Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 Қаулысы
Редакция 15.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы
9 наурыздағы
№ 183 қаулысымен
бекітілген
Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидалары
1. Осы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
жол жүру құжаты – босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүріп-тұру үшін берілетін құжат;
пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы олардың босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;
уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
2-тарау. Босқын мәртебесін беру және ұзарту тәртібі
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуі шартымен босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.
Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады, бұл туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пана іздеп жүрген адамға хабарланады.
4. Босқын деп тану туралы шешімді жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырады.
5. Босқын мәртебесі берілген адамға жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.
Босқын деп танылған адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы мәліметтер ата-анасының біреуінің босқын куәлігіне, ал ата-анасы болмаса заңды өкілінің босқын куәлігіне не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерінің жүріс – тұрысына, тәрбиесіне және оларды асырауға өз еркімен жауапкершілік алған бір мүшесінің босқын куәлігіне жазылады. Кейіннен көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған соң олардың еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жергілікті атқарушы орган оларға босқын куәлігін береді.
Босқын деп танылған, он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамға да босқын куәлігі тапсырылады.
Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.
6. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесі өзіне жіберілгеннен кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және осы адамның өзі көрсеткен мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткені не адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүргенін растайтын басқа да анық ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өз шешімінің күшін жояды.
7. Босқын деп танылған адам босқын куәлігін алған кезде жергілікті атқарушы орган босқыннан оған бұрын берілген пана іздеуші адамның куәлігін алып, оны босқынның жеке ісіне қосады.
Босқын куәлігін алған кезде босқын деп танылған адамның ұлттық (азаматтық) паспорты және (немесе) жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары осы адамның босқын деп танылу мерзіміне жергілікті атқарушы органда сақтауға қалдырылады.
8. Босқын куәлігі жергілікті атқарушы органда осы адамның босқын деп танылу мерзіміне тіркеледі.
Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы болатын жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқын жаңадан есепке қойылған жердегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
9. Пана іздеп жүрген адамға Заңның 12-бабында көзделген негіздерге сәйкес босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе оның болатын жеріне жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын хабардар етеді.
10. Босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімге сотқа және (немесе) уәкілетті органға шағым жасалған кезде жергілікті атқарушы орган пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімін шағымның қаралу кезеңіне ұзартады. Пана іздеген адам шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот қаулысын алған жағдайда пана іздеген адамның куәлігі жергілікті атқарушы органға тапсырылуға тиіс.
11. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқынның шыққан елінде Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін бір жылға және босқынның көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бір ай бұрын берілген өтініші негізінде әрбір келесі жылға ұзартады.
Мерзімді ұзартқан кезде жергілікті атқарушы орган босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (бар болса), жол жүру құжатының бар-жоғын тексереді, отбасы жағдайындағы, отбасы құрамындағы, болатын мекенжайындағы өзгерістер туралы мәліметтерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.
12. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді, сондай-ақ босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған адамға қабылданған шешім және босқын куәлігін жарамсыз деп тану туралы хабарламаны тапсырады немесе жібереді.
3-тарау. Босқын мәртебесінен айыру және оны тоқтату
1) босқын мәртебесін беруге негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;
2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;
3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;
5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінің негізінде босқын мәртебесінен айырылады.
14. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы адамға осы шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
15. Босқын мәртебесі, егер ұзартылмаса, қолданылу мерзімі өткен соң, сондай-ақ егер адам:
1) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алса және өзі азаматы болған мемлекеттің қорғауын пайдаланса;
2) өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлар өзгергендіктен, бұдан әрі өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмайтын болса;
3) өзінің бұрынғы мемлекетінің жоғалтқан азаматтығын өз еркімен қайта қабылдаса;
4) өзі азаматы болған елдің қорғауын өз еркімен қайта пайдаланса;
5) өзіне босқын мәртебесін беру негіздері жойылғандықтан, шыққан еліне қайтып оралуға тілек білдірсе;
6) қудалау қаупінің салдарынан тастап шыққан немесе кетіп қалған еліне өз еркімен қайта оралса;
7) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе, осы негіздемелер бойынша босқын мәртебесі тоқтатылады.
16. Адамның босқын мәртебесі тоқтатылған кезде жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінің тоқтатылу себебі мен оның басталу мерзімін көрсете отырып, босқынның жеке ісіне белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы ішкі істер органдарын және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген болса, мәртебесі тоқтатылған адамды хабардар етеді.
Осы Қағидалардың 15-тармағында жазылған мән-жайлардың туындауы, атап айтқанда:
1) 1), 3) тармақшалар бойынша – тиісті азаматтық алған күні;
2) 2) тармақша бойынша – өзі азаматы болып табылатын елдегі, өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлардың өзгергені туралы жергілікті атқарушы орган хабардар еткен күн;
3) 4), 6) тармақшалар бойынша – өзі азаматы болып табылатын елге өз еркімен қайта оралған күн;
4) 5) тармақша бойынша – босқынның өзінің шыққан еліне қайтуға ниет еткені туралы жергілікті атқарушы органды хабардар еткен күні;
5) 7) тармақша бойынша – Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұруға кеткен күн;
6) ұзартуға келмеген кезде – растаушы құжаттар ұсынылса, дәлелді себеп бойынша жағдайларды қоспағанда, босқын мәртебесінің мерзімі өткеннен кейінгі оныншы күн босқын мәртебесі тоқтатылуы басталған кез болып табылады.
17. Босқын куәлігі жоғалған жағдайда куәліктің иесі жергілікті атқарушы органға оның жоғалуы және телнұсқа беру туралы өтініш береді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей босқынға босқын куәлігінің телнұсқасын береді, онда «Телнұсқа» деген мөртабан қойылады.
18. Жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
19. Босқын мәртебесін беруден бас тартылған пана іздеген адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ босқын мәртебесін жоғалтқан немесе босқын мәртебесінен айрылған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу уақыты Қазақстан Республикасының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылатын заңнамасымен реттеледі.
20. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру, оны ұзарту, одан айыру және оны тоқтату не босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға енгізеді.
Босқын мәртебесін беру,
ұзарту, одан айыру және
оны тоқтату қағидаларына
қосымша
Босқындарды, сондай-ақ босқын мәртебесін беруден бас тартылған адамдарды есепке алу журналы
Р/с№
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Туған күні және туған жері
|
Азаматтығы
|
Отбасылық жағдайы
|
Қабылданған шешімнің №, күні
|
Бас тарту туралы қабылданған шешімнің №, күні
|
Босқын мәртебесі тоқтатылған күн
|
Ескертпе
|
беру туралы
|
ұзарту туралы
|
айыру туралы
|
беруден
|
ұзартудан
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|