Bestprofi Logo

Қаулы № 773 от 2012-06-09г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016 г.

Документ на казахском языке

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес «Мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/955 Бұйрығын қараңыз

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысымен бекiтiлген

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары

1. Осы Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін реттейді.

1) мақта иесі – меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

2) кондициялық масса – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;

3) мақтаның сандық-сапалық есебі - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;

4) мақта партиясы – мақтаның сапасы туралы деректері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау өлшемі;

5) нақты салмағы – таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы;

6) шитті мақтаның есептік салмағы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану нормасына келтірілген шитті мақтаның салмағы;

7) мақта қабылдау пункті – шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған мамандандырылған құрылыс.

2. Мақта қабылдау пунктінде мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу

3. Мақтамен жасалатын барлық операцияларды, сандық-сапалық есепті және тиісті құжаттарды ресімдеуді 1 килограмға дейінгі дәлдікпен нақты, есептік салмақта және кондициялық массада мақта тазалау зауыты (мақта қабылдау пункті) жүргізеді.

4. Мақта қабылдауды тиісті әкімшілік аумақтағы мақта қабылдау пункттері және мақта тазалау зауытының жанындағы жұмыс істейтін мақта қабылдау пункті жүзеге асырады.

5. Мақта қабылдау пункті шитті мақтаны қабылдауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдауды ресімдеу;

2) шитті мақтаның кондициялық массасын айқындау;

3) шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп жөнелтуді ресімдеу.

6. Мақта қабылдау пунктіне түсетін шитті мақтаны, қабылданатын шитті мақтаның сорты мен сапасын сыртқы түрі бойынша айқындайтын мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі сапасы бойынша, мақтаны белгіленген тәртіппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейін ІІ-аймақтың тауартанушысы саны бойынша қабылдайды.

7. Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың таразы журналына енгізіледі.

8. Шитті мақтаны қабылдау тауарлық-көліктік жүкқұжаттар негізінде партиялармен жүргізіледі. Күні бойы әрбір тауарлық-көліктік жүкқұжат бойынша қабылданған шитті мақтаның нақты массасын жазу өнеркәсіптік сорттар бойынша бөлек жүргізіледі.

9. Шитті мақтаның сынамаларын іріктеу шитті мақтаны түсіру орындарында оны өлшегенге дейін жүргізіледі.

10. Қабылданған шитті мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды мақта қабылдау пунктінің зертханасы жүргізеді.

11. Шитті мақтаның сынамасын талдау нәтижелерін мақта қабылдау пункті зертханасының зертханашысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны талдау карточкасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына енгізеді.

12. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттар мен шитті мақтаны талдау карточкалары негізінде мақта қабылдау пунктінің бухгалтері бір күнде қабылданған селекциялық сорты бір, жинау түрі мен мақсаты (тұқымдық, техникалық) бір шитті мақтаға және соңынан жиналғанға бөлек осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияны үш данада ресімдейді, оның біреуі мақта иесіне беріледі.

Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияда ластану мен ылғалдылықтың нақты пайызы зертханалық талдау негізінде әрбір өнеркәсіптік сорт бойынша бөлек жазылады.

13. Бір күндік жиынтық деректер қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы квитанциялардан күн сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сандық-сапалық есеп кітабына шитті мақтаның кірісіне жазылады.

14. Шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабында шитті мақтаның есебін мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі нақты, есептік салмағы және кондициялық массасы бойынша жүргізеді.

15. Күн соңында шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияның екі данасы тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен бірге мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшенген көрсеткіштерін есептеу үшін беріледі.

16. Мұнымен қатар мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына қабылданған партиялар бөлінісінде шитті мақтаны талдау карточкалары беріледі.

17. Шитті мақтаның кондициялық массасын есептеу қабылданған күні айқындалған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі және түпкілікті болып табылады.

Жинақталған партиялардан іріктелген шитті мақтаның сынамалары бойынша қабылдаудан кейін жүргізілген сорт, ылғалдылық және ластану бойынша талдау нәтижелері қабылдау кезінде анықталған шитті мақтаның сапа көрсеткіштері мен қабылдау күні белгіленген шитті мақтаның кондициялық массасын өзгертуге негіз бола алмайды.

3. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп жөнелтуді ресімдеу

18. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту селекциялық және өнеркәсіптік сорттар, жинау түрлері бойынша біртекті партиялармен жүзеге асырылады және тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен (үш данада) ресімделеді. Мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелтілетін шитті мақта міндетті түрде өлшеуге жатады.

19. Мақта қабылдау пунктінің зертханасы тиеп жөнелтілетін шитті мақтаға барлық жағдайларда ластануы мен ылғалдылығына талдау жүргізеді. Жауын-шашын немесе ауа температурасы жоғары болған жағдайда сынамаларды іріктеу партияны жөнелтуге дейін бір сағат бұрын жүргізіледі.

20. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжат бланкінде шитті мақтаның салмағы (брутто, ыдыс, нетто), сорты көрсетілуі және лауазымды тұлғалардың қолдары қойылуы тиіс. Шитті мақтаның тиеп жөнелтілетін партиясының ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері тиеп жөнелтілетін күнгі соңғы тауарлық-көліктік жүкқұжатқа жазылады.

21. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде мақта қабылдау пунктінің зертханашысы біріктірілген сынаманы қалыптастырады. Барлық бір күндік партияның деректері күн сайын шитті мақтамен соңғы машинаны жөнелту кезінде соңғы жүкқұжатқа жазылады.

22. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарда сорт көрсеткішін мақта қабылдау пункті шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері бойынша, ал ластану мен ылғалдылық көрсеткіштерін – шитті мақтаның партиясын мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуге дейінгі талдау деректері бойынша көрсетеді.

23. Шитті мақтаның басталған партиясын әкетуді тоқтатуға немесе алдыңғы партияны әкету аяқталғанға дейін басқа партияны тиеуді бастауға жол берілмейді.

24. Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінен шығарылған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі жасалады.

25. Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісін мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, II аймақтың тауартанушысы, мақта қабылдау пункті зертханасының меңгерушісі мен бухгалтер құрамындағы комиссия осы партияны әкеткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.

26. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына қабылдау мен жөнелтуді салыстырып тексеру актісі шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері негізінде үш данада жасалады, оның екеуі қарауға және ол бойынша шешім шығару үшін әкету аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мақта тазалау зауытына жіберіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание