Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 982
Редакция 08.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.
2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi