғамен бiрге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдiк валютадағы көлiктiк шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;  
2) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсi Төрағасының орынбасары, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Yкiмет мүшелерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кiру жөнiндегi келiссөздердегi Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi төтенше және өкiлеттi елшілерi қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;  
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстерімен шетелге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі; 
3) мемлекеттік органдардың басқа лауазымды тұлғалары қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 456, 23.01.2004. № 72, 03.11.2004. № 1140, 07.07.2005. № 705, 12.12.2005. № 1234, 08.08.2006. № 745 қаулыларымен. (19.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар бекiтiлсiн: 
1) шетелде қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарын өтеудiң нормалары (тәулігіне бiр адамға): 
Қазақстан Республикасы          нақты шығындар бойынша 
Премьер-Министрінің орынбасарлары,    (бiрақ бес жұлдызды қонақ 
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  үйiнiң бiр адамдық нөмiрiнiң 
Сенаты Төрағасының орынбасары,        құнынан артық емес);  
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары, 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң   
көмекшiсi, Қазақстан Республикасы      
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, 
Қазақстан Республикасы орталық 
мемлекеттік органдарының басшылары, 
облыстардың, Астана және Алматы 
қалаларының әкiмдерi, Қазақстан 
Республикасының Президентi Күзет 
қызметiнiң қызметкерлерi 
 (күзетiлетiн тұлғалармен бiрге 
жүру кезiнде) үшiн 
Қазақстан Республикасының       нақты шығындар бойынша 
орталық мемлекеттiк органдары         (бiрақ төрт жұлдызды 
басшыларының орынбасарлары,           қонақ үйiнiң бiр адамдық 
облыстар, Астана және Алматы          нөмiрiнiң құнынан артық 
қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары,   емес); 
Қазақстан  Республикасы Парламентi- 
нiң депутаттары үшін 
делегация басшылары (осы        нақты шығындар бойынша 
тармақшаның екiншi, үшiншi            (бiрақ үш жұлдызды қонақ 
абзацтарында аталған тұлғалардан      үйiнiң бiр адамдық нөмiрiнiң 
басқа) делегация мүшелерi,            құнынан артық емес); 
аудармашылар, бiрге жүретiн адамдар 
және мемлекеттiк органдардың басқа 
да лауазымды тұлғалары үшiн 
Қазақстан Республикасының       нақты шығындар 
Мемлекет басшысымен, Қазақстан        бойынша 
Республикасының Премьер-Министрiмен, 
Қазақстан Республикасының Парламентi 
Сенатының Төрағасымен, Қазақстан 
Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң 
Төрағасымен, Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк хатшысымен бiрге жүретiн 
адамдар үшiн