Toggle Dropdown
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
Отправить по почте
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2012 № 422 Қаулысымен. (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
"Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 676 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысымен құрылған
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.07.2011 № 764 Қаулысымен. (11.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі, төраға
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Оразмағамбетов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Асқар Ұзақбайұлы министрлігінің Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау комитеті Мұнай-газ өнеркәсібіне мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, хатшы
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және Берік Зиябекұлы газ вице-министрі
Ахметов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серік Баужанұлы министрлігі Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы қорғау вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Оспанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Кеңес Сәрсенғалиұлы министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Әбдірайымов - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Қалижан Серікұлы
Паритов - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Бекет Закарұлы
Ұранхаев - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Нұрлан Телманұлы
Әбдіров - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Асқар Аманғалиұлы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген
Мұнайдың төгілуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. "Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою жөнiндегi ұлттық жоспарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 676 қаулысын (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) iске асыру мақсатында құрылған Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның мiндеттерi:
1) Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасының шегiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларын қолдану жөнiндегi орналастыру және дайындау жүйелерiн қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының және басқа да ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестiру және басшылыққа алу;
3) мұнайдың теңiзге және iшкi су айдындарына келiп түсуiне және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыруы мүмкiн төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда ден қоюдың дайындық шараларын жүзеге асыру;
4) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгілуiне ден қою жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру болып табылады.
4. Көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды:
1) мұнайдың төгілуiне қарсы күрес жүргiзу үшiн қолда бар жабдықтарды анықтауды;
2) бағдарламаларды үйлестiрушiлердiң ұсынысы бойынша тиiстi компаниялардың қатысуымен мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiнде мерзiмдi жаттығулар жүргiзудi келiсудi;
3) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiрудi және басшылыққа алуды;
4) адамдардың денсаулығы мен өмiрiн, теңiздер мен iшкi су айдындарының өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мұнайдың төгiлулерiнен сақтауға бағытталған шаралардың стратегиясын орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
5) ден қою шараларының мониторингiн;
6) мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларына мемлекеттiк басшылық ету туралы және үшiншi деңгей төгiлген жағдайда ұлттық жоспарды iске қосуды енгiзу туралы хабарландыруды;
7) төгiлулердi және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар ұйымдастыруды;
8) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлулердiң себептерiн тексеру бойынша ұсыныстар жасауды;
9) мұнайдың төгiлулерiнiң зардаптарынан болған экономикалық зиянды талдауды;
10) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлудiң алдын алу мен оған ден қою жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiне баға берудi;
11) оқиға болған жердегi ден қою шараларын үйлестiрушiлерге және жұмыстардың басшысына консультация берудi және жұмыстарды жүзеге асыру барысында техникалық консультациялар берудi;
12) төгiлу мәртебесiне және мұнайдың төгiлуiн оқшауландыру және жою барысына қатысты баспасөз - релиздер мен өтiнiштер дайындауды;
13) мұнайдың төгiлулерiн жою жөнiнде жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде алынған материалдарды жинақтауды және тиiстi компаниялар мен мүдделi мемлекеттiк органдарды таныстыра отырып ұсыныстар дайындауды;
14) мемлекетаралық мәселелер мен дауларды шешу кезiнде, оның iшiнде трансшекаралық төгiлулер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен консультацияларды;
15) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзудi;
16) Комиссияда қараған және ұсынған аса маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне ақпарат берудi;
17) және Ұлттық жоспармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Комиссияның негiзгi құқықтары
5. Комиссия жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) өз мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) Комиссияның мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға;
4) мемлекеттiк органдардан және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) мұнайдың төгiлуiне қарсы күресу үшiн жабдықтарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасауға;
6) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар ұсынуға;
7) жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
8) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпараттық, талдамалық, техникалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды сұратуға және алуға;
9) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
10) Комиссияның жұмысына қатысу үшін заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тиiстi сарапшылары мен консультанттарын тартуға құқығы бар.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның тұрақты қызметi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң басшылығымен жүзеге асырылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 616 қаулысымен. (22.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 616 қаулысымен. (22.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның жыл сайын қайта қаралатын және жаңартылатын дербес құрамын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 616 қаулысымен. (22.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.
10. Комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие болады.Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
11. Комиссияның шешiмi Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
12. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр айтуға құқылы, айтқан жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
13. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар дайындайды, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
2) Комиссия мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
14. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.