Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 666 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 528 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.05.2011 № 504 Қаулысымен (16.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 666 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 274-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесінде:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) әуеайлақ маңындағы аумақ - әуеайлақтың бақылау нүктесінен 50 километр радиустегі жер бетіндегі учаске";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Ұшу қауіпсіздігіне қызметтің әсерін және қызмет нәтижесінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қатерін болдырмауға арналған қажетті іс-шараларды айқындау мақсатында әуежайды (әуеайлақты) пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен әуежай, аэронавигациялық ұйым өкілдерінің және сәулет-құрылыс бақылауы өкілдерінің қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Бірлесіп пайдалану және/немесе бірлесіп орналасу әуеайлақтарында Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері енгізіледі.
Ұшу қауіпсіздігіне қызметтің әсерін және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары ауданынан тысқары жердегі және әуеайлақтарындағы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қатерін болдырмау үшін қажетті іс-шараларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қарайды.
3-2. Рұқсат алу мыналарды орналастыру үшін қажет:
1) әуеайлақтарға әуедегі кіреберістер жолақтарының шекараларындағы, сондай-ақ осы жолақтардың шекарасынан тысқары әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі - ӘБН) 7 километр радиустегі барлық объектілерді;
2) биіктігі әуеайлақ деңгейіне қатысты 50 м және одан астам ӘБН-нен 30 км радиустегі объектілерді;
3) биіктігі әуеайлақ деңгейіне қатысты 100 м және одан астам ӘБН-нен 50 км радиустегі объектілерді;
орналасу орнына қарамастан:
4) авиациялық радиотехникалық құралдардың қалыпты жұмысы үшін бөгет болуы мүмкін байланыс, электр тарату желілері, сондай-ақ радио- және электромагниттік сәулеленудің басқа да объектілерін;
5) жарылыс қаупі бар объектілерді;
6) шығарынды газдарды авариялық жағуға арналған алау құрылғыларын.
Алау құрылғыларының биіктігін айқындау кезінде жалын шығарындысының барынша ықтимал биіктігі есепке алынады;
7) қызметі әуеайлақ ауданындағы көрінімді нашарлатуға әкелетін өнеркәсіптік және өзге де кәсіпорындар мен құрылыстарды.
3-3. Осы Ереженің 3-2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген объектілерді орналастыру оларды орналастыратын жерге қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісілуі тиіс.
3-4. ӘБН-нен 15 км жақын аралықта құстардың келуімен және жаппай жиналуымен ерекшеленетін тамақ қалдықтарының шығарындысын орналастыруға, аң шаруашылығы фермаларын, мал сою және басқа да объектілерді салуға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Рұқсатты уәкілетті орган осы Ереженің 3-1-тармағына сәйкес құрылатын Комиссияның қорытындысы негізінде береді.
6-2. Қорытынды алу үшін жеке және заңды тұлғалар Комиссияға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінім жібереді:
1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегіндегі жерлерде орналасқан объектілерді, электр беру желілерін, кедергілерді салу үшін:
құрылыс объектілерінің тізбесі;
объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс кезінде пайдаланылатын құрылыстардың, діңгектердің, құрылыс крандарының биіктігі туралы деректер;
объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс учаскелеріндегі жер бетінің абсолюттік белгілерінің деректері, қалаға немесе елді мекенге орнықтырылған құрылыс объектілерін салу учаскесі белгіленген жергілікті жер бедерінің картасы;
электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер;
электр беру желілері (оның ішінде бұрыштық, суаттар, өзендер, темір жолдар мен автомобиль жолдары арқылы өтетін) биіктігінің деректері;
дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, электр беру желілері трассасының жоспары;
әуежай ауданындағы объектілер мен кедергілердің ұзақтығы туралы деректер;
дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, объектілер мен кедергілер ұзақтығының жоспары;
2) олардың салдарынан әуе кеңістігінде электромагниттік, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргізілетін жұмыстар жүргізу үшін:
учаскенің бастапқы және соңғы пункттері туралы деректер және бүкіл трассаның атаулары (аумағы бойынша трасса өтетін облысты, ауданды көрсете отырып);
радио сәуле шығаратын қондырғылардың мақсаты туралы деректер, жұмыс жиілігі, қуаттылығы, сәуле шығару бағыттылығы, антенналық қондырғылардың биіктігі;
3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілерді орналастыру үшін объектінің орналасу орны туралы деректер, ӘБН-ге дейінгі аралық ұсынылады;
4) әуе кеңістігінде материалдық объектілердің қозғалысына тікелей байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететін басқа да қызметті жүзеге асыру тәртібі және шарттары туралы мәліметтер.";
7-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы "құрылыс кезінде" деген сөздердің алдынан "объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "деректер" деген сөзден кейін ", ӘБН-ге дейінгі аралық" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацындағы "болуы тиіс" деген сөздер "ұсынылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "30" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Егер рұқсат алған жеке немесе заңды тұлға үш жыл ішінде тиісті обьектілерді салуға кіріспесе, рұқсат күшін жояды.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов