Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының екіншi деңгейдегі банкiлерiнде касса операцияларын жүргізу ережесiн бекiту туралы ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық банк басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 394 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 838.
Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде касса операцияларын жүргізу ережесі бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тіркеуден өткiзілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екіншi деңгейдегі банктерiнде касса операцияларын жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізген күннен баптап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерiнің касса операцияларын жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жiберсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.3.Нәлiбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк басқармасының
1999 жылғы 15 қараша N 394
қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI
БАНКТЕРIНДЕ КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖYРГIЗУ ЕРЕЖЕСI
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-ТАРАУ. ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТЕРДIҢ
КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1. Екiншi деңгейдегi банктерде касса операцияларын жүргiзудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) касса операциясын жасау, инкассациялау және құндылықтарды тасымалдау тәртiбiн, сондай-ақ қолма-қол ақшаның, басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайларды және екiншi деңгейдегi банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеп тұрған филиалдарында, құрылымдық бөлiмшелерiнде (бұдан әрi - банктер) касса тәртiбiн сақтауды бақылауға қажеттi жағдайларды белгiлейдi. Осы Ереженiң нормалары қолма-қол шетел валютасымен айырбас операциясын жүргiзуге лицензиясы бар, өкiлеттiк алған ұйымдарға қолданылмайды.
Банктердiң ақша айырбастайтын орындарының үй-жайларына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) арнайы нормативтiк құқықтық актi белгiлейдi.
2. Банктердiң клиенттермен қарым-қатынасы шарттық негiзде жүзеге асырылады. Бетi ашылған кемiстiкке, артылып қалушылыққа, төлемге жарамайтын және қолдан жасалған ақша белгiлерiне байланысты өтiнiш талаптарды реттеу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн шарттың талаптарында белгiленедi.
3. Касса жұмысын ұйымдастыру, клиенттерге касса қызметiн көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу жөнiндегi функцияны атқару үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер құрылады: кiрiс, шығыс, кiрiс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкi, көшпелi касса және басқалары.
4. Аталған кассаларды құрудың тиiмділігi мен олардың саны, құрылымы және қызметкерлердiң бағыныштылығы, жұмысқа қабылдау/жұмыстан босату, атқаратын мiндеттерi және лауазымдық нұсқаулық қызмет көрсетiлетiн клиенттер саны және касса операцияларының көлемi негiзiнде банк басшысы бекiткен банктiң iшкi ережелерiнде белгiленедi.
5. Банктiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi банктегi қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға мiндеттi.
6. Касса қызметкерлерiнiң мiндетiн атқару үшiн немесе касса операцияларын және басқа банк операцияларын жасау үшiн банк басшысының бұйрығы бойынша осы мақсат үшiн дайындықтан өткен, материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасқан бухгалтерлiк немесе басқа банк қызметкерiне жүктеуге болады.
7. Өз клиенттерiне касса қызметiн көрсетудi жүзеге асыру үшiн банктер өздерiнiкi болып табылатын немесе жалға алып отырған ғимараттарда кассалық тораптар құрады.
8. Кассалық торап кассалық торапты жобалауға және жасауға арналған техникалық талаптар туралы Ұлттық Банк Басқармасының 1995 жылғы 17 тамыздағы N 94 қаулысымен бекiтiлген Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң және екiншi деңгейдегi банктердiң мекемелерiнiң ғимараттарында жобалануға және жасалуға тиiс.
9. Банктер банк заңдарына сәйкес касса және басқа да банк операцияларын жасау үшiн, оның iшiнде банк шоттары бойынша операция (ақша қабылдау және беру, оның iшiнде теңгемен және шетел валютасымен), бағалы қағаздарды сату және сатып алу, клиенттерден коммуналдық және басқа да төлемдер қабылдау жөнiнде операция жасау үшiн есеп айырысу - касса бөлiмдерiн банк тұрған жерден басқа орындардан ашуға құқылы.
10. Банк операцияларына жататын кассалық операцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес банктерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болуға тиiс.
11. Банктер клиенттер өздеріне қызмет көрсету үшін банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдарын орната алады.
12. Банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдар өздерінің қорғалу деңгейіне қарай банк аумағында да, одан тыс жерлерде де орнатылады. Банкоматтарды басқару және клиенттерді шоттарына жіберу төлем карточкалары жүйесінің бағдарламалық - техникалық тәсілдері арқылы орындалады.
2-Тарау. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар
13. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) корреспондент-банктер - Қазақстан Республикасы банктерiнiң корреспонденттiк шоттары ашылған және тиiстi келiсiмдер жасаған банктерi;
2) банкноттар, металл ақша - айналымда жүрген құны және түрi әртүрлi ақша белгiлерi;
3) эмитент-банк - ақша белгiлерiн (төлем құжаттарын) шығаруға және оларды айналымнан алуға байланысты мемлекеттiң операцияларды жүзеге асыруды реттейтiн орталық (ұлттық) банкi;
4) банктiк автомат кассир (банкомат) - төлем карточкасы жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, клиенттерге қызмет көрсетуге арналған электрондық-механикалық құрылғы;
5) валюталық құндылықтар - қолма-қол шетел валютасы, шетел валютасындағы төлем құжаттары, шетел валютасындағы бағалы қағаздар;
6) инкассация - клиенттер мен банк бөлiмшелерiнен құндылықтарды қабылдау (жеткiзу), оларды көлiкпен тасымалдау және банктiң кассаларына тапсыру;
7) касса - ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру ушiн арнайы жабдықталған үй-жай;
8) кешкi касса - жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап және санап алатын банк кассасы;
9) санап алу кассасы - банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған қолма-қол ақшаны санап алатын, бәрiн бiр қалыпқа түсiрiп буып-түйетiн банк кассасы;
10) кiрiс кассасы - операция кезiнде банктiң клиенттерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап алатын банк кассасы;
11) шығыс кассасы - операция кезiнде банктiң клиенттерiне қолма-қол ақшаны беретiн банк кассасы;
12) көшпелi касса - касса операцияларын банктiң касса торабынан тыс арнайы жабдықталған бөлмеде жүзеге асыратын банк кассасы;
13) касса кiтабы (касса журналы) - белгiлi бiр түрде жасалған есеп жүргiзу ведомостары, құндылықтармен жасалған операция көрсетiледi, олардың түсуi мен берiлуi есепке алынады;
14) касса құжаты - ақша құжаты (кiрiстiк касса ордерi, шығыстық касса ордерi, қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөнiнде хабарландыру, ақша чегi, төлем ведомосы және т.б.), сол бойынша құндылықтарды қабылдау және төлеу жөнiндегi касса операциясы жасалады және ресiмделедi;
15) касса операциялары - құндылықтарды қабылдау, санап алу, айырбастау, беру, iрiктеу, буып-түю және сақтау;
16) банк клиентi - банк қызметiн пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар;
17) қолма-қол ақша - айналымда жүрген және тиiстi мемлекетте немесе
мемлекеттердiң бiр тобында заңды төлем құралы болып табылатын банкнот
және металл ақша түрiндегi ақша белгiлерi, сондай-ақ айналымнан алынған
немесе алынатын, бiрақ айырбасталуға тиiстi ақша белгiлерi;
18) операциялық касса - банктiң барлық операциялар бойынша
клиенттерге қызмет көрсететiн банк кассасы;
19) жауапты сақтау - белгiленген тәртiппен құндылықтарды сақтау;
20) шетел валютасындағы төлем құжаттары - шетел валютасымен
көрсетiлген құжаттар;
21) төлем карточкалары - пайдаланғанда клиенттермен
сәйкестендiрiлетiн және операцияны оның эмитентi белгiлеген шартқа сәйкес
жүзеге асыратын карточкалар;
22) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары,
банкноттары және металл ақшасы, шетел валютасындағы төлем құжаттары,бағалы
қағаздар, бағалы құжаттар, қатаң есептегi бланктер және бағалы заттар.
2-БӨЛIМ. КАССА ОПЕРАЦИЯСЫН ЖYРГІЗУ ТӘРТIБI
14. Банктер осы Ереженiң 3, 4-тарауларының талаптарын сақтауға
мүмкiндiк бермейтiн бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияны
пайдаланған кезде кiрiстiк және шығыстық кассаларда операциялар жасау
тәртiбi банктiң iшкi iс жүргізу тәртiбiмен белгіленедi.
3-ТАРАУ. КIРIС КАССАЛАРЫНДА ОПЕРАЦИЯ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
15. Ағымдағы корреспонденттiк шоттарға соңынан жазып қою үшiн
банктiң кассасына (бұдан әрi - касса) клиенттерден қолма-қол ақшаны
қабылдау мынадай кiрiс құжаттары арқылы жүзеге ысырылады:
1) қолма-қол ақшамен жарна төлеудi жариялау бойынша (осы Ережеге
N I қосымша);
2) кассалық кiрiс ордерi бойынша (осы Ережеге N 2 қосымша);
16. Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен
ресiмделедi.
17. Қолма-қол ақшаны кассаға өткiзу үшiн клиент кассаға өткiзiлетiн банкноттар мен металл ақшаның тiзбесi қоса берiлген кассалық кiрiс құжатын толтырады, ол тiзбеде өткiзiлетiн банкноттар мен металл ақшаның номиналы, саны және сомасы, банкноттар мен металл ақшаның жалпы сомасы цифрмен және жазумен көрсетiледi және оны кассалық құжаттарға қол қоюға өкiлеттiк берiлген операция қызметкерiне тапсырады.
Операция қызметкерi кассалық кiрiс құжатының дұрыс толтырылғандығын тексередi, оны ресiмдейдi және құжаттарды касса журналында ақша сомасын көрсету үшiн тексерушi бухгалтерге тапсырады.
18. Тексерушi бухгалтер кассалық кiрiс құжатын алғаннан кейiн операция қызметкерiнiң қойылған қолы бар екендiгiн және өзiнде бар үлгiлерге сәйкестiгiн тексередi, онда цифрмен және сөзбен көрсетiлген сомалардың сәйкестiгiн салыстырып тексередi, ал қолма-қол ақшамен төленетiн хабарландыруда одан басқа осы құжаттың (хабарландырудың, квитанцияның және ордердiң) топтамасындағы құрамдас бөлiгiнде көрсетiлген сомалардың бiрдейлiгiн тексередi, содан кейiн кассалық кiрiс құжатына қол қойып, оны кассирге тапсырады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |