• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 30.12.2015 күші жойылды

Отправить по почте

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 800 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 219 Бұйрығын қараңыз
"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 18 маусымдағы
 № 800 қаулысына
 қосымша
1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
7. Баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиялары.