Toggle Dropdown
Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң регламентiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 848 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8242 тіркелді
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттiк қызметтiң үлгi регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi С. Қайырбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
А. Жұмағалиев__________
19 желтоқсан 2012 ж.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 848 бұйрығымен
бекітілген
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет берушілер) баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталықтар), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған (медиа-бөліктері бар электрондық мемлекеттік қызмет).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: транзакциялы.
5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе (АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беруге және ұсыну үшін бағытталған жүйе;
2) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңғыртылған және қызметін тоқтатқан лицензия, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиат филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтер бар ақпараттық жүйе;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) - электрондық қызметті іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін ықпалдастыру үшін бағытталған ақпараттық жүйе;
4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭТҮШ) - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банктік операциялардың жекелеген түрін жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктердің, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің арасындағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін бағытталған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) - ақпаратты автоматтандырылған жинау, сақтау және өңдеу үшін Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай идентификациясын енгізу мақсатында жеке идентификациялық нөмірінің Ұлттық тіркелімін құру және олар туралы өзекті және дәйекті мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құзыреті шеңберінде басқа да субъектілерге ұсыну үшін бағытталған ақпараттық жүйе;
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) - ақпаратты автоматтандырылған жинау, сақтау және өңдеу үшін Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында жеке сәйкестендіруді сәйкестендіру нөмірінің Ұлттық тіркелімін құру және олар туралы жаңартылған және дәйекті мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құзыреті шеңберінде басқа да субъектілерге беру үшін бағытталған ақпараттық жүйе;
7) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
8) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
9) мемлекеттік қызметті алушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оны пайдаланатын субъект;
10) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
11) электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қол қою құралдарымен дайындалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қол қою арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
14) электрондық лицензия - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен теңесетін электрондық құжат түріндегі лицензия;
15) құрылымдық - функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе мемлекеттік қызмет көрсету үдерісен қатысатын басқа да ұйымдардың тізбесі;
16) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО АЖ) - халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Осы регламентке 1-қосымшаға сәйкестендірілген қызметті ұсынушының қадамдық әрекеті және ЭҮП арқылы шешімі (электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекетінің № 1 диаграммасы ):
1) тұтынушы ЭҮП тіркелуді тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады) жүзеге асырады;
2) 1-процесс - ЭЦҚ тіркеу куәлігін тұтынушы компьютерінің интернет-браузеріне тіркеу, мемлекеттік қызмет алу үшін ЭҮП тұтынушы парольін енгізу үдерісі (іске қосу үдерісі);
3) 1-шарт - ЭҮП тіркелген тұтынушы туралы мәліметтің дұрыстығын логин (ЖИН/БИН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс - аталған тұтынушының бұзушылықтарының болуына байланысты іске қосудан бас тарту жөнінде ЭҮП-мен хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-процесс - тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттардың сұранымына тіркелген оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып тұтынушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу);
6) 4-процесс - ЭТҮШ-ке қызметке ақы төлеу, одан кейін ақпарат «Е лицензиялау» МДҚ АЖ түседі;
7) 2-шарт - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызмет көрсетуге төлем жүргізу фактісін тексеру;
8) 5-процесс - «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызмет көрсетуге төлем жүргізілмеуіне байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс - тұтынушының сұранымды (қол қоюды) куәландыру үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
10) 3-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН көрсетілген ЭЦҚ тіркеу куәлігінде ЖСН/БСН сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
11) 7-процесс - тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс - қызмет көрсетуге арналған сұранымның толтырылған нысанның (енгізілген мәліметтердің) тұтынушы ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс - электрондық құжатты (тұтынушы сұранымды) «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұранымды «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
14) 4-шарт - қызметті ұсынушының тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беруге арналған негізділігіне сәйкестігін тексеруі;
15) 10-процесс - аталған тұтынушының «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-процесс - тұтынушының ЭҮП қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет ұсынушының уәкілетті тұлғасы ұсынған ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырады.
7. Осы регламентке 1-қосымшаға сәйкестендірілген қызметті ұсынушының кезеңдік әрекеті және ЭҮП арқылы шешімі (электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекетінің № 2 диаграммасы ):
1) 1-процесс - ЭЦҚ тіркеу куәлігін тұтынушы компьютерінің интернет-браузеріне тіркеу, мемлекеттік қызмет алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не тұтынушы парольін енгізу процесі (іске қосу процесі);
2) 1-шарт - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тіркелген тұтынушы туралы мәліметтің дұрыстығын логин (ЖИН/БИН) және пароль арқылы тексеру;
3) 2-процесс - аталған қызмет ұсынушының қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту жөнінде «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-мен хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-процесс - қызмет көрсетушінің қызметкері осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және қызмет көрсетушінің қызметкерінің аталған тұтынушының сұранымын енгізу;
5) 4-шарт - мемлекеттік қызметті алушының деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ жіберу;
6) 2-шарт - мемлекеттік қызмет алушылардың деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ болуын тексеру;
7) 5-процесс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да мемлекеттік қызмет алушылардың деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-процесс - қағаз нысанындағы құжаттардың болуы және мемлекеттік қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетудің сканерлегені және оларды сұраным нысанына қоса тіркелгені туралы белгі бөлігінде сұраным нысанын толтыру;
9) 7-процесс - сұранымды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұранымды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
10) 3-шарт - қызметті ұсынушының мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беруге арналған негізділігіне сәйкестігін тексеруі;
11) 8-процесс - аталған мемлекеттік қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-процесс - мемлекеттік қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет ұсынушының уәкілетті тұлғасы ұсынған ЭЦҚ пайдалана отырып, қалыптастырады.
8. Осы регламентке 1-қосымшаға сәйкестендірілген Орталық операторының кезеңдік әрекеті және Орталық арқылы шешімі (электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекетінің № 3 диаграммасы ):
1) 1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін Орталық операторының «Е-дицензиялау» МДҚ АЖ-не парольді енгізу үдерісі (іске қосу үдерісі);
2) 2-процесс - Орталық операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қызмет Орталық операторының аталған мемлекеттік қызметті алушының сұранымын енгізу:
3) 3-процесс - мемлекетік қызметті алушының деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ жіберу;
4) 1-шарт - мемлекеттік қызмет алушылардың деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ болуын тексеру;
5) 4-процесс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да мемлекеттік қызмет алушылардың деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5-процесс - қағаз түріндегі құжаттардың болуы және мемлекеттік қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды Орталық операторының сканерлегені және оларды сұраным нысаны мен қызмет көрсетуге арналған сұранымның ЭЦҚ арқылы толтырылған нысандағы куәлігінің (енгізілген деректер) қоса тіркегені туралы белгі бөлігінде сұраным нысанын толтыру;
7) 6-процесс - Орталық операторының ЭЦҚ куәландырған (қолы қойылған) мемлекетік қызметті алушының электрондық құжатын (тұтынушы сұранымды) ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ жіберу;
8) 7-процесс - электрондық құжатты (тұтынушы сұранымды) «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу;
9) 2-шарт – мемлекеттік қызметті алушының стандарттың 11-қосымшасында көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсетуге арналған негізге қоса беріліп отырған қызметті ұсынушыны тексеру (өңдеу);
10) 8-процесс - мемлекеттік қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дағы құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-процесс - мемлекеттік қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) Орталық операторы арқылы алу.
9. Қызметке сұранымды және жауапты толтырудың нысандары www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында ұсынылған.
10. Мемлекеттік қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұранымның орындалу деңгейін тексеру тәсілі: «электрондық үкімет» порталында «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызметті ұсынушыға немесе Орталыққа хабарласқан кезде.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
13. Әрбір іс-әрекетті орындау мерзімі көрсетілген әрбір іс-әрекеттің (рәсімнің, қызметтің, операцияның) жүйелігі мен әрекеттерінің мәтіндік кесте сипаттамалары осы регламентке 2-қосымшаға келтірілген.
14. Іс-әрекеттің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) диаграмма олардың сипаттамаларына сәйкес осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
15. Осы регламентке 3-қосымшада хабарлама нысанын қоса алғанда электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері ұсынылуы (шығыс құжаты) тиіс сәйкес нысандар, бланкілердің шаблондары ұсынылған.
16. Мемлекеттік қызметті алушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
17. Мемлекеттік қызметті алушылардың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) кәсіби әдеп пен мәдениетті сақтау;
4) көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және оның құпиялығы;
6) белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушы алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;
4) Пайдаланушыда ЭҮП болуы;
5) банктік карточканың немесе екінші деңгейлі банктерде ағымдық шоттың болуы.
«Мемлекеттік қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара қарым-қатынас жасаудың № 1 диаграммасы
Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара қарым-қатынас жасаудың № 2 диаграммасы
ХҚКО АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара қарым-қатынас жасаудың № 3 диаграммасы
«Мемлекеттік қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
1 | Іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2 | ҚФБ атауы | Алушы | ЭҮП | Алушы | ЭТҮШ | ЭҮП | Алушы | ЭҮП | Алушы | ЭҮП | ЭҮП | ЭҮП |
3 | Іс-әрекеттердің атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы | Тұтынушының компьютеріндегі интернет-браузерде ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу | Тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастырады | Қызметті таңдайды және электрондық нысандағы қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып сұраным деректерін қалыптастырады | Қызметке ақы төлеу | Төлем жүргізілмегендігіне байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады | Сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау | Тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқасы расталмағандығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады | ЭЦҚ арқылы куәландырылған (қол қойылған) сұраным | Электрондық құжатты (тұтынушы сұранымды) «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұранымды «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу | Алушының «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-дағы деректерінде бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады | Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
4 | Аяқтау нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) | Тұтынушының компьютеріндегі интернет-браузерге ЭЦҚ тіркеу куәлігінің тіркелген деректері | Тұтынушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты бас тарту жөнінде хабарлама | Қоса тіркелген құжаттары бар толтырылған өтініш жолдары | ЭТҮШ қалыптастырған қызметке ақы төлегендігі туралы түбіртек | Төлем жүргізілмегендігіне байланысты бас тарту туралы хабарлама | Сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдалды | Бас тарту туралы хабарлама | ЭЦҚ қол қойылған сұраным | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұранымның тіркеу нөмірі (бірегей нөмір) және өтініш бойынша деңгейлер | МО уәкілеті ЭЦҚ қол қойған бас тарту туралы жауап | Электрондық лицензия |
5 | Орындау мерзімі | 10–15 сек | 20 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 10–15 сек | 10–15 сек | 10–15 сек | 1,5 мин | 15 жұмыс күні | 10–15 сек | 10–15 сек |
6 | Келесі іс-әрекеттін нөмірі | 2 – егер осы тұтынушылардың деректерінде бұзушылықтар болса; 3 – егер іске қосу ойдағыдай өтпесе | – | 4 | 5 – егер төлемесе, 6 – егер төлесе | – | 7 | 8 – егер ЭЦҚ қателік болса, 9 – егер ЭЦҚ қателік болмаса | - | 10- қызметті ұсынушының алушының біліктілік талаптарына және лицензия беруге арналған негізділігіне сәйкестігін тексеруі | | - |
2-кесте. Қызмет ұсынушы ҚФБ арқылы іс-әрекетінің сипаттамасы
1 | Іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2 | ҚФБ атауы | Қызмет ұсынушы | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | Қызмет ұсынушы | ЖК МДҚ, ЗТ МДҚ | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | Қызмет ұсынушы | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | Қызмет ұсынушы |
3 | Іс-әрекеттердің атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы | «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ іске қосылады | Қызмет ұсынушының қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастырады | Қызмет ұсынушының қызметкерінің қызметті таңдауы | Алушының деректері туралы сұранымды ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ жіберу | ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру | Құжаттарды қоса тіркей отырып сұраным ның санын толтыру | Электрондық сұранымды «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұранымды «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу | Алушының «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да бұзушылықтарына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
4 | Аяқтау нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) | «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ іске қосу өтті немесе өткен жоқ | Қызмет ұсынушының қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту жөнінде хабарлама | Қызмет ұсынушының қызметкері тиісті қызметті таңдады | Алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ тексеруге арналған сұраным | ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама | Құжаттарды қоса тіркей отырып толтырылған сұраным нысаны | Электрондық сұраным «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелді және қызметті «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу | Алушының «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да бұзушылықтарына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама | Электрондық лицензия |
5 | Орындау мерзімі | 10–15 сек | 10 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 1,5 мин | 10–15 сек | 15 күнтізбелік күн | 10-15 сек | 10–15 сек |
6 | Келесі іс-әрекеттін нөмірі | 1 - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тіркелген алушы туралы деректің түпнұсқалығын қызмет ұсынушының қызметкерінің логині және парольі арқылы тексеру | - | 3 | 4 – егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса; 5 – егер іске қосу ойдағыдай өтсе | - | - | 8 – егер «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұраным бойынша деректер болмаса; 9 – Егер сұраным бойынша деректер табылса | | |
3-кесте. ХҚҚО ҚФБ арқылы іс-әрекетінің сипаттамасы
1 | Іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2 | ҚФБ атауы | Орталық операторы | Орталық операторы | Орталық операторы | ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ | Қызмет ұсынушы | Қызмет ұсынушы | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ | «Е лицензиялау» МДҚ АЖ |
3 | Іс-әрекеттердің атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы | «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ іске қосылады | Қызмет ұсынушының қызметкерінің қызметті таңдауы | Алушының деректері туралы сұранымды ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ жіберу | Алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру | Құжаттарды қоса тіркей отырып және ЭЦҚ арқылы куәландыра отырып сұраным нысанын толтыру | Орталық операторы ЭЦҚ арқылы куәландырған сұранымды жіберу | Электрондық құжат «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелді және қызметті «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу» | Алушының «Е лицензиялау» МДҚ АЖ-да бұзушылықтарына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылды | Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
4 | Аяқтау нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) | «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ іске қосу өтті немесе өткен жоқ | Қызмет ұсынушының қызметкерінің қызметті таңдауы | Алушының деректерді тексеруге ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ сұраным жіберілді | ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырылды | Құжаттарды қоса тіркей отырып және ЭЦҚ арқылы куәландыра отырып толтырылған сұраным нысаны | Орталық операторы ЭЦҚ арқылы куәландырған сұраным жіберілді | Сұранымды өтініш бойынша нөмір беру жүйесіне тіркеу | Сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Электрондық лицензия |
5 | Орындау мерзімі | 10–15 сек | 10 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 1,5 мин | 10–15 сек | 15 күнтізбелік күн | 10–15 сек | 10–15 сек |
6 | Келесі іс-әрекеттін нөмірі | 1 - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тіркелген алушы туралы деректің түпнұсқалығын қызмет ұсынушының қызметкерінің логині және парольі арқылы тексеру | – | 4 | 5 – егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса; 6 – егер іске қосу ойдағыдай өтсе | - | - | 8 – егер «Е- лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұраным бойынша деректер болмаса; 9 – Егер сұраным бойынша деректер табылса | - | - |
«Мемлекеттік қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
20____ жылғы «____» ________________ №________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
лицензияланатын қызмет түрiнiң атауы)
_____________________________________________________ айналысуға
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, БСН деректемесi/жеке
________________________________________________________ берiлдi
тұлғаның ЖСН деректемесi, аты-жөнi толығымен)
Лицензия түрi ___________________________________________________
_________________________________________________________________
(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары
_________________________________________________________________
(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына
Лицензиар _______________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
Басшы (уәкiлеттi адам) __________________________________________
басшының (уәкiлеттi адамның) Т.А.Ә., қолы
Берiлген орны ________________________
Үзiк сызықпен бөлiнген үзбелi талон
Бақылау талоны Лицензияның нөмiрi ____________________________________________ Облыс, қала ___________________________________________________ _______________________________________________________ берiлген (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, БСН деректемесi/жеке тұлғаның ЖСН деректемесi, аты-жөнi толығымен) Қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрi _________________ _______________________________________________________________ ______________ Лицензиар _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (лицензияны берген орган) Берiлген күнi «____» __________________ 20 ___ жыл Басшы (уәкiлеттi адам) _______________________________________________________________ (басшының (уәкiлеттi адамның) Т.А.Ә., қолы) |
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
Мемлекеттiк лицензияға қосымша
Лицензияның нөмiрi_______ № ____________
Лицензияның берiлген күнi 20 __ жылғы ___ ______________
Лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi(лерi) ______________________
________________________________________________________________
лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiнiң атауы)
________________________________________________________________
Лицензиат ______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, БСН
деректемесi/жеке тұлғаның ЖСН деректемесi, аты-жөнi толығымен)
________________________________________________________________
Лицензиар ______________________________________________________
(лицензияға косымша берген органның толық атауы)
________________________________________________________________
Басшы (уәкiлеттi адам) _________________________________________
басшының (уәкiлеттi адамның) Т.А.Ә., қолы
Лицензияға қосымша берiлген күнi: 20 ___ жылғы ___________
Лицензияның қолданылу мерзiмi ____________________________
Лицензияға қосымша берiлген орны _________________________
«Мемлекеттік қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
4-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны
_____________________________________
(қызметтің атауы)
1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі мен сапасына қанағаттандыңыз ба?
2) ішінара қанағаттандым;
2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
2) ішінара қанағаттандым;