1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.










Отправить по почте

Осы редакция 19.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 қарашадағы
N 1125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның
құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика және Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Дүйсембаев - Қазақстан Республикасының Көлік және Еркін Сейдеғалиұлы коммуникация вице-министрі
Әріпханов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Айдар Әбдіразақұлы және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика және Әсет Маратұлы минералдық ресурстар вице-министрі
Есқалиев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Ерхат Серікұлы сауда вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Кулинич - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич министрінің орынбасары

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |