• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығы

Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 11.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында энергетика саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                 Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2012 жылғы 14 наурыздағы
 № 285 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ереже
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында энергетика саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңестің белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;
3) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) осы Ереженің 4-тармағында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
5) Кеңестің құзыреті шеңберінде оның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3-тарау. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7. Кеңесті Кеңес төрағасы басқарады.
Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
3) Кеңес отырыстары өткізілетін орынды және уақытты айқындайды;
4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
8. Кеңес мүшелері:
1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға құқылы.
8-1. Кеңес хатшысы:
3-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес
1) Кеңес отырыстары күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
2) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ Кеңес отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2025 жылғы № 1090 Жарлығына сәйкес (28.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес төрағасының шешімі бойынша мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы шығаруға және қарауға жол беріледі. Сырттай дауыс беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын жобалар бойынша дауыс беру мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін шешімнің жобасы бойынша материалдар таратылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Сырттай дауыс беруге жіберілген шешімнің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда Кеңес мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңестің жұмыс органына жазбаша түрде хабар береді.
Белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Кеңес мүшесі "әдепкі қалпы бойынша" шешімнің жобасын қабылдауды қолдап дауыс берді деп саналады.
Кеңестің отырысы, егер оның мүшелерінің кемінде жартысы отырысқа қатысса, заңды болып саналады.
Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болып табылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 06.08.2014 жылғы № 888 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
11. Кеңестің жұмыс органы:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
3) Кеңес отырысының хаттамасын келісуді жүзеге асырады;
4) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
5) Кеңес ұсынымдарының іске асырылуын және қолданылуын мониторингтеу мен талдауды жүзеге асырады.
12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған Кеңестің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
13. Кеңестің шешімдері ашық немесе сырттай дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған немесе сырттай дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2025 жылғы № 1090 Жарлығына сәйкес (28.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңестің мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі.
14. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе энергетика саласы субъектілерінің назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен жеткізілуі мүмкін. Жариялануға не энергетика саласының субъектілеріне беруге арналған ақпараттың тізбесі мен көлемін Кеңес айқындайды.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4-тарау. Кеңестің қызметін тоқтату
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
15. Кеңестің қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.03.2013 жылғы № 533 Жарлығымен (14.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 06.08.2014 жылғы № 888 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (06.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.04.2020 жылғы № 314 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.02.2022 жылғы № 810 Жарлығымен (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.09.2022 жылғы № 1028 Жарлығымен (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 06.06.2023 жылғы № 241 Жарлығымен (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.04.2025 жылғы № 861 Жарлығымен (29.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(ҚР заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және уранды барлау жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің энергетикалық секторды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, хатшы
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «КЕGОС» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)