«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес «Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 16.03.2015 жылғы № 204 бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 қаулысымен бекітілген
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) арнайы дайындалған персонал – белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету бойынша оқытылған персонал;
2) аспап – электрлендірілген қол аспабы, қауіпсіздікті төмендететін трансформаторлар мен алып жүретін электр қол шамдары;
3) жерге қосу – жерге қосу құрылғылары бар электр қондырғылары немесе жабдықтары желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау;
4) жоғары өрмелеу жұмыстары – жерді ң, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 5 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар, олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі;
5) қауіпсіз аса төмен кернеу – өткізгіштер мен жердің арасындағы 42 Вольттан (бұдан әрі – В) аспайтын номиналды кернеу;
6) аспаптық үй-жай – аспаптар мен құрылғыларды сақтауға арналған үй-жай;
7) құрылғылар – монтерлік жүк көтергіштер, имек темірлер, қадауыл істіктер мен өрмеліктер;
8) I сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық бөлшектерінің оқшаулығышы бар және штепсель айыры бөлшектерінің жерге қосу байланысы бар аспап;
9) II сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық бөлшектерінің қосарлы немесе күшейтілген оқшаулауғышы бар және жерге қосу байланысы жоқ аспап.
I және II сыныпты электр аспабының номиналды кернеуі тұрақты ток үшін 220 В артық емес, ал ауыспалы ток үшін 380В құрайды.
10) III сыныпты электр аспабы – ішкі де, сыртқы да тізбектері басқа кернеуде болмайтын қауiпсiз аса төмен кернеуден қоректенетін аспап;
11) электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат берудің I, II, III топтары – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидаларына сәйкес берілетін электр қауіпсіздігі бойынша персоналдың біліктілік деңгейі.
2. Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі Электрлендірілген қол аспабымен және қауіпсіздікті төмендеткіш трансформаторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
3. Электр тогынан зардап шегу қаупі жоғары үй-жайларда және үй-жайлардан тысқары жерлерде І сыныпты электр аспабымен жұмысқа электр қауіпсіздігі бойынша ІІ топтан төмен емес, ал ІІ және ІІІ сыныпты электр аспабымен жұмысқа – электр қауіпсіздігі бойынша І тобы бар персонал жіберіледі.
Электр аспаптарымен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдар алдын ала оқытылып, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау бойынша білімі тексеріледі және электр аспабын қолдана отырып, жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы біліктілік куәлігінде бұл туралы жазба жасалады.
Электр қауiпсiздiгі бойынша II және одан жоғары топтағы электр техникалық персонал арнайы жұмыстарды жүргізу құқығына біліктілік куәлiгіне жазбасыз электр аспабымен жұмыс істеуге жіберіледі.
4. Желіден қоректенетін электр аспабы штепсель айыры бар алмалы-салмалы емес иілгіш кабельмен (баумен) жабдықталады.
І сыныпты электр аспабының алмалы-салмалы емес иілгіш кабелiнде электр аспабының жерге қосу қыспағын штепсель айырының жерге қосу түйіспесімен жалғайтын талсым көзделеді.
Электр аспабына қосылатын жердегі кәбіл оқшаулау материалынан жасалған икемдi түтікшемен майысудан және қажалудан қорғалады.
Аспаптан тыс түтікті кәбілге бекiтуге жол берілмейді.
5. Бiр фазалы электр аспабын шлангілік кәбілге қосу үшiн үш талсым көзделеді: екеуi – қоректену үшiн, бiреуі - жерге қосу үшiн.
Үш фазалы аспапты қосу үшiн төрт талсым кәбіл қолданылады.
6. Қол тигізуге болатын І сыныпты электр аспабының металл бөлшектері жерге қосу қысқымен жалғанады. ІІ және ІІІ сыныпты электр аспаптары жерге қосылмайды.
Электр аспабының корпусын жерге қосу жұмыс тогының өткізгіші болып табылмайтын қоректену кәбілінің арнайы талсымының көмегімен жүзеге асырылады. Нөлдiк жұмыс өткiзгiшiн пайдалануға жол берілмейді.
Ашаның конструкциясы қосу кезінде және оны ажырату кезінде барынша кеш ажыратқан кезде жерге қосу түйіспесінің тұйықталуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
7. III сыныпты электр аспабының штепсель айырының құрылымы 42 В жоғары кернеулі розеткалармен оларды бөлуге жол бермейді.
8. Алып жүретін төмендеткіш трансформаторларда, бөлгіш трансформаторларда және түрлендiргiштерде ұзындығы 2 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын электр желісіне қосылу үшін басқа жағынан штепсель айыры бар жоғарғы кернеулі кәбіл (бау) көзделеді. Трансформатордың ең төмен кернеулі жағында штепсель айырына арналған ұя болуы көзделеді.
9. Бастапқы орамнан қоректенетін желiнің бейтарап режиміне байланысты түрлендіргіштің бөлгіш және төмендеткіш трансформаторлардың корпустары жерге қосылады және нөлге айналады.
Төмендеткіш трансформаторлардың екiншi орамы жерге қосылады.
Трансформаторлардың екінші орамын немесе орамдары бөлек түрлендiргiштерді жерге қосуға жол берілмейді.
10. Әрбiр электр аспабын іске қосуда:
1) бөлшектерді бекітудің жиынтықтылығы мен сенімділігі;
2) кабельдердің және штепсель айырының ақаусыздығы, корпустың оқшаулағыш бөлшектерінің, қылшақ ұстағыштарының саптары мен қақпақтарының бүтіндігі, қорғайтын қаптамаларының болуы және олардың ақаусыздығы (сырттай қарау);
3) ажыратқыш жұмысының анықтығы;
4) бос жүріс кезіндегі жұмысы;
5) корпусы мен штепсель айырының жерге қосу түйіспесі арасындағы жерге қосу тізбегінің (І сыныпты электр аспабы үшін) жарамдылығы мен электрден қорғану құралдары тексеріледі және жеке қорғаныс құралдары немесе бөлгіш трансформатор немесе орамдары бөлек түрлендіргіш немесе қорғаныстық- ажырату қондырғысы беріледі.
Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) – 5) тармақшаларында келтірілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе мерзімді тексеру күні өтіп кеткен электр аспабын беруге жол берілмейді.
11. Жұмысты бастар алдында:
1) электр желісіндегі ток кернеуі мен жиілігінің тақтайшада көрcетiлген электр аспабының электр қозғалтқыш кернеуі мен ток жиілігіне сәйкестiгi;
2) жұмыс істеп тұрған атқару аспабын бекiтудің сенiмдiлiгі: абразивті шеңберлер, дөңгелек аралар, саптама кілттер тексеріледі.
12. I сыныпты электр аспабымен жұмыс істеу кезінде төмендегі жағдайларды қоспағанда, электрден қорғау құралдары мен жеке қорғау құралдары қолданылады, егер:
1) бөлгіш трансформатордан тек қана бір электр аспабы қорек алса;
2) электр аспабы дербес қозғалтқыш-генераторлы қондырғылар немесе бөлгiш орамдармен жиiлiк өңдегіштерден қорек алса;
3) электр аспабы қорғанышты ажырату қондырғысы арқылы қорек алса.
Электр тоғымен жұмыс істейтіндердің зақымдану қауiпі жоқ үй-жайларда электр қуатын өткізбейтін қолғаптар, ал ток өткiзгіш едендері бар үй-жайларда электр қуатын өткізбейтін кебіс және кілемшелер қолданылады.
13. Электр тогымен зақымдану қауiпі жоғары үй-жайларда II және III сыныпты электр аспаптарын жеке қорғау құралдарын қолданусыз жұмыс істеуге рұқсат етiледi.
14. I және IІ сыныпты электр аспаптарын қолдану ыдыстарда, аппараттарда және тасымалдау мүмкіндігі шектелген басқа да металл құрылыстарда және олардан шығу:
1) дербес қозғаушы-генераторлы қондырғыдан;
2) бөлгіш трансформатордан немесе бөлгіш орамдары бар жиілік түрлендіргіштен қорек алған кезде жол беріледі.
Қоректену көзі ыдыстан тыс орналасады, ал оның екiншi сымы жерге қосылмайды.
15. Автотрансформатор, резистор немесе потенциометр арқылы кернеуі 42В дейін болатын электр аспабын жалпы пайдаланылатын электр желісіне қосуға жол беріледі.
16. От жағатын жердің және қазан барабандарының ішінде, турбиналардың конденсаторларын, трансформаторлардың бактарын және басқа ыдыстарды электр аспабы қосылған трансформаторларды немесе жиілік түрлендiргiшін алып жүруге рұқсат етiлмейдi.
Жер асты құрылыстарында (құдықтарда, камераларда және басқаларында), сондай-ақ жердегі жұмыстар кезінде трансформатор осы құрылыстардан тыс орналасады.
17. Желiге қосалқы жабдықтарды (трансформаторларды, жиiлiк түрлендіргіштерді, қорғаныштық- ажыратқыш қондырғылар және басқалары) қосуды (ажыратуды), оны тексеруді, сондай-ақ кемшiлiктердi жоюды электр қауiпсiздiгі бойынша деңгейі III төмен емес топтағы арнайы дайындалған персонал жүргізеді.
18. Электр аспабының кабелi кездейсоқ зақымданудан және оған ыстық, шикi және майлы нәрселердің тиіп кетуінен қорғалады.
Кабелдi керуге, қайта айналдыруға және майыстыруға, жүкті қоюға, сондай-ақ оны арқандармен, кабелдермен, газбен дәнекерлеу қолғабымен қиылыстыруға жол берілмейді.
19. Патронға электр аспабының жұмыс істеп тұрған бөліктерін орнату және оны патроннан алу, электр аспабын реттеу штепсель айырын желіден ажыратқаннан кейін және толығымен тоқтатылғаннан кейін орындалады.
20. Электр аспаптарымен жұмыс iстейтiн адамдардың электр аспабын, кабельді, штепсель жалғастырғыштарын өздері бөлшектеуіне және жөндеуіне жол берілмейді.
