• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 20.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 164
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңын және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк 
органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың 
мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн 
дайындау мен пайдаланудың ережесi бекiтiлсiн.
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                                  Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметінің
                                                 2001 жылғы 31 қаңтардағы
                                                    N 164 қаулысымен
                                                       БЕКIТIЛГЕН
                Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының,
         қорғанысының, қауiпсiздігінің және құқық тәртiбiн қорғаудың
           мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар
                       желiлерiн дайындау мен пайдаланудың
                                     ЕРЕЖЕСI
                               1. Жалпы қағидалар
     1. Осы Ереже:
1) бейбiт уақытта, төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында айрықша маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізу кезiнде мемлекеттiк органдардың, қорғаныстың, қауiпсiздiктің және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн (бұдан әрi - ЖПТЖ) дайындау және пайдалану тәртiбiн; 
2) байланыс қызметтерiн көрсетуде басымдықтар белгiлеудi; 
3) бейбiт уақытта табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде, соғыс уақытында байланыс желiлерiн басқаруды; 
4) ұлттық оператордың, басқа да байланыс операторларының (бұдан әрi - байланыс операторлары) және пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 
2. Ережеде мынадай негiзгi терминдер қолданылады: 
телекоммуникациялардың өзара үйлестiрiлген желiсi - Қазақстан Республикасының аумағында орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етiлген телекоммуникациялардың технологиялық ұштастырылған желiлерiнiң кешенi; 
жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісi - барлық заңды және жеке тұлғалардың пайдалануы үшiн ашық, телекоммуникациялардың өзара үйлестiрiлген желiсiнiң құрамдас бөлiгi; 
байланыстың ведомстволық желiлерi - арнайы және өндiрiстiк мұқтаждарды қамтамасыз ету үшiн құрылатын, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне шыға алатын мемлекеттiк органдардың телекоммуникациялар желiлерi; 
қосылу - осы желiлердi қосу және абоненттер (пайдаланушылар) арасында ақпарат жiберу мүмкiн болатын желiлердiң арасындағы өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастыру; 
байланыс операторы - байланыс қызметтерiн көрсетуге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға; 
байланысты пайдаланушы - байланыс қызметiн тұтынушы, соның iшінде байланыс операторларымен жасасатын шарттар негiзінде тұтынушы болып табылатын заңды және жеке тұлға; 
терминал - соңғы абоненттік құрылғы; 
үкiметтiк байланыс - мемлекеттік басқару мұқтаждары үшiн арнайы қорғалған байланыс; 
айрықша маңызды жұмыстар мен iс-шаралар - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттер мен үкiметтер басшыларының жүруiне, сондай-ақ техника мен қару-жарақтың жаңа үлгiлерiн сынауға, ғарыш және ұшу аппараттарын жiберуге байланысты жүргiзiлетiн жұмыстар мен iс-шаралар. 
3. Қызмет көрсетудің жеке тәртiбi белгiленетiн ЖПТЖ-ның негізгi пайдаланушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - ҚР ҰҚК), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі (бұдан әрi - ҚР IIМ), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (бұдан әрi - ҚР ПКҚ), салық полициясы органдары мен кеден органдары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі (бұдан әрi - ҚР ТЖА), Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тiзбе бойынша басқа да мемлекеттiк органдар: Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) болып табылады. 
4. Байланыс операторлары осы пайдаланушыларға мынадай негізгi байланыс қызметтерiн көрсетедi: 
1) бөлiнген үндестiк жиiлiктегi телефон арналарын (бұдан әрi - ҮЖ арналары), телеграф арналарын және тiкелей байланыс желiлерiн жалға беру; 
2) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне мемлекеттiк, қорғаныс, қауiпсiздiк, құқық тәртiбiн қорғау органдарының байланыс тораптарын немесе желiлерiн қосу; 
3) жергiлiктi телефон байланысы, жылжымалы радиотелефон байланысы мен радиобайланыс;