Toggle Dropdown
Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 148 Қаулысы
Редакция 05.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі;
2) Темір жол көлігіндегі өрт салдарларын жою ережесі;
3) Әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесі;
4) Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 ақпандағы
N 148 қаулысымен
бекітілген
Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі
1. Осы Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы көлік туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді.
3. Өртке алдын алу жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі салалық өртке қарсы қызмет (бұдан әрі - ТЖ СӨҚҚ) бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мыналар болып табылады:
ТЖ СӨҚҚ бастығы - ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы;
ТЖ СӨҚҚ бастығының орынбасары - ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы;
ТЖ СӨҚҚ аға инспекторлары, инспекторлары, бас мамандары және мамандары - ТЖ СӨҚҚ инспекторлары;
ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы (жол бөлімшесі шегінде) - жол бөлімшесіндегі ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы;
ТЖ СӨҚҚ бөлімшесі бастығының орынбасары (жол бөлімшесі шегінде) - жол бөлімшесіндегі ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы.
ТЖ СӨҚҚ бөлімшелеріндегі өрттің алдын алу жөніндегі аға нұсқаушылар, нұсқаушылар, өрт сөндіру поездарының бастықтары және олардың орынбасарлары немесе өрт сөндіру поезы қарауылының (бөлімшесінің) бастығы (қызмет көрсету шекаралары шегінде) жол бөлімшелеріндегі ТЖ СӨҚҚ инспекторлары.
4. ТЖ СӨҚҚ лауазымды тұлғалары өз қызметінде "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
5. Қазақстан Республикасының темір жол көлігі ұйымдарының тұрақты объектілері мен жылжымалы құрамында (бұдан әрі - объект) ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге жалпы басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ жүзеге асырады.
6. ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде (жол бөлімшелері шегінде) өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы жүзеге асырады.
7. ТЖ СӨҚҚ-нің функцияларын жүзеге асырған кезде ТЖ СӨҚҚ-нің жоғары тұрған инспекторларының нұсқаулары мен өкімдерін ТЖ СӨҚҚ төмен тұрған инспекторларының орындауы міндетті. Өзге лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
8. ТЖ СӨҚҚ-нің жоғары тұрған инспекторлары, қажет болған жағдайларда, ТЖ СӨҚҚ-нің төмен тұрған инспекторларының шешімдерін жоя алады.
9. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген міндеттерді өрт сөндіру техникалық комиссияларымен (бұдан әрі - ӨТК), объектілердің ерікті өрт сөндіру жасақтарымен (бұдан әрі - ЕӨЖ), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарымен (бұдан әрі - ӨҚО) тығыз өзара іс-қимылда шешеді.
10. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешуге байланысты құжаттарды растау үшін ТЖ СӨҚҚ бөлімшелеріндегі қолда бар мөрлер пайдаланылады.
11. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары осы Ережеде белгіленген өздеріне берілген өкілеттіктерді орындамағаны үшін жауапты болады.
12. Осы Ережемен байланысты емес, маңызы жоқ жұмыстар мен функцияларды орындауға ТЖ СӨҚҚ-нің қызметкерлерін тартуға рұқсат етілмейді.
2. ТЖ СӨҚҚ-да қызметті ұйымдастыру және өрттің алдын алу жұмыстарын жоспарлау
13. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғаларының қызметін ұйымдастыру ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің тиісті деңгейлерінде жүзеге асырылады.
14. Өрттің алдын алу жұмысына тікелей басшылықты, оны жоспарлауды, өрттерді және объектілердің өртке қарсы жай-күйін талдауды ТЖ СӨҚҚ-нің бастығы, жол бөлімшелері шегінде ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы жүзеге асырады.
15. Өртке қарсы жай-күйді бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖ СӨҚҚ-нің басқарушы құрамына ТЖ СӨҚҚ бастығы бекіткен тізбе бойынша өртке қатысты аса қауіпті объектілер бекітіледі.
16. Өрттің алдын алу жұмыстарын жүзеге асыратын ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары қызмет көрсетілетін объектілердің өзіндік ерекшелігін зерделейді, өрттердің шығу себептерін және объектілердің өрт қауіпсіздігі жай-күйін талдайды, олардың өрт қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, өртті болдырмауға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізу мақсатында объект басшыларымен, ӨТК, ӨҚО аумақтық органдарымен байланысты қолдайды.
17. Өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау ТЖ СӨҚҚ-та және ТЖ СӨҚҚ-нің бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
18. ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жұмыс жоспары жедел қызмет мәселелерінің перспективалы және ағымдағы мәселелерінің шешілуін және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып, өрт жағдайын, объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдау негізінде әзірленеді.
19. ТЖ СӨҚҚ-та мынадай жұмыс жоспарлары әзірленеді:
1) ТЖ СӨҚҚ-та - өрт-алдын алу іс-шараларының жылдық жоспары;
2) ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде - өрт-алдын алу іс-шараларының жылдық және айлық жоспары.
20. Жұмыстың айлық жоспары, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жеке жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылатын алдын алу жұмысын есепке алу күнделігінде тіркеледі. Бұл жұмыс жоспарында ұйымдастыру - алдын алу іс-шаралары, тексеру жоспарланған барлық объектілер атап көрсетіледі, сондай-ақ жоспардан тыс жұмыстар мен тапсырмаларды орындау үшін қажетті уақыт резерві көзделеді.
21. ТЖ СӨҚҚ пен ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің бастығы жоспарларға белгі соға отырып, олардың орындалуын жүйелі түрде бақылайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмай қалған жағдайда, тоқсанның (жарты жылдықтың) соңында олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген, жүргізілген жұмыс көрініс табады.
22. Объектілерді өрт сөндіру-техникалық тексеру (бұдан әрі - ӨТТ) жергілікті жағдайларды, объектілердің маңыздылығын, өрт жарылыс қаупін ескере отырып, жыл бойы біркелкі жоспарланады.
23. ТЖ СӨҚҚ-нің жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшы, жол бөлімшелеріндегі ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ-нің бастығы, өрт сөндіру поездары бастықтарының, ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жеке жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ жол бөлімшелерінің бөлімше бастығы бекітеді.
Өрт сөндіру - алдын алу Іс-шараларының жылдық жоспарында объектілерді өрт сөндіру-техникалық тексерулер, басқа да мемлекеттік қадағалау органдарымен бірлесіп, объектілерді маусымдық (көктемгі және күзгі тексерістер) тексерулер жүргізу, өрттерді алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, өрт сөндіру-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру көзделеді.
24. ТЖ СӨҚҚ-нің қызметкерлері объектілерді ӨТТ үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы бекіткен ӨТТ жүргізуге арналған қызметтік куәлігі мен тапсырманы ұсынады.
25. ӨТТ-нің түрлері: егжей-тегжейлі, бақылаулық, кешенді, мақсатты (жедел) болып бөлінеді:
1) егжей-тегжейлі ӨТТ кезінде объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;