Toggle Dropdown
1
Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 мамырдағы N 389 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6302 болып енгізілді
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 7) және 10) тармақшаларына сәйкес денсаулық сақтау жүйесін басқару тиімділігін және ауыр жағдайларда жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және балаларға медициналық көмек көрсетуде медициналық ұйымдардың жедел өзара іс-қимылын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Министр Ж. Досқалиев
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 389 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулық меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдарға таралады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Нұсқаулықта айтылған талаптар:
Toggle Dropdown
1) жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) уақтылығы мен толықтығы;
Toggle Dropdown
2) ана денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде үдеріске қатысушылардың арасында сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану бөлігінде пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Toggle Dropdown
2. Мониторингтің негізгі міндеттері
Toggle Dropdown
4. Әйелдердің ауыр жағдайлары (бұдан әрі – ауыр жағдайлар) мониторингінің негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету, барлық мамандық дәрігерлері мен медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінің арасында науқастарды қарау сабақтастығын сақтау;
Toggle Dropdown
2) медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша уақтылы ақпарат алмасу;
Toggle Dropdown
3) медициналық көмекті жақсартуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу.
Toggle Dropdown
3. Ауыр жағдайлар мониторингін өткізу кезінде медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы
Toggle Dropdown
5. Медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы мынадай деңгейлерде жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық емхана, ауылдық аурухана;
Toggle Dropdown
2) аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, диспансерлер, балалар емханасы, жедел медициналық жәрдем станциясы;
Toggle Dropdown
3) облыстық аурухана, қалалық аурухана, облыстық диспансерлер; облыстық (қалалық) консультациялық-диагностикалық орталық, ауданаралық аурухана, перзентхана, перинаталдық орталық, жедел медициналық жәрдем ауруханалары; балалар ауруханасы, санитариялық авиация, ведомстволық ауруханалар мен емханалар;
Toggle Dropdown
4) жоғары білікті мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсететін республикалық емдеу-алдын алу ұйымдары мен орталықтары, клиникалық ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары, медицина академиялары.
Toggle Dropdown
6. Медициналық ұйымдардың қызметіндегі өзара іс-қимыл тікелей және кері байланыстарды көздейді және мыналар арқылы жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес медициналық ұйымдардың барлық деңгейінде ауыр жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
2) осы Нұсқаулыққа сәйкес ауыр жағдайдағы әйелді есепке алу картасын беру;
Toggle Dropdown
3) науқастарды толық диагнозды, жүргізілген емді, диагностикалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, медициналық ұйымның тиісті деңгейі мен бейініне консультацияға немесе емдеуге жатқызуға жіберу;
Toggle Dropdown
4) ауыр жағдайдағы науқас әйелдердің жағдайының мониторингі.
Toggle Dropdown
7. Барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар басқа денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның негізді сұратуы бойынша статистикалық және өзге түрдегі медициналық ақпаратты ұсынуы тиіс.
Toggle Dropdown
8. Өзара іс-қимыл кезінде туындайтын және денсаулық сақтау субъектісінің құзырынан тыс болатын өзге мәселелер денсаулық сақтауды басқару органына ұсыныстар енгізу арқылы шешіледі.
Toggle Dropdown
4. Ауыр жағдайлар кезінде хабарлау үлгісі
Toggle Dropdown
9. Әйелдердің қиын жағдайлары туындаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес Тізбе бойынша мынадай хабарлау үлгісін сақтаған жөн:
Toggle Dropdown
1) стационардағы емдеуші дәрігері, бөлімше меңгерушісі, жауапты кезекші дәрігер мыналарға міндетті:
Toggle Dropdown
реанимация және жіті терапия бөлімшесінің (бұдан әрі – РЖТБ) дәрігерін шақыруы тиіс, ол 30 минуттың ішінде келуі тиіс (егер болса);
Toggle Dropdown
10 минуттың ішінде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына ауыр жағдайдағы пациент туралы хабарлау керек;
Toggle Dropdown
диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық көмек көлемін көрсетеді;
Toggle Dropdown
осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыр жағдайлардағы әйелдерді есепке алу картасын жылдам «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК-ға, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ға (бұдан әрі - Республикалық орталықтар) жетекшілікке сәйкес жібереді.
Toggle Dropdown
2) бас дәрігердің орынбасары мыналарға міндетті:
Toggle Dropdown
туындаған жағдай туралы бас дәрігерге жылдам хабарлайды;
Toggle Dropdown
20-30 минуттың ішінде консилиум құрады;
Toggle Dropdown
30 минуттың ішінде денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының бас мамандарына, аудан басшыларына хабарлайды (акушер-гинеколог, педиатр);
Toggle Dropdown
қажет болған жағдайда санитариялық авиация бригадасын (бұдан әрі – санавиация) шақырады;
Toggle Dropdown
пациенттің ауыр жағдайы кезінде емдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, қан компоненттерімен қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
3) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдары (бұдан әрі – ДБ) мыналарға міндетті:
Toggle Dropdown
әйелдердің қиын жағдайлары кезінде өңірлік дербестелген хабарлау үлгісін жасайды (барлық қатысушыларды көрсете отырып);
Toggle Dropdown
өңір жетекшісінің келуін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
пациенттің жағдайы тұрақтанғанға дейін әрбір 3 сағат сайын ауыр жағдай мониторингін жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
санитариялық авиацияның жұмысын үйлестіреді;
Toggle Dropdown
медициналық ұйымдарды бірінші қажеттіліктегі дәрілік заттармен, қан компоненттерімен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді мамандандырылған көлікте тасымалдауды үйлестіреді;
Toggle Dropdown
перинаталдық көмекті өңірлендіруге сәйкес санитариялық көліктің ауыр науқастарды тасымалдау кезінде шұғыл көмек көрсетуге толық дайындығын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
облыстық санитариялық авиацияның тәулік бойғы режимдегі қызметін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету жөніндегі өңірлік штабқа өңірдегі негізгі проблемалар туралы ақпарат береді.
Toggle Dropdown
4) облыстық санитариялық авиация:
Toggle Dropdown
қызметін тәулік бойы жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
хабарлау және тіркеу жүйесі нақты ұйымдастырылған диспетчерлік пунктінің болуы (аудандарды, медициналық ұйымдар және олардың ара қашықтығы, кестелерінің және білікті мамандар бригадасының құрамы, телефон нөмірлері мен олардың негізгі жұмыс орны және қалааралық байланысқа шығуы көрсетілген өңір картасының болуы);
Toggle Dropdown
20-30 минуттың ішінде медициналық ұйымның өтінімі келіп түскеннен кейін бейінді білікті мамандар бригадасын жібереді;
Toggle Dropdown
әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді мамандандырылған көлікте тасымалдауды тиісті деңгейден стационарда емделуге жатқызғанға дейін камтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
санитариялық авиация бригадасы пациентті тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда 48-72 сағаттың ішінде әйелдің жағдайы тұрақтанғанға дейін емдеу-консультациялық, қажет болған жағдайда операциялық көмек көрсетуге тиіс;
Toggle Dropdown
тасымалдау кезінде әрбір 15-30 минут сайын пациенттің гемодинамикалық көрсеткіштері мен жағдайын объективті бағалау жүргізеді;
Toggle Dropdown
5) республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдар:
Toggle Dropdown
шақырту келіп түскеннен кейін бір тәуліктің ішінде жетекшінің, қажет болған жағдайда мамандар бригадасының өңірлерге баруын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
барынша төмен деңгейден ауыстырылған және республикалық деңгейде мамандандырылған көмек көрсетуді қажет ететін әйелдерді (жүкті, босанатын, босанған) кедергісіз емдеуге жатқызуды;
Toggle Dropdown
жоғары мамандандырылған медициналық көмекті;
Toggle Dropdown
ауыр жағдайларда стационарлардың науқастарды емдеуге жатқызуға дайындығын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6) көшпелі бригада, аудандар мен облыстардың жетекшілері:
Toggle Dropdown
көмек туралы дабыл түскеннен кейін бастапқы тәуліктің ішінде ауыр жағдайдағы пациент жатқан медициналық ұйымға келуі тиіс;
Toggle Dropdown
науқас жағдайының ауырлығын белгілеуді, оны тасымалдаудың орындылығы мен мүмкіндігін;
Toggle Dropdown
емдеу-консультациялық, қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетеді.
Toggle Dropdown
7) Республикалық орталықтар:
Toggle Dropdown
жедел тәртіпте келіп түскен әйелдер мен балалардың ауыр жағдайларын есепке алу картасын тіркеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
күн сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, денсаулық сақтау басқармалары және Республикалық ақпараттық-талдау орталығы ауыр жағдайлар туралы мәліметтерді жібереді;
Toggle Dropdown
ауыр жағдайлардың мониторингін жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ай сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне өңір бойынша жағдайдың талдауын ұсынады.
Toggle Dropdown
Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің
ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі
нұсқаулығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Хабарлануға тиісті жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайлары:
Toggle Dropdown
1) жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңде геморрагиялық шокпен 1000 мл.-ден аса көп қан жоғалтқан жүкті, босанатын, босанған әйелдер;
Toggle Dropdown
2) босанғаннан және операциядан кейінгі кезеңдерде 3 тәуліктен аса дене қызуы көтерілгендер;
Toggle Dropdown
3) жарақаттық, аллергиялық шок белгілері бар жүкті, босанатын, босанған әйелдер;
Toggle Dropdown
4) 12 сағаттан аса өкпені жасанды желдетуге ұзақ болған жүкті, босанатын, босанған әйелдер;
Toggle Dropdown
5) тыныс алу жеткіліксіздігі 11-111 сат. ауыр дәрежедегі пневмония;
Toggle Dropdown
6) декомпенсация сатысындағы жүре пайда болған, туа біткен жүрек кемістіктері;
Toggle Dropdown
7) декомпенсация сатысындағы ауыр дәрежедегі қант диабеті;
Toggle Dropdown
8) гепатиттің салдарынан болған бауыр энцефалопатиясы;
Toggle Dropdown
9) ми қанайналымы бұзылған, Неlp-синдромы, эклампсия, эклампсиялық комасы бар жүкті, босанатын, босанған әйелдер;
Toggle Dropdown
10) жүктілік кезіндегі асқазан қан кетулері;
Toggle Dropdown
11) жүкті, босанған әйелдер диагноздарының қиын верификациялануы.
Toggle Dropdown
1
Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің
ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі
нұсқаулығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Ауыр жағдайдағы жүкті, босанатын, босанған әйелдердің есеп картасы
Toggle Dropdown
| 1 | Медициналық ұйымның атауы | |
| 2 | Аурудың Т.А.Ә. | |
| 3 | Жасы | |
| 4 | Тұратын жері | |
| 5 | ЖСН (бар болған жағдайда) | |
| 6 | Жүктілік/босану паритеті | |
| 7 | Жүктілік мерзімі/ босанғаннан кейінгі кезеңдегі тәулік | |
| 8 | Емдеуге жатқызу күні, уақыты | |
| 9 | Қалай жеткізді/қайдан ауыстырылды | |
| 10 | Түскен кездегі жағдайы | |
| 11 | Клиникалық диагнозы | |
| 12 | Диагнозды қою проблемалары (бар болған жағдайда) | |
| 13 | Емдеу | |
| 14 | Одан арғы тәсіл | |
| 15 | Емдеу іс-шараларын көрсету барысындағы проблемалар (бар болған жағдайда) | |
| 16 | Босандыру әдісі және уақыты | |
| 17 | Картаның толтырылу уақыты | |
| 18 | Картаны толтырған маман (Т.А.Ә. және лауазымы) | |