21. Қосалқы баспалдақтарда электр аспабымен жұмыс iстеуге жол берілмейді.
22. Аспаппен жұмыс істеу уақытында жоңқаны немесе үгiндiсiн қолмен алып тастауға жол берілмейді. Электр аспабы толық тоқтатылғаннан кейiн жоңқа арнайы iлмектермен немесе қылшақпен алып тасталады.
23. Электр бұрғысымен жұмыс кезінде бұрғылануға жататын заттарды нық бекiту қажет. Айналып тұрған, кесетiн аспапқа қолды тигізуге жол берілмейді.
24. Тарту сабын қолданып электр бұрғымен бұрғылаған кезде қысу үшiн тарту сабының ұшы оның сырғуы мүмкiн бетіне тірелмеуін қадағалау қажет.
Жұмыс үшiн қолданылатын тарту саптары мүкәммал болып табылады және аспаптар үй-жайында сақталады. Тарту саптары ретінде кездейсоқ заттарды қолдануға рұқсат етiлмейдi.
25. Қатып қалған және дымқыл тетіктерді электр аспабымен өңдеуге жол берілмейді.
26. Үй-жайлардан тыс жерде электр аспабымен тек қана құрғақ ауа-райында, ал жауын-шашын немесе қар жауған кезде төбесі жабылған құрғақ жерде немесе төсенiште жұмыс iстеуге жол беріледі.
27. Желiге қараусыз қосылған электр аспабымен пайдалануға, сондай-ақ оны олармен жұмыс iстеуге құқығы жоқ адамдарға беруге жол берілмейді.
28. Электр аспабы кенеттен тоқтап қалған кезде ол ажыратқыштан ажыратылады. Электр аспабын бiр жұмыс орнынан екінші жерге тасымалдаған кезде, сондай-ақ жұмыс үзiлiсі мен жұмыс соңында электр аспабы штепсель айыры арқылы желіден ажыратылады.
29. Егер жұмыс кезінде электр аспабында ақау байқалса немесе онымен жұмыс істеуші ток әлсiздігін байқаған кезде жұмыс тоқтатылады және жарамсыз аспап тексеру және жөндеу үшін тапсырылады.
30. Мерзімді тексеру мерзiмі өткен кезде, сондай- ақ мынадай:
1) штепсель қосылысы, кабель немесе оның қорғаныш түтігінің зақымдануы;
2) қылшақ ұстағышы қақпағының зақымдануы;
3) ажыратқыштың анық жұмыс істемеуі;
4) жинаушыда шөткенің ұшқындауынан оның беттерінде айналмалы оттың пайда болуы;
5) редуктордан немесе желдету арнасынан майдың ағуы;
6) жанатын оқшаулауға тән түтiн немесе иiстің пайда болуы;
7) жоғары шудың, қағудың, дiрiлдiң пайда болуы;
8) корпусты бөлшекте, саптарда, қорғау қоршауларында сынықтардың немесе жарықтардың пайда болуы;
9) аспаптың жұмыс бөлігінің зақымдануы;
10) корпустың металды бөліктерімен және қоректендiру айырының білігімен нөлдiк қысқышының аралығындағы электр байланысының жоғалуы ақаулардың бірі туындаған кезде электр аспабымен жұмыс жасауға жол берілмейді.
31. Электр аспабы және оған қосалқы жабдықтар (трансформаторлар, жиiлiк түрлендіргіштері, қорғаныш–ажырататын қондырғы, кабель-ұзартқыштар) 6 айда кемінде 1 рет тексеріледі.
Электр аспаптары мен қосалқы жабдықтар бойынша мыналар мерзімді түрде тексеріледі:
1. сыртқы тексеру;
2) кемінде 5 минут бос тұрған кездегі тексеру;
3) ажыратқыш қосылған кезінде 1 минут ішінде 500 В кернеуге мегаомметрмен оқшаулау кедергiсiн өлшеу, бұл ретте оқшаулау кедергісі кемiнде 0,5 МегаОм-ды (бұдан әрі – МОм) құрайды;
4) жерге қосу (I сыныпты электр аспабы үшiн) тізбегінің жарамдылығын тексеру.
32. Электр аспабында корпусқа және сыртқы металл тетіктеріне қатысты орамдар мен ток өткiзетiн кабельдердің кедергісі өлшенеді; трансформаторларда – алғашқы және екiншi орамдардың аралығындағы әр орамдар мен корпустың аралығындағы кедергі өлшенеді.
33. Жерге тұйықтау тізбегінің жарамдылығы кернеуі 12 В артық емес қондырғының көмегімен тексеріледі, оның біреуі штепсельді айырдың жерге тұйықталу байланысына, ал басқасы – аспаптың металл тетіктеріне жанасуына қол жетімді жерге (мысалы шпиндельге) қосылады. Егер қондырғы токтың бар екенін көрсетсе, аспап жарамды деп есептеледi.
34. Электр аспабын күрделі жөнделгеннен немесе оның электр бөлiгi жөнделгеннен кейiн ол сыналуы тиіс.
