"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1310 Қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) #$Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандары (сипаттамасы);
2) Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды беру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.06.2006. № 515 қаулысымен. (15.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулысымен бекiтiлген
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандары (сипаттамасы)
1. Куәлiк, аттестат, диплом қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және бiлiм алушының тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартын меңгергенiн және (немесе) оған бiлiктiлiк берудi куәландыратын бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың (бұдан әрi - мемлекеттiк үлгiдегi құжат) түрлерi болып табылады.
2. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың барлық түрлерi:
1) көлемi 224х160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн - 310х155 мм);
2) көлемi 210х150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн - 310х110 мм);
3) қосымшадан тұрады.
3. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың мұқабасы:
1) мемлекеттiк үлгiдегi үздiк құжат yшiн - көк түстi;
2) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған адамдарға берiлетiн мемлекеттiк үлгiдегi құжат үшiн - көгiлдiр түстi;
3) ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн - күрең қызыл түстi;
4) мемлекеттiк үлгiдегi барлық қалған құжаттар үшiн - қою көк түстi болып жасалады.
4. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың барлық түрлерiнiң мұқабасында алтын түспен жасалған:
1) жоғарғы жағында - мемлекеттiк тiлде "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазулар;
2) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
3) Мемлекеттiк елтаңбаның төменгi жағында - мемлекеттiк үлгiдегi құжат түрiнiң мемлекеттiк тiлде өрнектелiп жазылған атауы орналасады.
Мемлекеттiк үлгiдегi құжат түрi атауының астына мынадай өрнектелген жазу орналастырылады:
"Үздiк" - мемлекеттiк үлгiдегi үздiк құжаттар үшiн;
"Алтын белгi" - "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған адамдарға берiлетiн мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар үшiн.
5. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың қосымша беттерiнiң бланкiлерi және қосымшалары (1-30-қосымшалар) баспаханалық тәсiлмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегiмен толтырылатын деректердi есепке алмағанда).
6. Қосымша беттердiң бланкiлерi арнайы қорғаныш деңгейлерi бар қағазда басылады:
1) ашық қызғылт түс - мемлекеттiк үлгiдегi үздiк құжаттардың қосымша беттерi, ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн, сондай-ақ "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталатын адамдарға берiлетiн мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар үшiн. Қосымша беттiң мәтiнi қызыл бояумен басылады;
2) ашық көгiлдiр түс - мемлекеттiк үлгiдегi барлық қалған құжаттардың қосымша беттерi. Қосымша беттердiң мәтiнi көк бояумен басылады. Қосымшалардың бланкiлерi ақ қағазға қара түспен басылады.
7. Қосымша беттiң бет жағында:
1) жоғарғы жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;
2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi;
3) Мемлекеттiк елтаңбаның төменгi жағында - мемлекеттiк үлгiдегi құжат түрiнiң мемлекеттiк тiлдегi атауы орналасады.
8. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың қосымша беттерiнiң iшкi екi жағында ортада су тамғысы белгiлерiмен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi басылады.
9. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың қосымша беттерiнiң сол жақ iшкi бетiнде мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында орыс тiлiндегi бара-бар мазмұны көрсетiледi.
Ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша беттерiнiң сол жақ iшкi бетiнде мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тiлдерiндегi бара-бар мазмұны көрсетiледi.
10. Мемлекеттiк үлгiдегi үздiк құжаттың қосымша беттерiнiң iшкi екi жақ бетiнде құжат түрi атауының төменгi жағында баспаханалық тәсiлмен қызыл түспен "Үздiк" және "С отличием" деген сөздер басылып жазылады.
11. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған адамдарға берiлетiн мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың қосымша беттерiнiң iшкi екi жақ беттерiнде баспаханалық тәсiлмен құжат түрi атауының төменгi жағында қола түспен "Алтын белгi" деген сөздер басылып жазылады.
12. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың барлық түрлерi қосымша беттерiнiң сериясы мен жетi саннан тұратын нөмiрi болады (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмiрленуiне ұқсастық бойынша). Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың әрбiр түрiнiң нөмiрленуi бiрыңғай болып табылады.
13. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың қосымша беттерiнiң бланкiлерi оларға енгiзiлетiн жазулар iрi каллиграфиялық жазумен тушьпен (сиямен) немесе басу құрылғыларының көмегiмен жазылатындай етiп құрастырылуы қажет.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулысымен бекiтiлген
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды беру ережесi
1. Бiлiмнiң және (немесе) бiлiктiлiктiң тиiстi деңгейi (сатысы) туралы бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымында белгiленген тәртiппен қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткен азаматтарға берiледi.
2. Бiлiм беру ұйымы қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм алушыға:
негiзгi жалпы бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламасын немесе интернатура, клиникалық ординатура, ассистентура-тағылымдаманың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасын меңгергенi үшiн куәлiк бередi;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |