Toggle Dropdown
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысымен бекітілген
Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағиданың қолданысы паромдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тасымалдаушы) қолданылады.
Алдағы навигацияға тасымалдаудың жоспарланған көлемі мен маршруттары туралы мәліметтерді тасымалдаушылар ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) ұсынады. Нақты жүргізілген көлемдер мен маршруттар туралы ақпаратты тасымалдаушылар аумақтық бөлімшеге есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау жолаушылар мен багажды тасымалдау шарттары негізінде жүргізіледі.
2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау
4. Жолаушыларды тасымалдау тасымалдаушы ұсынатын шарттарға, ұзақтыққа, қашықтыққа және сапаға байланысты мынадай түрлерге:
1) көліктік;
2) туристік;
3) экскурсиялық;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түрлер болып бөлінеді.
5. Жолаушылар мен багажды тасымалдау шарттары жол жүру билеті және багаж түбіртегі түрінде ресімделеді.
Экскурсиялық және туристік маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдау шарты жолаушылар топтарын тасымалдауға арналған жолдама немесе билет түрінде ресімделеді.
6. Сүйемелдеусіз келе жатқан және билеті жоқ болып шыққан балалар таяу порттағы (кемежайдағы) ішкі істер органдарының кезекші қызметкеріне беріледі.
7. Жолаушы тегін алып жүретін белгіленген норма шегіндегі қол жүгін қоспағанда, жолаушының жол жүруіне және оның багажын алып жүруге төлемді тараптар келісімімен немесе жалпыға ортақ пайдаланымдағы көлікпен жолаушының жол жүруі және оның багажын тасымалдау кезінде тасымалдаушы анықтайды.
8. Билеттерді сату өзен вокзалдарының билет кассалары арқылы жүргізіледі, ал маршруттың аралық аялдау пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда кемеде отыру үшін бос орынның болуы шартымен, сондай- ақ 50 километрден аспайтын қашықтыққа жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушы кемесінің толу нормасына дейін тасымалдаушы жүзеге асырады.
9. Өзен вокзалдарының билет кассаларында ағымдағы сатумен қатар билеттерді алдын ала сату жүзеге асырылады.
10. Алдын ала сату кассаларында билеттерді сату 7 тәулік бұрын басталады және кеме жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын аяқталады.
11. Ағымдағы сату кассаларында билеттерді сату кеме жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын басталады және кеме жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.
12. Билет жоғалған және жолаушы өзен вокзалы кассасына немесе тасымалдаушыға кеме жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын өтініш жасаған және жолаушының билетті сатып алу фактісін тасымалдаушы немесе өзен вокзалы растаған жағдайда билет төлем алынбай қалпына келтірілуге жатады.
13. Кеме жөнелтілгенге дейін жолаушы өзен вокзалының кассасына сатып алынған билетті қайтарған кезде оған билеттің төленген құны қайтарылады.
14. Жолаушы кемеге кешігіп қалған жағдайда билеттерді қайтару кезінде оған билет құнының 50 пайызына тең сома өтеледі.
15. Егер тасымалдаушы мұндай кідіру немесе кешігу еңсерілмейтін күнінің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушылар кемесін жөнелтудің кідіргені немесе межелі портқа оның кешігіп келгені үшін (қалалық және қала маңындағы қатынаста, сондай-ақ өткелдердегі тасымалдарды қоспағанда) тасымалдаушы жолаушыға әрбір кідіру сағаты немесе кешігу үшін тасымал төлемінің үш пайызы мөлшерінде, бірақ тасымал төлемінен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.
16. Жөнелту пунктінде кемені жөнелтудің кідіруіне байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда, оған төленген жол жүру құны толық мөлшерде қайтарылады, сондай-ақ осындай кідіруге байланысты келген шығындар өтеледі.
17. Жолаушы жол жүруді емдеу мекемесінің құжатымен расталған сырқаттану салдарынан тоқтатқан кезде тасымалдаушы жолаушы билетінің қолданылу мерзімін сырқаттану уақытына ұзартады немесе билетті тапсырған кезде кемемен жүріп өтпеген жол бөлігі үшін жол жүру ақысын қайтарады.
18. Техникалық себептермен маршрут бойынша кеменің қозғалысы мүмкін болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер ақаулы кемені ауыстыру үшін тасымалдаушы ұсынған кемеде немесе осы маршруттағы басқа кемеде жол жүруге жарамды.
19. Жолаушы тасымалдаушы бұзылған кеменің орнына ұсынған кемеде немесе осы маршруттың басқа кемесінде жол жүруден бас тартқан жағдайда, оған төленген жол жүру құны толық мөлшерде қайтарылады.
20. Жолаушы кемеге отырған кезде тиісті түрде ресімделген билет пен жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
21. Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі ұсынылып отырған билетте көрсетілген тегіне сәйкес келмеген кезде және билетте тегі болмаған немесе түзетілген кезде жолаушының кемеге отыруына жол берілмейді.
22. Жолаушы багажды тасымалдауға алдын ала тапсырады.
23. Тасымалдауға өздерінің мөлшерлері, орамы және ерекшеліктері бойынша кемеге қиындықсыз тиелетін және орналастырылатын бұйымдар мен заттар қабылданады.
24. Багаждың әрбір орны оны тиеу, қайта тиеу және түсіру кезінде алып жүруге мүмкіндік беретіндей етіп жабдықталады немесе құрылғылар болады. Ыдыс (орам) тасымалдаудың барлық уақытында заттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
25. Ерекше сақтықты қажет ететін бейне- және аудиоаппаратура, басқа ұйымдастыру техникасы жүру жолында қайта тиеусіз тасымалдау кезінде сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал қайта тиеп тасымалдауға тек қатты орамда (жәшік пен торда) қабылданады.
26. Бейне- және аудиоаппаратураны, басқа ұйымдастыру техникасын ресімдеу кезінде олардың орамының жоғары жағына немесе бүйір қабырғаларының біріне тиісті жазу жазылады, мысалы: «Абай болыңыз, телевизор».
27. Багаж: ақаулы орамда тасымалдауға қабылданбайды.
28. Кемшілігі бар, бірақ багаждың жоғалуына немесе бұзылуына алаңдаушылық тудырмайтын ыдыс (орам) тасымалдау құжаттарында осы кемшіліктер туралы белгісімен тасымалдауға қабылданады.
29. Багаж портқа немесе межелі пунктке келісімен багаж түбіртегін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша алушыға беріледі.
30. Порттың немесе межелі пункттің әкімшілігі багаж келмеген, оны беру туралы жолаушы (алушы) талап еткен жағдайда, багаж түбіртегінің екінші жағына жеткізу мерзімі өткен соң «Багаж келмеді» деген белгі қояды, жылын, айын, күнін белгілеп мөртабан басады және жолаушыдан (алушыдан) өтініш алады, онда оған багаждың келуі туралы хабарлама жіберу үшін оның мекенжайы көрсетіледі. Егер межелі портқа жеткізу мерзімі аяқталған соң отыз тәулік өткеннен кейін багаж келмеген болса, жоғалған деп есептеледі және багаждың құны осы Қағиданың 32 және 33-тармақтарында көзделген мөлшерде өтелуге тиіс.
32. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымдағаны (бүлінгені) үшін тасымалдаушы мынадай мөлшерлерде және жағдайларда:
1) багажды жоғалғанда немесе кем шыққанда - жоғалған не кем шыққан багаж құнының мөлшерінде;