• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 10.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Миниcтрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 12 маусымдағы
 № 558 қаулысымен
 бекітілген
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру;
2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру,  техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) әзірлеуге ұсынылатын техникалық регламенттердің тұжырымдамаларын алдын ала қарау қорытындылары бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) салалардағы техникалық реттеу және метрология жүйелерін дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
1) мемлекеттік органдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер алу үшін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін Комиссияның отырыстарында тыңдауға;