Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазан N 2565 Жарлығы
Редакция 11.02.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 19 тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi құрылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 20 қазандағы N 2565
Жарлығы бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Әкiмшiлiк Басшысы және оның орынбасарлары
Президенттiң бiрiншi көмекшiсi
Президенттiң кеңсесi
Көмекшiлер мен кеңесшiлер тобы
Президенттiң ағымдағы архивi
Президенттiң хаттама қызметi
Сараптау-ақпарат тобы
Президенттiң баспасөз қызметi
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы
Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiм
Заңдылықты, құқық тәртiбiн және сот реформасын қамтамасыз
ету бөлiмi
Азаматтық бөлiмi
Кешiрiм жасау бөлiмi
Президенттiң Сенаттағы және Мәжiлiстегi өкiлдерi
Ұйымдастыру-бақылау бөлiмi
Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмi
Наградалар бөлiмi
Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы
Iшкi саясат бөлiмi
Экономикалық кеңес
Жалпы бөлiм
Қаржы-шаруашылық бөлiмi
Мемлекеттiк хатшының хатшылығы
Әкiмшiлiк Басшының хатшылығы