Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 Қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 1225 от 2011-10-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа.
Посмотреть действующую редакцию
Осы редакция 01.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекiтiлген
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
2. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi және олардың бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың бiлiмдерiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
4. Өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi, басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тiзбесiн, сондай-ақ оқытудың тәртiбi мен нысанын жұмыс берушi мамандықтың сипатына, жұмыс түрiне, өндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушiнiң актiсiмен белгiлейдi.
2. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi
5. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Бiлiмді тексеру нәтижесi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресiмделедi.
6. Өндiрiстiк ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiс, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi.
7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуі және оны жұмыс берушi бекiтуге тиiс.
8. Еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргiзiледi.
9. Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндiрiстерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
10. Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрi бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауiптiлiгi аса жоғары жұмыста - бір жылдан артық уақыт үзiлiсi бар қызметкерлер өздiк жұмыс басталғанға дейiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан өтеді.
11. Жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы құрылады.
12. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторы кiредi.
13. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
14. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртiбiн жұмыс берушi айқындайды.
15. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлер оны өткiзуден отыз күн бұрын ескертiлуге тиiс.
16. Бiлiмiн тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес куәлiк немесе хаттамадан үзiндi көшiрме берiледi.
17. Қызметкер қанағаттарлықсыз деген баға алған жағдайда, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрiлмей белгiленуi керек. Бiлiмiн қайта тексеруге дейiн қызметкер өздiк жұмысқа жiберiлмейдi.
3. Өндiрiстiк ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқытудың және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi
18. Өндiрiстiк ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрi - басшы қызметкерлер) мерзімді, бірақ үш жылда кемiнде бiр рет тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiктiлiк арттыру курстарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан және бiлiмiн тексеруден өтеді.
19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымдардың ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуі және оны еңбек жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс.
20. Басшы қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiс, семинарлар) мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының оқытушыларын, тәжiрибелi заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзiледi.
21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексерудi оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейiн бiлiктiлiктi арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органның бұйрығымен құрылған, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргiзедi.
Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
22. Комиссия төрағадан – мемлекеттiк еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына бiлiктiлiктi арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша) кiредi.
23. Басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу әдiсiн немесе емтихан билеттерiн пайдалана алады. Емтихан билеттерi немесе тест өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламасын ескере отырып әзiрленедi.
24. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексергеннен кейiн емтихан комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өттi;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi қайта тексерілуге тиіс.
25. Емтихан комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
26. Басшы қызметкерлердiң бiлiмін тексеру нәтижелерi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелерi қол қояды.
27. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өткен басшы қызметкерлерге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында жарамды белгiленген үлгiдегi сертификат берiледi.
28. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер бiлiмiн қайта тексергенге дейiн өздерiнiң атқаратын лауазымдарында қалады. Бiлiмiн қайта тексеру алғашқы бiлiмiн тексеру өткен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен жұмыстан шеттетiледi.
30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген мерзiмнен тыс бiлiмiн қайта тексеруден басшы қызметкерлер мына жағдайларда:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенде, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;
2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша пайдалануға жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үдерiстер енгiзiлген кезде;
3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;
4) жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе мүгедектiкпен аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;
5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен