• Мое избранное
Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 45 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-02/163 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 16 қаңтардағы
 N 45 қаулысымен
 бекiтiлген
  • 1
Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман орналастыруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. 
2. Орман ресурстарын есепке алумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.12.2012 № 1536 (07.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк орман иеліктері үшін әзірленетін орман орналастыру жобалары орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Орман орналастыруды жүргiзу шарттары мен тәртiбi
4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілеттi орган) белгілеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.12.2012 № 1536 (07.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жыл сайын белгіленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттiк орман иеленушілердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзіледi. 
6. Орман орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабында көзделген орман орналастыру iс-әрекеттерi, сондай-ақ мынадай шаралар: 
1) табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн құжат - облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу; 
Көрсетілген құжат дайындық жұмыстары жүргiзілетiн жылы әзiрленедi және уәкiлетті орган бекiткеннен кейiн тиiсті облыс (өңiр), Астана қаласы немесе республикалық маңызы бар қалалар аумағында орман орналастыруды жүргiзу және орман орналастыру жобаларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк кесiм болып табылады; 
2) облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман орналастырудың жиынтық материалдарын құрастыру, орман қорының тиiсті тақырыптық карталарын дайындау, орман мониторингiнiң ақпараттық базасын құру; 
3) дистанциялық зондтау материалдарын, компьютерлiк технологияларды пайдалану, геоақпараттық жүйелердi енгiзу негiзiнде орман ресурстарын есепке алудың жаңа технологиялары мен әдiстерiн әзiрлеу; 
4) мемлекеттiк орман иелену аумағындағы дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат ресурстарын анықтау; 
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттiк орман кадастрын, орман қорының мемлекеттік есебін және ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзу;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережеге сәйкес орманда өрт сөндіру станцияларын орналастыру және олардың түрі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) таксациялық сипаттамаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген телімдерде орман ресурстарын беру туралы белгілер қою және осы телімдердің шекарасын картографиялық материалдарға түсіру;
8) уәкілетті орган ведомствосының орман орналастыру жобасының құрамында бекітуі үшін орманшылықтар мен (немесе) мемлекеттік орман иеленуші бойынша есептік кеспеағашты айқындау.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 Қаулысымен (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Орман орналастыруға тиiс объектiде орман орналастыру жұмыстары үш жыл бойы жүргiзiледi және мынадай үш кезеңнен тұрады: 
1) әзiрлiк кезеңi (1-жыл) - жұмыстар далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргiзiледi, бұл ретте ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселелер шешіледi және орман орналастырылуы тиiс аумақтардың аэрофотосуретке түсiрiлуi жүргiзіледi; 
2) далалық кезең (2-жыл) - орман орналастырудың жердегі және дистанциялық әдiстерi қолданылып, орман орналастыру объектiсiнде мемлекеттiк орман қорын түгендеу жүргiзiледi; 
3) камеральдық кезең (3-жыл) - далалық кезеңде алынған ақпаратты камеральдық өңдеу жүргiзіледi, уәкілетті орган бекiткен нысан мен құрылым бойынша орман орналастыру жобасы әзiрленедi. 
8. Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде аэрофотосуретке түсiру және ғарыштық түсірілім материалдары техникалық негiз болып табылады.
Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын аэрофотосуреттер мен ғарыштық түсірілім деректерінің мерзімі 3 жылдан аспауға тиіс.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Орман орналастыру жобасы әзiрленетiн тексеру кезеңiнiң ұзақтығы орман шаруашылығын жүргiзудiң қарқындылығына, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушілерiне жүктелген мiндеттерге байланысты және оны уәкiлетті орган орман орналастырудың бiрыңғай жүйесiнiң құрамында белгiленедi. 
10. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары оларды уәкілетті орган бекiткеннен кейiн орман шаруашылығын жүргiзу оның ағымдағы және перспективалы жоспарлануы үшiн мiндеттi нормативтiк кесiмдер болып табылады. 
Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзіледi. 
Орман орналастыруды жүргiзбейiнше және орман орналастыру құжаттамасы болмайынша мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға тыйым салынады. 
11. Тексеру кезеңi аяқталған және орман орналастырудың жаңа жобасы күшiне енбеген жағдайда мемлекеттiк орман иелiгiнiң аумағында: 
1) өртке қарсы iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады; 
2) орманды санитарлық мақсатта кесудi қоса алғанда орман қорғау шаралары мемлекеттiк орман иеленушiлер немесе осы салада мамандандырылатын ұйымдар жүргiзетiн орман-патологиялық зерттеулердiң материалдары бойынша айқындалатын көлемде ормандардың санитарлық жай-күйiне байланысты орындалады; 
3) ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына, ең алдымен ағаш кесілiмдерi мен өртеңдерге белгіленген көлемде орман дақылдары қорының бар-жоғына байланысты орындалады; 
4) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу оны тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде жүргiзудi қажет ететiн, екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды екпелерден аластатуды талап ететiн екпелердiң бар-жоғына байланысты орындалады; 
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу уәкілеттi орган бекiткен сүректi түбiрiмен босатудың жыл сайынғы мөлшерiнде есептi кеспеағашта орман орналастыру жобасы белгiлеген шекте жүргiзіледi, бұл ретте жыл iшiнде есептi кеспеағашқа Қазақстан Республикасының орман заңнамасы белгiлеген тәртiппен түзету жүргiзіледi; 
6) осы Ереженiң 11-тармағының 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілмеген орман пайдаланудың қалған түрлерi орман орналастыру жобасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
12. Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады.
Ереже 12-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)