• Мое избранное
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 cәуірдегі N 423 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015 жылғы № 705 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 30 сәуірдегі
 N 423 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері
1 км, мың теңге
 
Р/с
Облыстардың атаулары Ағымдағы жөндеу Күтіп ұстау
1 2 3 4
1 Ақмола 440,5 324,9
2 Ақтөбе 402,3 308,6
3 Алматы 343,8 281,6
4 Атырау 343,9 165,9
5 Шығыс Қазақстан 370,2 335,4
6 Жамбыл 375,8 275,0
7 Батыс Қазақстан 391,4 290,6
8 Қарағанды 432,2 296,3
9 Қызылорда 360,5 187,0
10 Қостанай 386,6 283,9
11 Маңғыстау 356,9 155,0
12 Павлодар 375,7 295,1
13 Солтүстік Қазақстан 366,5 302,5
14 Оңтүстік Қазақстан 360,0 190,7
Ескертпе:
1. Күтіп ұстауға арналған нормативтер қысқы күтіп ұстау шығындарын қамтиды.
2. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген.
3. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге ауыстыру бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.
4. ҚҚС Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.
5. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км арналып келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:
 
Жұмыс түрі Автомобиль жолдарының санаттары
Iа/Іб
8 жолақ
Iа/Іб
6 жолақ
Iа/Іб
4 жолақ
II III IV V
Саралау коэффициенттері
Ағымдағы жөндеу 5,06/3,37 3,90/2,60 2,73/1,82 1,13 1 0,74 0,47
Күтіп ұстау 4,59/3,06 3,63/2,42 2,67/1,78 1,24 1 0,89 0,73