Сынау бағдарламасына:
1) электр аспапты номиналды кернеуге қосылған ажыратқышта сыртқы тексеру мен үш есе қосу және ажыратқышты ажыратудың дұрыстығын тексеру;
2) жерге қосу тізбегінің жарамдылығын (І сыныпты электр аспабы үшін) тексеру;
3) электр берiктiгіне оқшаулауды сынау;
4) жұмыс режимінде кемiнде 30 минут айналдыру кіреді.
35. Электр аспабының күрделі жөндеуінен кейiн кернеу тетіктері мен корпус немесе негізгі оқшаулауға арналған тетіктер арасындағы оқшаулау кедергісі – 2 МОм, қосымша үшiн – 5 МОм, күшейтілген – 7 МОм.
36. Электр аспабының оқшаулау электр берiктiгiн сынау I сыныпты электр аспабы үшiн – 1000 В, II сынып – 2500 В, III сынып – 400 В үшін жиілігі 50 герц болатын ауыспалы ток кернеуiмен жүргiзiледі.
Сынақ қондырғыларының электродтарын штепсель айырын ток өткізетін байланысының біреуіне және шпиндельге немесе металл корпусқа немесе оқшаулау материалынан жасалған электр аспабының (ажыратқыш қосылады) корпусына оралған фольгаға жапсырылады.
37. Төмендеткіш және бөлшектегіш трансформаторын, жиілік өңдегіштері мен қорғаныш-ажыратқыш қондырғыларын пайдалануға енгізуде, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмысынан кейін олардың орамдарын оқшаулауды сынау олардың әрқайсысында кезек-кезегімен болатын жоғары кернеумен (сынаумен) жүргізіледі. Бұл ретте өзге орамдар жерге қосылған корпуспен және магнит өткiзгiшімен электрлік тұйықталады. Сынақ ұзақтығы – 1 минут.
Мына жағдайларда сынақ кернеуi қабылданады:
1) трансформатордың екінші орамының номиналды кернеуi кезінде 500 В және жиiлiк түрлендіргіші 42 В дейiн;
2) трансформатордың бастапқы және екінші орамына сәйкес номиналды кернеуi кезінде 1350 В және ток жиiлiк түрлендіргіші 127-220 В, қорғаныш-ажыратқыш қондырғысының қоректендіретін кернеу кезінде 127-220 В;
3) трансформатордың бастапқы және екінші орамының номиналды кернеуi кезінде 1800 В және жиiлiк түрлендіргішінің – 380-400 В, қорғаныш- ажыратқыш қондырғысының қоректендіретін кернеу кезінде 380-400 В.
38. Электр аспабын, төмендеткіш және бөлшектегіш трансформаторларын, жиілік түрлендіргіш, қорғаныш-ажыратқыш қондырғыларын және кәбілдерін тексеру мен сынау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысанда электр аспабы мен оның қосалқы жабдықтарын есепке алу, тексеру және сынау журналына енгізіледі.
Журналды электр аспабының сақталуы мен жарамдылығы қамтамасыз ететін кәсiпорын бөлiмшесiнің өкімі бойынша тағайындалған адам жүргізеді.
39. Электр аспабының корпустарында келесі тексерудің түгендеу нөмiрлері мен күндері, ал төмендеткіш және бөлшектегіш трансформаторларда, жиілік түрлендіргіштерде, қорғаныш-ажыратқыш қондырғыларда оқшаулау кедергісінің келесі элементтерінің түгендеу нөмірлері мен күндері көрсетіледі.
40. Электр аспаптары мен оған қосалқы жабдықтары олардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы стеллаждармен, сөрелермен, жәшіктермен жабдықталған құрғақ үй-жайларда жүзеге асырылады. Бұдан басқа, электр аспабының паспортында көрcетiлген сақтау шарттарына қойылатын талаптары орындалады.
Электр аспабын ораусыз екi және одан да көп қатарға тізіп жинауға жол берілмейді.
Кәсiпорын шегінде электр аспабын тасымалдау кезінде оның зақымдануын болдырмайтын сақтық шаралары қолданылады. Металл бөлшектерімен және бұйымдарымен бірге электр аспабын тасуға жол берілмейді.
Алып жүретін электр қол шамдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
41. Алып жүретін электр қол шамдарды (бұдан әрі – шамдар) рефлекторлар, қорғаныш торы, аспаға арналған ілмектер мен айыры бар шлангілік жетек көзделді, тор тұтқышқа бұрандамен немесе қамытпен бекітіледі.
Патрон шам корпусына патронның ток өткiзетiн бөлiктерi және шамның түбіне жанаспайтындай орнатылады.
42. Кернеуі 12 және 42 В айырлар кернеуі 127 және 220 В розеткаларға қосу мүмкіндігін болдырмайтын түрде орындалады. Кернеуі 12 және 42 В штепселді розеткалар кернеуі 127 және 220 В желі розеткаларынан ажыратылады.
43. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда шамдарды қоректендіру үшін 42 В аспайтын кернеу қолданылады.
Үлкен метал жерге қосылған бедерлермен тығыз жұмыс істейтін ыңғайсыз жағдаймен байланысты ерекше қолайлы емес жағдайлар болған кезде қолды шамдардың қоректенуі үшін 12 В аспайтын кернеу қолданылады.
44. Қазандық барабандарының, газ өткізгіштері мен оттықтарының, туннельдер мен басқа да жылжымалы төмендеткіш трансформаторлардың ішіне енгізуге жол берілмейді.
Төмендеткіш трансформатордың корпусын жерге қосу және қайта орау, сондай-ақ электр төзімділігін өлшеу осы Қағидалардың 31 және (37-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
45. Кернеуді төмендету үшін автотрансформаторларды, дросселдi орамаларды және реостаттарды пайдалануға жол берілмейді.
46. Шамдарды электр желiсiне қосу үшiн поливинихлоридті немесе резеңке қабықшасы бар пластмасса немесе резеңке оқшаулағышысының қиылысы 0,75-1,5 мм2 мыс талсымы бар сымдар қолданылады.
Шамдарды қосу орындарына сым үйкелісу мен қисаюдан қорғалады.
47. Шам сымының ылғалды, ыстық және майлы беттерге жанасу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі іс-шаралар орындалады.
48. Егер жұмыс уақытында электр шамдарының, сымдардың немесе трансформатордың жарамсыздығы анықталса, алдын ала электр желiсiнен ажырата отырып, оларды жарамдыларымен ауыстырылу қажет.
49. Шамдар құрғақ үй-жайда сақталады.
50. Шамдарды (шамдар, патрондар, штепсель айырлары, сымдары) тапсырушы және қабылдаушы адамдарға шамдарды беру кезінде шам элементтерінің жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
51. Шамдарды жөндеуді электр техникалық персонал атқарады.
52. Пайдалануға берілген шамдардың 6 айда кемінде 1 рет кернеуі 500 В мегаомметрмен оқшаулау кедергiсiн өлшеу жүргізіледі, бұл ретте оқшаулау кедергiсi кемінде 0,5 МОм құрайды.
Жүк көтергіштер ме имек темірлермен жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
53. Электр жүк көтергіштерінің электр жабдықтарының корпустары жерге қосылады.
Еденнен басқарылатын жүк көтергіштерін басқарудың батырмалы аппаратының корпусы оқшаулау материалынан жасалады немесе кем дегенде екi өткiзгiштермен жерге қосылады.
Жерге қосылатын өткiзгiштердің бiрі ретiнде оған батырмалы аппарат ілінген шағын арқанша пайдаланылады.
54. Жүк көтергіштерін қолмен басқарудағы іске қосу аппараттары көтерілетін жүктен қауіпсіз қашықтықта тұрып механизмді басқару мүмкіндігі бар қажетті ұзындықтағы болатты шағын арқаншамен iлiнiп қойылады.
Басқару аппараты еденнен 0,5 м төмен орналасқан кезде оны 1-1,5 м биiктiкке шағын арқаншамен бекітілген iлмекке iлуі керек.
55. Қолды жүк көтергіштерін көтеру механизмі автоматты жүк тiрейтiн тежегiшпен жабдықталады.
Тежегіш тарту күшінің және жүктiң автоматты тоқтауының әсерінен оның ісі тоқтаған кезде жүктi біртіндеп түсiруді және оның қолданысы тоқтаған кезде жүкті атоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз етеді.
56. Құбырларға және олардың аспаларына қолды жүк көтергіштерін бекітуге жол берілмейді.
57. Электрлі жүк көтергіштер жүк қарпығыш орган көтеру механизмін автоматты тоқтату үшін түпкілікті ажыратқыштармен жабдықталады. Жүксіз көтеру кезінде жүк қарпығыш орган тоқтағаннан кейін олардың арасындағы саңылау оны мен тірегіш кемінде 50 миллиметр (бұдан әрі – мм) құрайды.
Жүкті электр жүк көтеруштермен көтерген кезде ілмек сауытының түпкілікті ажыратқанға дейiн және автоматты тоқтату үшін пайдалануға жол берілмейді.
58. Екi жылдамдықты электрлі жүк көтергіштің қозғалысы қозғалыс механизмінде тежегiшшпен жабдықталады.
Жүк көтерушілігі 1,0-ден 5,0 т дейін электр жүк көтергіштер көтеру механизмдерінде екi тежеуiшпен жабдықталады.
Моно рельс ұштарында моно рельстен тыс электр жүк көтергіштеріне кедергі келтіретін тiректер, ал жүк көтергіштердің корпусына серпiмдi буферлер орнатылады.
