• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 16 маусым N 1235 Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретiнде iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық қырларын болжамдау-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылсын. 
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
- жаңадан құрылған институттың жұмыс iстеуi үшiн Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының үй-жайларының және материалдық-техникалық базасының бiр бөлiгiн оның балансына беру жөнiндегi мәселелердi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын; 
- институтты 1993 жылы қаржыландыру мәселелерiн қарап, шешетiн болсын; 
- Институт туралы ереженi әзiрлеп, бекiтуге ұсынсын; 
- осы Жарлықты орындау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын iске асырсын.
Қазақстан Республикасының 
        Президентi