«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.02.2015 жылғы № 131 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын алу іс-шаралары – профилактикалық іс-шаралар;
2) аса қауіпті инфекциялар – өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;
3) бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;
4) далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған қоршаған ортаның объектілері, зооноздық инфекциялардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар мен таратушылар;
5) дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
6) дератизация – кеміргіштерді жою;
7) инфекцияны таратушылар – оба қоздырғышының берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, әсіресе буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
8) инфекцияны тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғышының қоры болып табылатын, бірінше кезекте кеміргіштер мен басқа да сүтқоректі жылықанды жануарлар;
9) карантин – карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шараларының кешені;
10) карантиндік аурулар – жоғары жұқпалылық дәрежесімен және жоғары өлім-жітімдікпен сипатталатын инфекциялық аурулар;
11) қауіп төндіретін аумақ – адамдардың тырысқақпен сырқаттануы жағдайларының туындау қаупі бар аумақ;
12) қорғаныс аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және/немесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
13) оба – инфекциялық үдеріс өте тез дамитын және ауыр өтетін, науқастардың өлім-жітім деңгейі жоғары болатын және эпидемиологиялық әлеуетімен адамды және кейбір үй жануарларын зақымдайтын аса қауіпті табиғи-ошақтық зооноз;
14) обаның табиғи ошағы – сырттан келмей, бұрыннан белгісіз ұзақ уақыт ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;
15) обаның табиғи ошақтылығы (энзоотия) – оба қоздырғышының табиғи экожүйелерде адамға қатынасынсыз өздігінен тіршілік етуі;
16) реконвалесцент – ауырып жазылған адам;
17) уытты емес тырысқақ – қой эритроцитін гемолиздеуші және холероген шығармайтын, тырысқақ вибриондарынан туындаған ауру;
18) тырысқақ – қой эритроцитімен гемолизденбейтін және холероген шығаратын, тырысқақ вибриондарынан туындаған жұғу дәрежесі жоғары, организмнің сусыздануымен, уланумен және гастроэнтеритпен, су-тұз, белок алмасуының бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін антропонозды бактериялы инфекциялық ауру;
19) эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;
20) эпидемиялық ошақ – науқас адамның (мәйіттің) болған орны.
2. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Қазақстан Республикасы аумағында обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта далалық жағдайларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды табиғи ошақтағы санитариялық эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары бойынша және обамен сырқаттануға күдіктену жағдайы кезіндегі әрекеттер туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіпті эпидемиялық жағдай туындаған кезде адамдарды қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
8. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары денсаулық сақтау ұйымдарымен және обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп, аумақтарды санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел және кешенді жоспарларын әзірлейді, олар:
1) аумақтың әлеуетті қауіпті дәрежесін ескере ала отырып, обаны тұрақты эпидемиялогиялық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар туындаған жағдайда ведомстволық және обаға қарсы күрес ұйымдарын қоса алғанда, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының тұрақты даярлығын және өзара іс-қимыл қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
3) инфекцияның табиғи ошақтарының аумағында тұратын тұрғындарды обамен сырқаттануын, оны табиғи ошақтардан әкетілуінің, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасы аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін;
4) обамен сырқаттанудың бірен-саран және жаппай жағдайлары туындаған кезде сол үшін қажетті күштер мен құралдарды есептей отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін;
5) оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық құрылымдарды өрістетуге медициналық ұйымдардың әзірлігін қолдауды;
6) обаның эпидемиялық ошағын оқшаулау және жою үшін өрістетілетін мамандандырылған құрылымдардың медициналық персоналын даярлау тәртібін;
7) обаның алдын алу мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді.
9. Медициналық ұйымдар эпидемиялық маусым басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей жыл сайын жылдың ауа райы климаттық жағдайларына байланысты аумақтық обаға қарсы ұйымдар жыл сайын айқындайтын обаға қарсы ұйымдармен келісілген халықтың қауіп төндіретін контингенттерін обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді. Обаға қарсы вакцинациялауды жүргізудің уақтылығы мен толықтығын бақылауды аумақты санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады.
10. Ведомстволық тиесілігіне және меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен адамдардың обамен және тырысқақ пен сырқаттануы немесе күдіктену туралы шұғыл хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес обамен сырқаттанудың немесе сырқаттануға күдіктенуді анықталған әрбір жағдайы туралы аумақтық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарын, обаға қарсы күрес ұйымдарын шұғыл хабардар етеді.
11. Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалдың зертханалық зерттеулерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Зертханаларға және зертханалардағы жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар саласындағы санитариялық қағидаларға сәйкес патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды.
12. Обаға қарсы күрес станциялары өздеріне бекітіліп берілген оба бойынша энзоотиялық аумақта:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоспарларға және бақылау сандарына сәйкес оның нәтижелерін бағыныстылығы бойынша, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына және жергілікті атқарушы билік органдарына ұсына отырып, эпизоотологиялық зерттеулерді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |