Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1153 Қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 1153 от 2006-11-30г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 147-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
N 1153 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
5.1 Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
5.2 Мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету
5.3 Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету
5.4 Xалықаралық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту
6. Қаржыландыру көлемі мен көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының мұрағат ісі
атауы мен құжаттама жүйелерін дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін
әзірлеу негіздемесі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы
N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясы" атты
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желілік
кестесінің 147-тармағына сәйкес
әзірленді
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және
әзірлеуші ақпарат министрлігі
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен