Bestprofi Logo

Қаулы № 836 от 2001-06-19г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018 г.

Документ на казахском языке

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2004 жылғы № 322 Қаулысымен (20.01.2003 ж. редакцияны қараңыз); 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2009 жылғы № 189 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз); 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1026 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2011 жылғы № 972 Қаулысымен (09.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 45 Қаулысымен (14.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);

1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 45 Қаулысымен (14.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;

2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1188 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;

4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;

5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:

1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы № 124 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі

Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 45 Қаулысымен (14.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген

Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі

Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2009 жылғы № 189 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз); Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1188 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыру тәртiбiн айқындайды.

Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1026 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған.

2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2009 жылғы № 189 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз); 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1026 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды;

2) егер табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсiптерi (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды қамтиды;

3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды.

Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.

2. Кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1026 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетеді және табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1188 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.

5. Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттыруды жүргiзу үшiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу кезiнде:

1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;

2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қоятын талаптарына сәйкестiгiн;

3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;

4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.

6. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органдар жiберетiн табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.

7. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жiберу, егер өздерiнде қажеттi кәсiби бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандармен және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адаммен, сондай-ақ жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2009 жылғы № 189 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)

8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен өтуге құқығы бар.

9. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:

1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;

2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.

10. Ұйымдар табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды:

- заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание