Toggle Dropdown
2
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1016 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1016 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 234-бабына сәйкес әзірленді және кедендік сараптама жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптама жүргізу мақсатында кедендік тексеру жүргізу және кедендік декларациялау кезінде кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) сынама - оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;
Toggle Dropdown
2) үлгі - тауардың (өнімнің) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін, жазбаша және өзге де көріну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;
Toggle Dropdown
3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат.
Toggle Dropdown
2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібі
Toggle Dropdown
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды кеден органдарының лауазымды адамдары декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Toggle Dropdown
4. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысады және кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем көрсетеді, оның ішінде өз есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу үшін қажетті жүк операцияларын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адам, немесе олардың өкілдері тауарлар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң келмеген немесе болмаған жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдырылмайтын мән-жайлар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды кеден органдарының лауазымды адамдары екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажеттілігі кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Кеден органы лауазымды адамының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға қолдаухаты кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері оларды зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін барынша аз мөлшерде алынады.
Toggle Dropdown
8. Егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада сапаны бағалаудағы келіспеушіліктер жағдайына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін ұзақ сақтау көзделген болса, кеден органының лауазымды адамы оларды саны тауардың белгілі бір түріне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған тең бөліктерге бөледі.
Toggle Dropdown
Тауардың сынамасы мен үлгісінің бір бөлігін кеден органының лауазымды адамы кедендік сараптамаға жібереді, ал тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің басқа бөліктері мөр басылған түрде тауардың сынамасы мен үлгісін алған кеден органында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған мерзім аяқталғанға дейін сақталады.
Toggle Dropdown
9. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу актісі жасалады.
Toggle Dropdown
10. Сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу актісі үш данада жасалады:
Toggle Dropdown
бірінші данасы кеден органында қалады;
Toggle Dropdown
екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі;
Toggle Dropdown
үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға немесе олар белгіленген болса, олардың өкілдеріне тапсыруға (жіберуге) жатады.
Toggle Dropdown
11. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адам, немесе олардың өкілдері келмеген немесе болмаған жағдайда сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу актісі декларантқа, не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға, немесе олардың өкілдеріне тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Toggle Dropdown
12. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың алдында тауардың атауын және таңбалануын, жүктің қауіптілік белгілерінің бар болуын тексеру қажет.
Toggle Dropdown
13. Егер химиялық зат тауар болып табылса, сынамалар мен үлгілер құрамы мен қасиеттері туралы, тасымалдау, пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтері бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерімен бірге жүруі қажет.
Toggle Dropdown
14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қауіпсіздік техникасының сақталуымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және мөрленеді. Орамада түсіндірме жазулары болады және ол оны бүлдірмей ішіндегіге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайды.
Toggle Dropdown
16. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамы тауарлар орналасқан көлік құралдарына, контейнерлерге, орамалар мен ыдыстарға пломба салады.
Toggle Dropdown
17. Кеден органдары декларантқа не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға немесе олардың өкілдеріне тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.
Toggle Dropdown
18. Кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберілген материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және тауарларға ілеспе құжаттар) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша журналда тіркеледі.
Toggle Dropdown
Журнал нөмірленеді, тігіледі және кеден органының мөрімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
19. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер:
Toggle Dropdown
тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу үдерісінде жұмсалған немесе зерттеу және (немесе) сынақ нәтижесінде жойылған;
Toggle Dropdown
тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар құрамының кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауардың құрамына сәйкессіздігі анықталған, нәтижесінде мұндай сынамалар мен үлгілер мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауға қалдырылған;
Toggle Dropdown
тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоюға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамына қайтарылады.
Toggle Dropdown
20. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін қайтару не жою бойынша мәліметтер Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптаманы жүргізу тәртібіне сәйкес кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына ілеспе хатта көрсетіледі.