• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5602 болып енгізілді.

Осы редакция 12.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін. 
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға                                   Н. Алдабергенов
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды
 реттеу агенттігі төрағасының
 2009 жылғы 20 ақпандағы
 N 57-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауының осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеудің тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеге сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін оларда электр энергиясының көп ставкалы есептеу құралдары болған кезде қолданылады. 
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар: 
1) тұтынушы – электр энергиясын шарттың негізінде пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға; 
2) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушының жүктелім кестесі) – тәулік зоналары бойынша қисық өзгерістер, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісінің графикалық көрінісі; 
3) тұтынушылар тобы – ортақ белгілері бойынша: электр энергиясын тұтыну шарттары, тұтынылатын қуат және одан әрі топтарға біріктірілген тұтынушылар; 
4) шарттық (мәлдімделген) ең жоғары жүктеме – энергиямен жабдықтаушы ұйымда уақыт бойынша ең жоғары жүктеменің өту сағаттарымен сәйкес келетін аса үлкен жарты сағаттық қуат; 
5) көп ставкалы есептеу құралы – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін есептеу құралы; 
6) алып тасталынды 
7) көп ставкалы есепке алу – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды есепке алу; 
8) режим күні – жылдың екі маусымы бойынша жасалған, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының электр тұтыну жүктемесінің графигінен айқындалған электр энергиясының ең көп тұтынылатын күн;
8-1) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер – осы Ережеге сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері; 
9) тәуліктік жүктеме графигі – нақты маусымның режим күнінде өңірдің электр энергиясын тұтыну тәулігінің сағаттық графигі; 
10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметке басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 
11) энергия өндіруші ұйым – электр энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) сату үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым; 
12) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; 
13) ең төменгі тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілеген шектерде тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф; 
14) ең жоғары тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс  тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф; 
15) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 31.07.2009. № 265-НҚ Бұйрығымен). (15.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
16) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер - осы Ережеге сәйкес тұтынушы - жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясының тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік).
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады. 
#$3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 15.04.2009 № 123-НҚ, 31.07.2009. № 265-НҚ, 08.02.2011 № 47-НҚ Бұйрықтарымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі)
4.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйым уәкілетті органмен келіскеннен кейін енгізеді. 
6. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым табысты кем алған немесе табысты негізсіз алған жағдайда кем алынған табыстың сомасы немесе негізсіз алынған табыстың сомасы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес белгіленген орташа босату тарифінің тиісті өзгерісінің есебінен тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі. 
7. Босату тарифінің деңгейін өзгерту кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерге қайта есептеу жүргізеді. 
8. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуде (сатуда) тұтынушыларға бас тарта алмайды. 
9. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын есеп айырысуды орындайды және тәулік зоналары бойынша және оның жазғы және қысқы маусымдарда тұтынылған көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтерді уәкілетті органмен келіседі. 
10. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жеке тұлғаларға (тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу үшін жеке тұлғалардың тұтынушыларын қоспағанда) тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді ескере отырып шот тапсырады.
Егер тұтынушының электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.
Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.
10-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі)
10-1) Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұратын жеке тұлғалардың санын ескере отырып анықталады, оны анықтауға азаматтарды тіркеу кітабы немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын заңды тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
Елді мекендерде азаматтарда пәтер иелері кооперативінің және азаматтарды тіркеу кітабы болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi берген тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
Тұрғын үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін орындау үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін тұратын тұлғалардың санына үй иелерінің немесе сол тұрғын үй-жайларды жалға алушыларының саны теңестіріледі, оны анықтау үшін құқық белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.
10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11. Осы Ереже екі деңгейлік және үш деңгейлік тарифтерді қолданып жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифті және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне сараланған тарифті бір мезгілде қолдануды болжамайды.
11-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі)
2. Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі 
12. Тәуліктік жүктеме графигі төрт зонаға бөлінеді: "ертеңгілік максимум", "кешкі максимум", "күндізгі ойылым" және "түнгі ойылым".