• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 Қаулысы

Редакция 02.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 10 ақпандағы
 № 81 қаулысымен
 бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
 МИНИСТРЛІГІНІҢ 2010 - 2014 ЖЫЛДАРҒА
 АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ Астана қаласы - 2010 ж.
1. Миссиясы және пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайға талдау
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
3.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері
5. Ықтимал қауіптер
6. Мемлекеттік органдардың қол қоюына жоспарланатын келісімдер негізінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл
7. Нормативтік құқықтық актілер және Мемлекет басшысының тапсырмалары
8. Бюджеттік бағдарламалар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
 министрлігінің миссиясы:
Мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
 министрлігінің пайымдауы:
Бәсекеге қабілетті салауатты ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді денсаулық сақтау жүйесі
2. Ағымдағы жағдайға талдау
Халықтың денсаулық жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы оның жауапкершілік дәрежесін көрсететін әлеуметтік бағдарлылығының ықпалдастырылған көрсеткіші болып табылады. Дамытудың, нығайтудың және азаматтар салауаттылығының ұзақ мерзімді бағдарлары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен бекітілген болатын. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту сала алдына қол жетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған қағидатты жаңа міндеттерді қоюға мүмкіндік берді.
2004 жылы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауын орындау үшін әзірленген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасында қолжетімді сапалы, әлеуметтік-бағдарланған және экономикалық тиімді жүйені дамытуға бағытталған қажетті шаралар жиынтығын белгіледі.
2007 жылы техникалық жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту саласындағы көлемді инвестицияларға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаның I кезеңін іске асыру аяқталды, бастапқы медициналық-санитариялық көмекті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық қызметтің сапасын арттыру міндеттері шешілді.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне еніп отыр. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру басымдық ала бастады, бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында көрсетілген.
Таяу арадағы бес жылда денсаулық сақтау саласын дамытуға мынадай болжамды үрдістер әсерін тигізетін болады:
 
Үрдістер мен бар өзгерістер ДСМ жұмысына әсерін тигізетін факторлар
Демографиялық жағдай
Күтілетін туудың өсуі: 1 000 адамға 2008 ж. - 22,75;
2014 ж. - 26,0
Халықтың жалпы санындағы балалардың үлес салмағын ұлғайту: 2008 ж. - 24,1%; 2014 ж. - 25,3%
65 жастан асқан адамдардың үлес салмағын төмендету: 2008 ж. - 7,7%; 2014 ж. - 5,7%
Еңбекке қабілетті жастағы халықтың саны* (2008 ж. 9509,5 мың адам; 2014 ж. - 9700,7 мың адам)
Қала халқы санының өсуі*
(2008 ж. - 8395,1 мың адам; 2014 ж. - 9738,3 мың адам)
Ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметке сұраныстың ұлғаюы
Медициналық қызметке сұраныстың өсуі, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК)** жекелеген түрлеріне (кардиохирургия, трансплантология, нейрохирургия) арналған «күту парақтарының» пайда болу ықтималдығы
Халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы денсаулық сақтау объектілеріне қажеттіліктің өсуі
Денсаулық жағдайы
Таралған қауіп факторларының (қозғалыс белсенділігінің төмендігі, нәрсіз тамақтану, темекі шегу, алкоголь) халықтың денсаулық жағдайына жағымсыз әсері
«Өркениет ауруларымен» сырқаттанушылықтың өсуі:
- Қанайналым жүйесі аурулары 2008 ж. - 100 мың адамға 2170,5; 2014 ж. - 2464,7
- қант диабеті 2008 ж. - 135,0; 2014 ж. - 170,1
Мультирезистенттік нысандар үлесінің ұлғаюымен туберкулезден жалпы сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің төмендеуі
АИТВ/ЖИТС-тің таралу үрдісінің ұлғаюы
Психикалық ауруларды жеткіліксіз анықтау кезінде халықтың психикалық денсаулығының нашарлауы
Әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі медициналық қызметке сұраныстың артуы. Халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы денсаулық сақтау объектілеріне қажеттіліктің өсуі
Медицина кадрларына (кардиохирургтер, эндокринологтер, онкогематологтер) қажеттіліктің өсуі
Мультирезистенттік нысандарды емдеу үшін хоспистер мен бөлімшелерге қажеттіліктің өсуіне байланысты туберкулезге қарсы мекемелерде (бөлімшелерде) стационарлық көмекті тұтынудың төмендеуі. Резервтік қатардағы препараттарға деген қажеттіліктің өсуі.
Шолушылық эпидемиологиялық қадағалауды күшейтудің және мінез-құлық қаупі топтарында есірткі тұтынудың зиянын төмендету бағдарламаларын енгізудің қажеттілігі.
Психологиялық-психиатриялық көмек қызметтеріне қажеттіліктің өсуі.
Психикалық бұзылулардың статистикалық есебін жетілдірудің қажеттілігі.
Медициналық қызмет нарығын кеңейту
Халықтың әл-ауқатының артуы, сапалы медициналық қызметке және қазіргі заманғы дәрілік заттарға сұранысты ұлғайту
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу.
Медициналық қызметті ұсынушылардың арасындағы бәсекелестіктің артуы, ерікті медициналық сақтандыру нарығын дамуы.
Емделушінің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау принципін енгізу арқылы медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік ортаның қалыптасуы.
Қоршаған ортаның әсері
Табиғи және техногендік сипаттағы факторлар әсерлерінің салдарынан экологиялық жағдайдың нашарлауы Қоршаған ортаның зиянды факторларына байланысты ауруларды (тыныс алу мүшелерінің аурулары онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т.б.) диагностикалау және емдеу жөніндегі медициналық қызметке деген сұраныстың артуы.
Қаржылық дағдарыс
Әртүрлі салаларда жұмыс орындарының қысқартылуы, денсаулық сақтау саласына медицина кадрларының ағыны күтіліп отыр.
Денсаулық сақтау объектілерін салуды бастау мерзімдерінің ауыстырылуы. Ауруханаларды күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржы қаражатының қайта бөлінуі.
Кадрларды қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын ұйымдастырудың қажеттілігі.
Авариялық жағдайдағы денсаулық сақтау объектілерінің үлес салмағының төмендеуі.
Бұл үрдістерді шешуді талап ететін қазіргі уақытта бар жүйелік проблемалармен өзара байланысты қарау қажет:
1) Азаматтар денсаулығы төмен деңгейі 
Әйелдер мен балалар денсаулығының жеткіліксіз деңгейі, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралу, қоғамдық денсаулық деңгейінің төмендігі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен жеткіліксіз қамтамасыз ету тұтас алғанда азаматтар денсаулығы деңгейінің төмендігін айқындайды.
1-график. 2004 - 2008 жылдарда Қазақстан Республикасындағы демографиялық көрсеткіштердің серпіні (1000 адамға шаққанда)
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу деңгейінің 18,19-дан (2004 жылы) 22,75-ке дейін (2008 жылы) артуы, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы - 9,74 (2004 жылы - 10,14), халықтың табиғи өсуі коэффициентінің 1000 адамға 1301 дейін (2004 жылы - 8,05-ге) ұлғаюы байқалады. Демографиялық жағдайда позитивті алға басуға қарамастан, әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы проблемасы өзекті күйінде қалып отыр, 16/%-ға дейінгі неке ұрықсыз болып отыр. Аналар өлім-жітімінің көрсеткіші төмендеуіне қарамастан оның деңгейі жоғары күйінде қалып отыр, 2008 жылы бұл көрсеткіш 100 000 тірі туғандарға шаққанда 31,2-ні құрады. Мұның негізгі себептері аборттардың жоғары деңгейі мен сырқаттанушылықтың (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар анемия) салдарынан болатын акушерлік қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патология болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының нашарлығынан және оны тиісті стандарттаудың болмауынан қиындай түседі.
2-график. 2004 - 2008 жылдарда Қазақстан Республикасында ана (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) мен нәресте өлім-жітімі көрсеткіштерінің серпіні (1000 тірі туылғандарға шаққанда)
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Нәрестелер өлім-жітімі көрсеткіші соңғы жылдары төмендеу үрдісіне ие болды. 2008 жылдан бастап тірі туу мен өлі туудың жаңа өлшемдеріне көшкендіктен, бұл көрсеткіш болжанған 30,0 болғанда 1 000 тірі туғандарга шаққанда 20,76-ны құрады. 2008 - 2009 жылдары Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі1 (ЖБИ) нәтижесі бойынша, Қазақстан нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі бойынша 1 000 тірі туғандарға шаққандағы (2007 жыл) 27,0 көрсеткішпен 87 орынды иеленді, бұл ретте статистикалық деректердің айырмашылығы тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерінің негізінде есептерді пайдаланумен түсіндіріледі. 2009 - 2010 жылдары (ЖБИ) нәтижесі бойынша Қазақстан өз позициясын жақсартып, 85 орынды иеленіп отыр. Нәрестелер өлім-жітімінің құрылымы дамыған елдердегі осындай жағдайға сәйкес келеді және алдын алуға болатын себептермен (асфиксия, туу кезеңдегі жарақаттар мен жұқпалар) түсіндіріледі. 2008 жылы бастап республикада аналар мен балалар өлім-жітімін төмендетудің 2008 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру басталды, оның шеңберінде тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдері2 енгізілген. Бағдарламаны іске асыру босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартады, жаңа перзентханалар мен балалар ауруханалары салынатын болады, перинатология саласында озық технологиялар енгізілетін болады. 2009 жылы Аналар мен балалар өлім-жітімін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штаб ұйымдастырылды, Аналар мен балалар өлім-жітімін төмендету бойынша қысқа, орта және ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспарлары бекітілді. Ана мен нәресте өлім-жітімінің күн сайынғы мониторингі жүргізілуде. Бұдан әрі ана мен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштерін төмендету үшін ұйымдастыру және технологиялық сипаттағы шаралар қабылданатын болады. Халықаралық тәсілдердің талаптарына сәйкес, жүктілік кезіндегі жағдайдың қайта қарастырылған клиникалық хаттамаларын енгізу, санитариялық авиация қызметін қамтамасыз ету, босануға жәрдем беретін және жас балалар қызметінің медицина қызметкерлерін жаңа технологияларға үйрету, каскадты тренингтер өткізу жоспарланып отыр.
Қабылданатын шаралар аналар өлім-жітімі көрсеткішін 31,0-38,0 деңгейінде тұрақтандыруға және нәрестелер өлім-жітімінің деңгейін 16,5-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді
3-график. 2004 - 2008 жылдарда Қазақстан Республикасында туылу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Әлеуметтік мәні бар айтарлықтай экономикалық шығын әкеледі және күтілетін өмір сүру ұзақтығын төмендетеді, 2008 жылы өмір сүру ұзақтығының деңгейі 67,11 жасты құрады (2008 - 2009 жылдары ЖБИ рейтингінде Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы бойынша 64 жастық көрсеткішпен Қазақстан 101 орынға ие болды. 2009 - 2010 жылдардың ЖБИ нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің жағдайын жақсартып, 85 орынды алып отыр. Қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез бен АИТВ/ЖИТС-тің мәні зор болып отыр.
Жалпы өлім-жітім құрылымында барынша үлкен үлес салмағы (50,3%) қанайналым жүйесінің ауруларына (ҚЖА) келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы ҚЖА-дан қайтыс болғандардың саны 76 750 адамды құрады, бұл ретте еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі (16-62 жас) 27%-дан аса құрады. ҚЖА-дан өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде республиканың 10 облысында кардиохирургиялық бөлімшелер ашылды, 2009 жылдың соңына дейін Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында кардиохирургиялық бөлімшелер ашу жоспарланып отыр. 2012 жылға дейін 2 өңірлік кардиохирургиялық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланған. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің кейбір төмендеуіне қарамастан (2004 жылғы 192,4,2-тен 2008 жылы 180,73 ) асқынған нысандары көбейіп барады (57%), ал өлім-жітім жалпы өлім-жітім құрылымында үшінші позицияны иеленеді. Жағдайды жақсарту жөніндегі шаралардың қатарында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламасын жалғастыру, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жарақтандыру, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру қажет. 2010 жылы сүйек кемігін трансплантаттау орталығы құрылады, онда сүйек кемігі ауыстырып қондыру бойынша операциялық жүргізілді
4-график. Қазақстан Республикасында 2004 - 2008 жылдарда туберкулезбен сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштерінің серпіні (100 000 адамға шаққанда)
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Өткен үш жылда туберкулезден сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (тиісінше 100 000 адамға шаққанда 154,3-тен 125,5-ке дейін және 20,6-дан 16,9-ға дейін) төмендегені белгілі болды, алайда, эпидемиологиялық ахуал қиын күйінде қалып отыр. 2008 - 2009 жылдардағы ЖБИ рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 94-орынды және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111-орынды иеленді. 2009 - 2010 жылдардағы ЖБИ нәтижесі бойынша туберкулезбен сырқаттанушылықтың кейбір жағдайлары төмендеуі байқалып, Қазақстан 96-шы орынды, ал бизнеске әсер етуі бойынша - көрсеткіш жақсарып, 97-ші орынды иеленді. Жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа (соңғы үш жылдағы туберкулезге қарсы 19 мекеме) БОТВ-плюс туберкулезді емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан, туберкулездің таралуын эпидемиологиялық қадағалау, дәрі-дәрмекке тұрақтылықтың дамуы, туберкулезден өлім-жітім мәселелері өзекті болып қалуда. Бұл проблеманы шешу үшін туберкулезге қарсы қызмет жұмысының аудиті өткізіледі, туберкулезді диагностикалау стандарттарын, туберкулезге қарсы препараттардың сапасына қойылатын талаптарды, емдеуге жатқызу өлшемдері эпидемиологиялық мониторинг шараларын, материалдық-техникалық жарақтандыру стандарттарын қамтитын ведомствоаралық кешенді шаралар әзірленіп, енгізілетін болады. Бастапқы медициналық санитарлық көмектің (БМСК) туберкулездіерте анықтаудағы (ерте анықтау үшін стимулдарды енгізу) рөлі кеңейетін болады. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 125 бұйрығымен Көптеген дәріге көнбейтін туберкулез жөніндегі нұсқау және Туберкулезбен ауыратын сырқаттарды емдеудің хирургиялық әдістері туралы ереже бекітілген. Емдеуден жалтарып жүрген, аурудың жұқпалы түрлерімен ауыратын сырқаттарды мәжбүрлеп емдеу үшін төсек қуаттылығы 475 болатын 15 мамандандырылған бөлімше жұмыс істейді.
ДДҰ деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында тұр (1,1% орташа әлемдік көрсеткіште халық 0,012%). (1987 жылдан бастап) арту жиынымен 2009 жылғы 1 шілдеде 12 807 АИТВ жұқтырған адам тіркелді. 2008 - 2009 жылдары ЖБИ рейтингінде Қазақстан АИТВ-ның таралуы бойынша 23-ші орынды және АИТВ-ның бизнеске әсер етуі 95-ші орынды иеленді. 2009 - 2010 жылдары рейтинг нәтижелері бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны байқалады: АИТВ-ның таралуы бойынша 15-ші орын, ал АИТВ-ның бизнеске әсер етуі бойынша 85-ші орынды иеленді. Індеттің шоғырланған сатысында АИТВ жұқпасының таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс-шараларын кеңейтуді, сондай-ақ оған ЖИТС-пен ауыратын сырқаттар мұқтаж вирусқа қарсы терапияны толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғастырылатын болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (2000) халықтың сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің 130 негізгі себептері тізбесіне қосқан созылмалы вирусты гепатитпен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында Министрлік нысаналы топтарға ерекше назар аудара отырып, бауырдың созылмалы вирусты аурулармен ауыратын адамдардың ұлттық тіркелімін құруға, сондай-ақ пациенттерді вирусқа қарсы терапия дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етуді қолдаудың мемлекеттік жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралар әзірлеуді жоспарлауда.
Жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітім себептерінің ішінде екінші орында тұр. Жарақаттанушылықты төмендету үшін жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу, жедел медициналық жәрдем қызметінің, магистралдық жолдардың бойында орналасқан ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Одан басқа, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігін сақтауды күшейту проблемалары бойынша көлік-коммуникациялық кешен қызметтерімен бірлесіп іс-қимылды үйлестіруді күшейту қажет. Республика тұрғындарын білікті жедел медициналық көмегімен толық қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ көлік медицинасын дамыту бағдарламасын әзірлейтін болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту өзекті міндет күйінде қалып отыр. 2009 жылы халықтың обамен сырқаттануы тіркелген жоқ, халықтың сырқаттануын болдырмау бойынша санитариялық-профилактикалық шараларды жүргізу барысында республиканың обаға қарсы күрес станциялары 729 574,3 шаршы шақырым алаңдағы аумақты оба бойынша эпизоотологиялық тексеру, 1377,43 шаршы метр алаңда кенттік дератизация, 955,65 шаршы метр алаңда кенттік дезинсекция жүргізді. Эндемиялық аудандарда 113615 адам обаға қарсы егілді.
Бұрқ етуі шекаралас елдерде тіркеліп жатқан аса қауіпті және инфекциялық аурулардың (қалыптан тыс пневмония, құс тұмауы, H1N1 типті тұмауы, 71 типті энтеровирусты жұқпа және т.б.) келу қаупіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісу қаупі сақталып отыр.
ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру салтына, көптеген созылмалы жұқпалы емес ауруларға (жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары, қант диабеті және т.б.) байланысты болады, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты болады. Соған байланысты қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып отыр. Осы мақсатта шеңберінде денсаулық сақтау бюджетінен салауатты өмір салты бағдарламасын қаржыландыру ұлғаятын 2008 - 2016 жылға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру басталды. Саланың профилактикалық бағыттылығы күшейтіліп, халықтың жекелеген санаттарын профилактикалық тексерулерімен қамту ұлғаятын болады, азаматтардың және бірінші кезекте балалардың дене белсенділігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Әлеуметтік тапсырысты орналастырудың арқасында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілетін болады. Одан басқа, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында стратегия қабылданатын болады. 2009 жылы «Салауатты өмір салты» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттермен 1045,853 млн. теңге бөлінген, бөлінген қаражат ақпараттық-білім беру материалдарын шығаруға, жастарға арналған денсаулық орталықтарды ашуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін ресурстық жарақтандыруға бағытталатын болады.
Психоактивті заттарды қолдануымен байланысты психикалық бұзылулармен және мінез-құлықтың бұзылулары сырқаттанушылығы жоғары деңгейде қалып отыр, 2008 жылы бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 391,7-ні құрады (2004 ж. - 404,1). Нашақорлықтың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың шеңберінде 2009 жылы республиканың оқу орындарында психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламасын апробациялау жүргізу және енгізу жоспарланды. Көрсетілген іс-шаралар 3 млн. теңге мөлшерінде қаржы шығыстарын көздейді, жалпы 2010 - 2012 жылдар аралығында 15 млн.теңге бөлу жоспарланған.
Сектораралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында 2009 жылы мүдделі мемлекеттік органдармен нәрестелердің өлім-жітімін, туберкулез және АИТВ жұқпасының таралуын төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі индикаторларының деңгейін жақсарту бойынша тиісті келісімдерге қол қойылды.