• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысы

Редакция 16.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістербекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 cәуірдегі
№ 417 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісім бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (19.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (19.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (19.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164. Шұғыл жағдайларда іздестіру іс-шараларын жүргізумен, дүлей зілзалар кезінде әуе кемелерінің көмек көрсету үшін ұшып шығуымен, басқарудан шыққан аэростаттардың ұшуларымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының өкімдерімен кенеттен тексерулер кезінде әуе кемелерінің ұшып шығумен байланысты уақытша режим мен қысқа мерзімді шектеулерді уақытша режимге алдын ала ұсынымдар бермей ӘҚБ БО белгілеуі мүмкін. Бұл жағдайда іс-шараларды ұйымдастыратын мемлекеттік органдар немесе ұйымдар ӘҚБ БО-мен олардағы әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аудандары мен талаптарын қызмет басталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын келіседі.»;
166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«166. Мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан орны мен уақыты жағынан сәйкес келетін іс-шараларды уақытша режимдермен қамтамасыз етуге келіп түскен екі немесе одан көп ұсынымдар алған жағдайда ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының рұқсатымен шешілетін міндеттердің басымдықтарына сүйене отырып, көрсетілген іс-шараларды екі тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге ауыстырады.».
6. «Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 748-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағалау жүргізу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бағалаушы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арасында жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт болып табылады.
5. Бағалау нәтижелерін реквизициялауды жүргізу кезінде соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, соғыс уақытында - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы, ал жауынгерлік іс қимылдар жүргізген кездегі ерекше жағдайларда – реквизициялауды жүзеге асыратын әскери бөлімдердің командирлері бекітеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Реквизицияланатын мүліктің құнын өтеу мөлшерін осы Қағидаға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы, жергілікті атқарушы органдар және әскери бөлімдердің командирлері айқындайды.».
7. «Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1082 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 773-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Реквизицияланған мүлік иелерінің өтініштерін жинау үшін жергілікті әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде, жергілікті атқарушы органдарда жиын пункттері құрылады, олар ақшалай қаражат бөлуге өтінімді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жолдайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер командирлерінің (мекемелер бастықтарының), жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы қаржыландыру жоспарын өзгертуге арналған жиынтық өтінімді жасайды және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.».
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.10.2017 жылғы № 650 Қаулысымен (20.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.07.2017 жылғы № 437 Қаулысымен (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 417 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Әскери қызметшiлердi азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз ету және әскери бөлiмдер ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қазандағы № 1152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 37, 387-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).
3. «Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 128-құжат).
4. «Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кіру әскери міндеттілерді жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 228-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 542-құжат).
6. «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1166 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 575-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 56 қбп қаулысы.