1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Осы редакция 06.01.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi:
шикi мұнайға орташа бағаны айқындау мақсатында мұнай шикiзатының әлемдік нарығындағы бағалардың ай сайынғы мониторингін жүзеге асырсын;
ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын eceптеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін;
мониторинг нәтижелерін ресми баспа басылымдарында жариялауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу epeжeciнің 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi