• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3603
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-бабының 44) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді. 
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберілсін. 
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2005 жылғы 26 наурыздағы
 N 109 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі
Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді. 
1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:
1)  өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын қаржы құралдары;
2) өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;
3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.
#$Екінші бөлік 01.09.2011 бастап қолданысқа енгізіледі.
Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының ағымдағы құны:
2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап – жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 40 (қырық) пайызынан аспайды;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап - жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 30 (отыз) пайызынан аспайды;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап - жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 15 (он бес) пайызынан аспайды;
Қаржы құралын "өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары" санатынан "сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары" санатына ауыстырған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі бірлесіп – ұйым деп аталады), ауыстыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға (уәкілетті орган) осындай шешім қабылдауының себептерін көрсете отырып, ауыстыру туралы хабарлама жібереді.
 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 05.08.2009 № 187, өзгертілді - 28 (29.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).02.2011 № 16 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Сатып алынған бағалы қағаздарды жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатқызу ұйымның инвестициялық комитеті шешімінің негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
 2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 05.08.2009 № 187 (29.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2-1. «Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатында мынадай бағалы қағаздар есепке алынады:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігіне шығарылған бағалы қағаздар;
2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен шығарылған облигациялар;
3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;
Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.02.2011 № 16 Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.
 2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 05.08.2009 № 187 (29.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3-1. Қаржы құралы бастапқыда жинақтаушы зейнетақы қорының активтері құрамында танылған кезде осы қаржы құралы әділ құны бойынша бағаланады. Қаржы құралының әділ құнына осындай қаржы құралын сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле шығындары кіреді.
Әділ құны деп осы Ереженің 7, 7-1, 7-2, 8, 8-1 және 9-тармақтарына сәйкес анықталатын құны түсініледі.
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.02.2011 № 16 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша сыйақыны есептеу күн сайын жасалады және қаржы құралын есепке қойған күннен кейінгі күнінен басталады.