1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 192-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4358
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың кіріспесіне өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (07.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 192-НҚ бұйрығымен бекітілген
Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (07.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Ереже реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу тәртібін айқындайды.
3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемiн есептеуге арналған техникалық құрылғы;
2) төлем құжаты - табиғи монополия субъектiсiнiң құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, түбiртек, шоты) оның негiзiнде реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлем жүргiзiледі;
3) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенушi жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ, 19.11.2012 № 289-НҚ бұйрықтарымен (07.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу тәртібі
4. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын тұтынушыларға орнату кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ бұйрығымен (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақының (бұдан әрі - Ақы) мөлшерін Субъект есептейді және уәкілетті органмен келісіледі. Ақыны бекіту туралы Субъектінің шешімі Ақыны өндіріп алу мерзімін көрсете отырып, Субъектінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бұйрығының түрінде қолданылады.
6. Үй-жайлардың алаңына не тұрғын үйдегi пәтерлердiң санына қарай Ақы және Ақыны өндiрiп алу мерзiмi сараланады.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Субъект ақыны бекiту туралы бұйрықты уәкiлеттi органға қарауға және келiсу үшін Кестенi, сондай-ақ Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындарын негiздейтiн есептердi және құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойған күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынады. Негiздеушi материалдардың әрбiр парағына Субъектiнiң бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Уәкілетті орган Субъекті ұсынған Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебінің негіздеуші материалдарына олар уәкілетті органға түскен күннен бастап 30 жұмыс күн ішінде қарайды.
8-1. Уәкілетті орган Субъектінің Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебіне негіздеуші материалдары қарау нәтижелері бойынша Субъектіге келісілгені туралы хат жібереді.
8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Субъект ұсынған Кестенi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына жолдайды.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10. Ақпарат құралымдығы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оны ұсынудан бас тартуға негiзi болып табылмайды, бұл ретте Субъект және өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органға ақпаратты ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын iшкi актiнiң қосымшасын қоса бере отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.11.2012 № 289-НҚ бұйрығымен (05.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
12. Субъект жеке қосалқы шотта реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға байланысты шығындар мен табыстардың есебін жүргізеді.
13. Субъект реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарына ақы төлеу үшін тұтынушыға ұсынған төлем құжатында осы Ережеде белгіленген тәртіппен келісілген Ақы көрініс табатын жеке жолды көздейді.
14. Субъект тұтынушыға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес сатып алады және орнатады.
15. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдары Субъектіге тұтынушы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алынған және орнатылған барлық құнына ақы төлегеннен кейін тұтынушының меншігіне өтеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |