Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 128
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануды және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған тамақтанудың заттай нормалары және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. Тамақтануға және жұмсақ мүкәммалға арналған шығыстарды қаржыландыру:
1) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер бойынша - денсаулық сақтаудың республикалық және жергілікті бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға - мемлекеттік тапсырыс шеңберінде;
2) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі М. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 128 қаулысымен
бекітілген
Емдеу-алдын алу ұйымдарының бөлімшелері үшін бір науқастың 1
күнгі тамақтануының заттай нормалары
туберкулезге қарсы ауруханалар мен бөлімшелер үшін бір науқастың бір
күнгі заттай нормалары
балалар ауруханаларында, бөлімшелерінде 1 науқасқа (балалар),
перзентханалар мен бөлімшелердегі жүкті және босанған әйелдерге
балаларды емдеуге организмнің калорияларға, белоктар мен микроэлементтерге қажеттілігін арттыруға әкелетін гормондарды, химия терапияны және т.б. ұзақ уақыт қолданған жағдайда, тағамдардың бір түрін екінші түрімен ауыстыруға және тұтынудын бір түрін азайту есебінен екіншісінін көлемін ұлғайтуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, сондай-ақ тамақтанудың рационында туберкулезбен ауыратын балалар үшін есептелген уылдырықты норма бойынша қолдануға рұқсат етіледі.
жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары үшін 1 науқастың бір
күнгі заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 128 қаулымен
бекітілген
Емдеу-алдын алу ұйымдарының бөлімшелері бойынша 1 төсек орынды
жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау нормалары
Амбулаториялық-емханалық ұйымдарды (бөлімшелерді) жұмсақ мүкәммалмен
жабдықтаудың нормалары
* емханаларда, амбулаторияларда, амбулаториялық-емханалық бөлімшелерде балшықпен емдеу орындары болған жағдайда