59. Жүк көтергіштерді мерзімді тексеру, сондай-ақ техникалық куәландыру олардың тазалығын тексере отырып, жақпаның болуына, шестерналар мен жұлдызшалары тізбегінің, сым темір арқандарының, тістерінің жағдайына, басты осьтің ұштарындағы шплинттердің немесе шегінің дұрыстығына, жұлдызшалардағы тізбектің тізбектелуінің және барабандағы сым темір арқанның бекiтуiнің сенiмдiлiгіне, қозғалыс роликтерiнiң тербеліс бетiнiң тозуына, роликтердiң доңғалқырлар мен моно рельсті жолдардың шеткі жиегіннің арасындағы қашықтығына, электр жүк көтергіштердің электр магниттi тежеуiшiнiң дұрыстығына және фрикциялық төсемдердiң тозу деңгейіне, электр қозғалтқыштарының, электр өткiзгiштердің және байланыстардың, басқару аппараттарының, ток қабылдағыштардың және шеткi ажыратқыштардың жағдайына, тетiктердің және шынжырлардың тіреліп қалудың болмауына, сондай-ақ жүк көтергiштердің жұмысы кезінде туындаған шуылының деңгейіне жүргізіледі.
60. Мыналар ауыстыруға жатады:
1) жарығы бар (дәнекерлеуге жол берілмейді) мойыншалар;
2) бұрамдық доңғалағындағы және бұрамдық подшипнигіндегі 1 мм артық саңылау бар төлке;
3) қалыңдығынан тістердің 10 %-дан астам тозуы кезінде қос бұрамдық, бұрамдық доңғалағында жарықтың болуы немесе тістер бөлiгінің болмауы;
4) қалыңдығынан тістердің 10 %-дан астам тозуы кезінде, содай-ақ жарық болған кезде жүк жұлдызшалары;
5) бастапқы қалыңдығынан тозуы 0,5 асқан кездегі фрикциялық төсемдері;
6) жеке тізбектердің деформациялары кезінде жүк және тарту шынжырлары;
7) деформацияланған iлмектер.
61. Жұмысқа іске қосу алдында (күрделі жөндеуден кейiн және кезең-кезеңмен, бiрақ жылына кемінде бiр рет) 500 В кернеуде мегаомметрмен жүк көтергіштің электр жабдығының оқшаулау кедергісі өлшенеді. Оқшаулау кедергісі кемінде 0,5 МОм құрайды.
62. Кемінде 0,5 МОм оқшаулау кедергісі бар жүк көтергіштердің электр жабдығы құрғатуға жатады.
63. Станционарлық жүк көтергіштер мен имек темірлерді сынау оларды орнату орнындарында жүргiзiледi. Жылжымалы жүк көтергіштер сынақ үшін үштұғырлы немесе кез-келген басқа да конструкцияға ілінеді.
Электрлік жүк көтеругіштерді статикалық сынау кезінде сыналатын жүк көтеру механизімінің ілмегі арқылы 200-300 мм биiктiкке көтеріледі және 10 минут ішінде ұсталады, бұл ретте жүкті түсіру бақыланбайды.
Электрлік қол жүк көтергіштерін статикалық сынау кезінде сыналатын жүк жұлдызшаның толық айналымын қамтамасыз ететiн биiктiкке көтеріледі және жүк көтергіш сәйкесті бір келетін қалыпты үш мәрте ұзындыққа қозғалыс ролигiнiң кемінде бiр айналымына жылжытылады.
Сыналатын жүкті көтеріп, имек темірді сынау кезінде қалыпты үш мәрте имек темір екі жағы қашықтыққа балкада бірқалыпты қозғалады, қозғалыстағы доңғалақтардың екi толық айналымына сәйкес келетін.
Бұл ретте қол жүк көтергіштері мен имек темірлер балкаға барлық қозғалыстағы доңғалақтарға сүйенеді. Сондай-ақ шынжырлардың жүгіріп кетуі және үзілудің болмағаны тексеріледі. Тартылыс күшінің қозғалысы астында тартылыс дөңгелегінің айналуы кезінде жүкті бір қалыпты түсіруді қамтамасыз ететін жүк көтергіштердің автоматтық жүк төзімді көтергіш тежегішінің жұмысы және тартылыс күшінің қозғалысы тоқтаған кезде жүкті автоматты түсіру, сондай-ақ жүк көтергіштің төменгі ілмегінің жүксіз еркін бұрылуы тексеріледі.
64. Қол жүк көтерушілері мен имек темірлерді серпінді сынау кемінде 1 м биіктікте қайта (кемінде 6 рет) көтеруді және жүк көтергіштерінің тежегішін, жүк және тарту шынжырлары жұмысының бірқалыптығын тексеру мақсатында сынама жүкті түсіруді білдіреді.
Электрлік жүк көтергіштерді серпінді сынау кезінде көтеру және тежегіш механизмдерінің жұмысы жүк көтеруші конструкцияларының беріктігі және оның жолдау қисық сызықтық учаскелерінде өтуі тексеріледі.
Электрлік жүк көтерушілерді серпінді сынау кезінде кемінде әрбір 5 рет көтеру және түсіру кезінде тоқтай отырып, кемінде 6 м биіктікте сынақ жүгін екі есе көтеруді білдіреді.
Биіктігі кемінде 6 м болатын жүк көтерушілер үшін жүкті көтеру толық биіктікте жасалады. 1 тонналық (бұдан әрі – т) және одан жоғары жүк көтергіш механизмінде екі тежегіш болған жағдайда, олардың іс әрекетін бірге және жеке тексеру қажет. Жүк көтергіштігі 0,25 т және 0,5 т болатын жүк көтергіштердің тежегіштерінің іс әрекетін тексеру бірге жасалуы керек.
