• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 Қаулысы

Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
  • 1
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мынадай құрамда бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары (1-бөлім);
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері ( 2-бөлім );
3) 2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі ( 4-бөлім );
4) қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі ( 5-бөлім ).
2. Құпия.
3. Құпия.
4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы ( 3-бөлім ) мақұлдансын.
5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы ( 6-бөлім ) назарға алынсын.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларын уақтылы әзірлеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі туралы тоқсан сайын хабардар етсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 753 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары 
1-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2006 жылдардағы жай-күйін және үрдістерін талдау 
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары 
2.1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары 
2.2. Қазақстан Республикасы дамуының 2008-2010 жылдарға арналған шарттары және макроэкономикалық сценарийлері 
2.3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттері 
2.4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған сандық индикаторлары 
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдардағы басымдықтары 
3.1. 1-басымдық. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізудің тиімділігін арттыру 
3.2. 2-басымдық. Адами капиталды дамыту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру 
3.3. 3-басымдық. Инфрақұрылымды дамыту 
3.4. 4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру 
3.5. 5-басымдық. Өңірлерді теңгерімді дамыту 
3.6. 6-басымдық. Кәсіби Үкімет
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Жоспар ішкі және сыртқы факторларға байланысты 2008-2010 жылдарға экономиканың даму қарқынын негіздейді және экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының дамуы үшін қолайлы жағдай жасау саласында мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың іс-әрекетін айқындайды. 
Жоспар экономиканың салаларын дамыту саласында 2008-2010 жылдардағы міндеттерді және стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары мен Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрі - Үкімет Бағдарламасы) айқындалған мақсаттарға қол жеткізу мен басымдықтарды іске асыру үшін оларды шешу жолдарын айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2006 жылдардағы жай-күйін және үрдістерін талдау
2005, 2006 жылдары экономиканың жедел осу қарқыны сақталды. 
Қазақстан экономикасының жоғары өсу қарқыны әлемдік тауар нарықтарында Қазақстан экспортының негізгі құрамдауыштарына деген қолайлы баға конъюнктурасына, сондай-ақ ішкі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың кеңеюінің жалғасуына негізделген. 
2005, 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) нақты өсуі тиісінше 9,7%-ды және 10,7%-ды құрады. 
Экономиканың барлық секторларында нақты, қызметтер секторында, сондай-ақ қаржы секторында оң серпін байқалды. 
2006 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемі өсуінің қарқыны ұлғайды. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2006 жылы өткен жылға қатысты 2005 жылғы 4,8 %-бен салыстырғанда 7,3%-ға өсті. 
Өнеркәсіп салалары арасында шикізат емес сектор барынша жедел қарқынмен дамыды. 2005, 2006 жылдар бойы өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы өсімі орташа 6%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өндірісі өнеркәсібінде - 5%, өңдеу - 8%, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату - 4%. 
Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2005, 2006 жылдары орташа 7%-ға ұлғайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығында - 9,5 %-ға, мал шаруашылығында - 4,5%-ға. 
Құрылыс саласының дамуы жоғары өсу қарқынымен сипатталды. 2005, 2006 жылдары құрылыстағы орташа жылдық өсім 33,8 %-ды құрады. 
2005, 2006 жылдардағы экономикалық өсу факторларының бірі жылдық орташа өсімі 22,4% болатын негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуі болды. 
Қызметтер саласындағы өсу негізінен бөлшек сауда, байланыс қызметтері мен жүк көлігі қызметтері саласында көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуімен қамтамасыз етілді, онда жылдық өсу қарқыны 2005, 2006 жылдары орташа 15 %-ды, 24 %-ды және 4,9 %-ды құрады. 
Экономиканың өсу факторларының бірі ретінде ішкі жиынтық сұраныстың кеңеюіне 2005, 2006 жылдары үй шаруашылықтарын тұтыну мен жалпы жинақтар шығыстарының ұлғаюы ықпал етті. 2005, 2006 жылдар бойы жалпы тұтыну, оның ішінде үй шаруашылықтары шығыстары жылына орташа 11 %-дан жоғары өсті. 
Тұрғындар тарапынан жиынтық сұраныстың өсуі негізінен халықтың нақты ақшалай табысының ұлғаюына негізделген, ол 2005, 2006 жылдары жыл сайын 11,4 %-ға өсті.