• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 21.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат берсiн. 
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006 № 5, өзгертілді - 28 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).01.2008 № 75 Қаулыларымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006 № 5, өзгертілді - 08 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).04.2008 № 328 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды. 
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 15 қазандағы
 N 1036 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi 
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. 
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2008. № 75 Қаулысымен (15.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды. 
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. 
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),       мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;