Жүкке төзімді тежегішті қолданған жағдайда 800 мм түскен кезде жүктің барынша шығуы.
Жүкті көтеру және түсiрудiң шектегіштер жұмысы кемiнде үш рет тексереді.
Жолдың қисық сызықтық учаскелері бойынша жүк көтергіштердің жүріп өтуін тексерген кезде, жүк көтергіш екі бағытта қозғалған кезде жүк көтергіштер үшін ең аз доғада айналу радиусы 90? жол учаскелері бойынша еркін өтуі тиіс.
65. Жүк көтергіштері мен имек темірлерді сынау кезінде жүктiң өздiгiнен түсiрілуі байқалмайды.
Шынжырдың жұлдызшамен және жүк дөңгелектерімен ойнақтауы, өткізуі немесе сырғанауы анықталған кезде, жүк көтергіштер мен имек темірлердегі жарықтар, үзiлулер мен деформациялар.
66. Жүк көтергіштер мен имек темірлердің жағдайы оларды әрбiр қолдану алдында тексерілуі тиіс.
67. Қол және электрлік жүк көтергіштердің барлық үйкелетiн бөлiктерi, сондай-ақ имек темірлер айына кемінде бiр рет майлануы керек.
Монтер өрмеліктерімен және қадауыл істіктермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
68. Монтер қадауыл істіктері ағаш және ағаш темiр-бетон сүйемелерімен электр беру желiлерi тiректерiнiң жұмыстарына, сондай-ақ байланыс тораптарының тiректерiне арналған.
Қадауыл істіктері Св 110 түрлердiң трапеция қимасының темiр-бетон тiректерiне көтеру үшiн және Св 105-10 кв-тiң 3, 5 электр беру желiлерiне және Св 95-тiң түрi – 0,4 шаршының электр беру желiлерiне (2а) арналған.
69. Қадауыл істіктер мен өрмеліктердің металл бөлшектерi майысқан жерлер, жарықтар, сынықтар, қабыршақтар, өткiр шеттері болмауы керек.
70. Бекiту үшiн материалдар мен белбеулердiң конструкциялары әртүрлi ауа-райының жағдайына және жыл мерзімдерінің, жұмыстардың сенімділігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Кәсiпорындардың бөлiмшелері бойынша өкімімен қадауыл істіктер мен өрмеліктердің жарамдылығына жауап беретін тұлға тағайындалады.
71. Жоғарыға өрмелейтін жұмыстарды өз бетімен орындауға медициналық тексеруден өткен, жоғары өрмелеу жұмысына жарамды деп танылған, кемiнде бiр жыл өтілі бар адамдарға (жұмысшыларға және инженерлiк-техникалық қызметкерлерге) жол беріледі.
Жоғарыға өрмелеу жұмыстарына бірінші рет жіберілген жұмысшылар, бір жылдың ішінде тікелей тәжірибелі жұмысшының қадағалауымен кәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғамен жұмыс істейді. Жоғарыға өрмелеу жұмыстарын өз бетімен орындауға жіберілген тұлға, біліктілік куәлiгiнде осы жұмысты жүргізу құқығында тиісті жазба болуы тиіс.
72. Тiрекке көтерілудiң алдында қадауыл істіктер мен өрмеліктерді қарап, олардың сынау күнінің мерзімі өтпегеніне және тораптар мен бөлшектердің жарамдығына көз жеткізу қажет.
Қадауыл істіктер мен өрмеліктерді қарау жіктерді дәнекерлеудің беріктігіне, тиектердің қатты қорытпалық қондырудың бүтiндiгіне, белбеулердiң тiгісiне және тоқудың сенiмдiлiгiн сақтауға, қосалқы бұрандалардың, шплинттердiң болуына және созылмалы тетігінің барабанында қосарланған серiппелi лентаның ұшының бекiтілу сенiмдiлiгіне, сондай-ақ тетіктің корпусы ұясындағы әмбебап өрмеліктер арқан топсасының ұшы бекiтілуiнің сенiмдiлiгіне, созылмалы тетігінің сабын айналдырумен жарамдылығы жүргізіледі.
73. Мұқалып қалған немесе сынған тиектері бар қадауыл істіктер мен өрмеліктерді қолдануға жол берілмейді.
74. Қадауыл істіктер мен өрмеліктерді статикалық жүктемесі 1350 Н (135 кгс) мерзімді сынау 6 айда кемінде 1 рет жүргізіледі.
Статикалық жүктемені сынау кезінде әрбір қадауыл істікке немесе өрмелікке 5 минут ішінде жүктеме осі басқыштың ортасы арқылы өтуі үшін бекіту белдіктерге тікелей салынады.
Қадауыл істікті немесе өрмелікті және тiреу белдіктерді сынау, егер қадауыл істікті немесе өрмеліктің конструкцияларын олардың бекіту белдіктерімен бірге сынауды бөлек өткiзуге жол беріледі.
