• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г

Отправить по почте

Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 765 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 185 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 765 қаулысымен
 бекітілген
Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсіруге, жүктерді тиеуге, түсіруге және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Қағида Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар);
2) арқандап байлау – кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемелерге жақындап келуі және бекітілуі бойынша іс-қимылдар.
2. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілердің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібі
5. Құрылыстар тасымалдардың транзиттік, аралық және соңғы пункттерінде орнатылады.
6. Құрылыстар жағалауға кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне, сондай-ақ жолаушыларға, жүктер, багажды мен багажды түсіріп, тиеуді кезінде қамтамасыз ететіндей түрде қауіпсіз қызмет көрсетуді арқандап байланады.   
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1500 Қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1500 Қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1500 Қаулысымен (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
10. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылыстар:
1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен; 
2) тіркеп сүйреу кнехталарымен, кеменің алдыңғы және артқы жағы үшін арқандап байлау құралдарымен және жағалау жақтан тірек құралдарымен;
3) ені кемеден құрылысқа кемінде 1 метр және құрылыстан жағалауға кемінде 2 метр орташа шыбығы бар, биіктігі 110 сантиметр тұтқалармен қоршалған берік және қауіпсіз басқыштар;
4) мүгедектер арбашасындағы мүгедектерді отырғызуға және түсіруге арналған құралдар;
5) құрылыс корпусында теплоходтың отырғызу алаңы деңгейінде орнатылған отырғызу алаңы, теплоходтың негізгі палубасы деңгейінде отырғызу эстакадасымен. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспайды;
6) жерге тұйықтағыш құрылғымен жабдықталады.
11. Жолаушы үй-жайлары бар дебаркадерлері болмаған елді мекендерде павильондар, ал қала маңындағы желілер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар салынады. Бұл ретте осындай павильондардың иелері жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қажетті құрылғылармен жабдықтайды. 
12. Құрылыстарға кіреберіс жолдар жиектемесі, қарсы келетін автокөліктің жүріп өтуі үшін жүру бөлігінің жеткілікті ені бар қатты жабынмен, автокөлік тұруға арналған орынмен, периметрі бойынша жарықтандырумен, қоқысты жинау орнымен, ал жолаушылар порттарында (жолаушы айналымы күніне 300-ден астам адам) қосымша – су құбырымен және кәрізбен жабдықталады.
13. Айлақтық жақтау понтондары жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кемелерді қауіпсіз арқандап байлау үшін терең жерлерінде орнатылады. 
14. Жүк-жолаушы құрылыстары қайта тиеу жұмыстары үшін құрылғылармен, жүк пен багажды уақытша сақтау үшін қойма алаңдарымен, жүктер үшін жабық үй-жайлармен жабдықталады.
15. Тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінде жағалау мен кеме арасында жүзбелі понтондар қолданылады. Бұл жағдайда тиеу механизмі жағалауда немесе тікелей кемеде орналастырылады.   
16. Мұнай құю жүктерін тиеу-түсіру жұмыстары үшін сорғылар орнатылған құрылыстар тұрғын үй мен өндірістік ғимараттардан, тиеудің жалпы орындарынан және кемелердің тұрағынан кемінде 250 метр қашықтықта елді мекендерден төмен орналасады.