• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 07.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 45 қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 16 қаңтардағы
 N 45 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман орналастыруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. 
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) қарауындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары орындайды. 
3. Мемлекеттiк орман иелiктерi үшiн әзiрленетiн орман орналастыру жобалары өткен тексеру кезеңiнде орман шаруашылығын жүргiзудiң және мемлекеттiк орман қорын пайдаланудың кешендi бағасын және алдағы тексеру кезеңiне орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi қағидаларын қамтиды.