75. Сынауға ұсынылған монтер қадауыл істіктері бастапқыда сырттай мұқият байқауға жатады.
Қадауыл істіктерді қараған кезде (орақ тәрізді бөлiкті басқышқа, тиекке бекiту) барлық бөлшектердiң табалдырыққа бекiтiлу жағдайына көңіл бөлу, тоқу қысқыштарының сенімділігі, белдіктердің тiгісінің сақталуын қарау. Тоқтатқыш бұранданы сенімді тартуды және оны тоқтатқыш дөңгелекпен қатайтудыы қамтамасыз етеді. Байқалғаннан және анықталған ақауларды жойғаннан кейін жүктемемен қадауыл істіктерге сынау жасалады. Қадауыл істіктің берiктiгi статикалық жүктемемен жұмыс жағдайында қадауыл істіктің нөмiрiне сәйкес келетін диаметрмен ағаш бағанда тексеріледi.
Қадауыл істік қалған деформацияларсыз және дәнекерлеу жiктерiнiң үзiлуiнсiз, сондай-ақ белдікті үзбей немесе тоқыманы зақымдамай статикалық жүктемеге шыдауы керек.
Статикалық жүктеме алынғаннан кейiн қалған деформацияларға жол берілмейдi.
Қалған деформациялардың болмауын сынаққа дейін және одан кейін ерітіндіні өлшеумен және қадауыл істіктерді көтерумен тексеріледі.
76. Өрмеліктерді байқаған кезде бөлшектердің тораптарының, бұрандалардың қосылуларының жағдайы, сондай-ақ қосалқы бұрандалардың және шплинтердің болуы, белбеулі бекiтулер жағдайы тексеріледi. Әмбебап лазадағы арқанды ілмектің тораптары және оның ерітіндісін реттеу механизмінің жағдайы тексеріледі.
Арқан ілмегін байқаған кезде, қосарланған серiппелi таспаның тармақтары, оның арқанмен қосылысының сенімділігі, арқан сымдарының тозу деңгейі анықталады. Дәнекерлеу жiктерiнде жарылудың немесе қандай да бір механикалық зақымданудың жоқтығы тексеріледі. Ескiрген немесе зақымданған тиектер алынып тасталады және жаңаларымен алмастырылады.
Өрмеліктердің анықталған ақауларын қарап және жойылғаннан кейiн сынауға жатады.
Өрмеліктердің сынау кезінде оларға арналған электр беру желiсiнің төменгі тiрегi бөлігінің конфигурациясын имитациялайтын арнайы сынау стендтiндегi жұмыс күйiне орнатылады.
Әрбір өрмелік статикалық жүктемемен сынаулардан кейiн сырттай байқауға жатқызылады. Бөлшектердің қалған деформациялары, жарықтары, бекіту белбеулерінің үзілуі немесе арқан ілмегіндегі қоспасын реттеу механизмі жұмысында желіну байқалған өрмеліктер, жарамсыздыққа шығарылып, одан әрі пайдалануға жол берілмейді.
77. Имек темір мен өрмеліктерді сынау нәтижелерi такелаждық құралдарды, механизмдерді және құрылғыларды байқау және есепке алу журналына енгізіледі, оның нысаны Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген.
Әрбiр имек темірде немесе өрмелікте жеңіл сатының белбеуінде олардың нөмiрі және келесi сынаудың күні жазылған таңба бекітіледі.
78. Шүйдені жүктемемен тарту үшiн белбеулер сыналмайды, олардың одан әрі пайдалануға жарамдылығы байқаумен белгіленеді.
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Электр аспабы мен оның қосалқы жабдықтарын еспке алу, тексеру және сынау журналы
Электр аспабы мен қосалқы жабдық атауы | Түгендеу нөмірі | Соңғы куәландырылған күні | Сынау, тексеру себебі | Жоғары кернеулі оқшаулауды сынау | Оқшаулау кедергісін өлшеу | Жерге қосу тізбегінің жарамдылығын тексеру | Бос жүру кезіндегі ішкі тексеру мен тексеру жұмыстары | Келесі сынау, тексеру күні | Тексеру, сынау жүргізген адам | ||||||
жұмыстан кейін | мерзімді | күні | нәтижесі | күні | нәтижесі | күні | нәтижесі | күні | нәтижесі | аты- жөні | қолы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Такелаж аспаптарын, механизмдер мен құрылғыларды есепке алу журналы
Жүккөтергіш механизмдер мен құрылғылардың, такелаж құралдарының атауы | Түгендеу нөмірі | Жүккөтергіштігі, кг | Соңғы сынақ күні | Сынақ (қарау) себебі | Өндірістік жөндеу туралы мәліметтер және өткізілген күні | Техникалық куәландыру | Сынақ (қарау) күні мен нәтижесі | Келесі техникалық куәландыру күні | Сынақ (қарау) жүргізген комиссия төрағасы немесе тұлға | |||
Қарау | Статикалық сынақ | Динамикалық сынақ | Аты-жөні | Қолы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |