«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 165 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.02.2015 жылғы № 71 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 165 қаулысымен бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
2) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргiзу жөнiндегi жұмыстар;
3) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) сарапшының аттестаты – сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі біліктілік аттестаты (куәлік);
5) өтініш беруші – сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға не кезекті аттестаттауға жататын сарапшы;
6) аттестаттау комиссиясы – құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен құрылған алқалы орган. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
4. Кезекті аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің мынадай түрлерін:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
2) техникалық қадағалауды;
3) авторлық қадағалауды;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін бес жылда бер рет өткізіледі.
5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструкциялық бөлігі;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлігі.
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде.
7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
8. Аттестаттауға:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу жөнінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
5) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
9) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
11) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын авторлық техникалық тексеру жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінде кемінде үш жыл немесе осы бағытта сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар.
2. Аттестаттау тәртібі
9. Аттестаттаудан өту үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) жоғары кәсіптік бiлiмi туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы болғанда – тиісті құжаттардың көшiрмелерi);
3) еңбек кітапшасының не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Өтініш беруші (сарапшы) уәкілетті органының қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариалды куәландыру қажет емес.
10. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін аптасына бір рет қалыптастырады және олардың талаптарға сәйкестiгiн қарау үшін материалдарды аттестаттау комиссиясына ұсынады.
11. Аттестаттау комиссиясының отырысы екі аптада бір реттен сиретпей өткізіледі, онда уәкілетті орган ұсынған өтініш берушілердің құжаттарының осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестiгi қаралады.
12. Ұсынылған құжаттарды аттестаттау комиссиясының қарауы мен қорытындыларды ресімдеуі отырыс басталған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның бұйрығымен тестілеу жүргізу кестесі мен хаттама бекітіледі, онда әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдер ресімделеді:
1) тестілеуге жіберiледі;
2) тестілеуге жіберілмейдi.
13. Уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы, не тестілеуге жіберілмеудің себептері туралы жазбаша хабар береді.
14. Тестілеу мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:
1) тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен сарапшының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;
2) өтініш берушіні тестілеуге жіберу оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жүзеге асырылады;
3) уәкілетті органның қызметкерлері тестіленушілерді тестiлеудi өткiзу рәсімімен таныстырады;
4) тестiлеу уақытында сарапшылардың сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған үй-жайдан шығып кетуiне болмайды. Дербес электрондық құрылғыларды (оның iшiнде компьютерлердi, ұялы телефондарды) тестiлеу кезiнде пайдалануға тыйым салынады;
5) уәкілетті органның қызметкерлері осы тестiлеудi өткiзу рәсімін бұзған сарапшыларды тестілеуден шығарып жібереді;
6) компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты компьютерлiк бағдарламамен жүргізіледі.
15. Тестіні орындауға жiберiлген уақыт 120 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
16. Тестілеуден өту үшін шекті мәні:
1) осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген сарапшылар үшін 90 дұрыс жауапты;
2) барлық қалған сарапшылар үшін 70 дұрыс жауапты құрайды.
17. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған өтініш берушілер алдыңғы аттестаттаудан өткен сәтінен бастап кемінде үш ай мерзiмнен кейiн қайтадан аттестаттаудан өтуіне болады.
18. Уәкілетті орган қорытындыларды тестілеу аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде аттестаттау комиссиясына жібереді.
19. Аттестаттау комиссиясының отырыстары екі аптада бір реттен сиретпей өткізіледі, онда уәкілетті орган ұсынған тестілеу қорытындылары қаралады. Аттестаттау комиссиясы әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестаттаудан өттi;
2) аттестаттаудан өтпедi.
20. Аттестаттау комиссиясының шешiмi тестілеу қорытындылары бойынша аттестаттаудан өткен және аттестаттаудан өтпеген өтініш берушілердің тізімімен қоса аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімделеді.
21. «Аттестаттаудан өтпеді» деген шешім қабылдаған жағдайда аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында себептер көрсетіледі.
22. Уәкілетті орган аттестаттау комиссиясы отырысының нәтижелері бойынша хаттаманың негізінде бес жұмыс күн ішінде аттестаттаудың өткені, аттестат беру және аттестаттаудан өткен сарапшы туралы ақпаратты уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылардың тізіліміне енгізу туралы бұйрық шығарады.
Уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтініш берушілерді аттестаттаудан өтпегені туралы жазбаша хабардар етеді.
23. Аттестаттаудан өткен сарапшылар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-сайтында орналастырылады.
24. Аттестат сарапшыға уәкілетті органның бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________ (аумақтық бөлімшенің толық атауы)
____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні)
ӨТІНІШ
_____________________________жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде
(Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)
__________________________________________________________мамандығы
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)
бойынша аттестаттауды сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы:
___________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
___________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі:
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
4. Мекенжайы, телефоны:
___________________________________________________________________
5. Жұмыс орны:
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
6. Тестілеу тілі:
___________________________________________________________________
7. Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі САРАПШЫНЫҢ АТТЕСТАТЫ ҚТКШІА № ________
Осы аттестат _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер жөніндегі сарапшысы мәртебесі берілгенін және осы қызметтің _________________________________________________ түрі бойынша
(Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)
_______________________________________________ мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)
_________________________________________________ жұмыстарды жүзеге
асыру құқығы берілгенін куәландырады.
Аттестаттау комиссиясы отырысының 20__ жылғы «__» ____________ №_________ хаттамасы
Аттестаттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы «__» __________ дейін.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізіліміне № _______ енгізілген.
Уәкілетті органның
басшысы ________________
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Астана қаласы 20___ жылғы «__» ___________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |