• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2015 г

Отправить по почте

Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1167 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 796 Қаулысына сәйкес
«Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.04.2015 жылғы № 241 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) еңбек кітапшасының нысаны;
2) Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1167 қаулысымен бекітілген
Еңбек кітапшасының нысаны
┌───────────────────────────────────────────────────────┐
│ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттік ЕлтаңбасыЕңбеккітап│
│шасыТрудоваякнижка_____________________________________│
│___________ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттік Елтаңбас│
│ыЕңбеккітапшасыТрудоваякнижкаТегі______________________│
│___________________ФамилияАты__________________________│
│________________ИмяӘкесінің аты________________________│
│______________ОтчествоТуған күні_______________________│
│_________________Дата рожденияБілімі___________________│
│____________________ОбразованиеМамандығы, біліктілігі__│
│__________________________Специальность, квалификацияТо│
│лтырылған күні 20 жылғы «__» ______________Дата заполне│
│нияҚызметкердің қолы____________________________Подпись│
│ работникаЖұмыс беруші уәкілеттікберген адамның қолы___│
│_______________________Подпись уполномоченногоработодат│
│елем лица______________________________________________│
│__Жұмысы туралы мәліметтерСведения о работе            │
├───────────────────────────────────────────────────────┤
│№  │күні         │                         │Жазуға │
├───┼─────────────┼─────────────────────────┼───────┤
│күн│   │айым│жылы│Жұмысқа қабылдау туралы,│(құжат,│
│ічи│   │есяц│год │ басқа жұмысқа ауыстыру │ оның к│
│сло│   │    │    │туралы (лауазымы көрсеті│үні мен│
│   │   │    │    │леді) және еңбек шартыны│ нөмірі│
│   │   │    │    │ң тоқтатылуы (себептері │) негіз│
│   │   │    │    │мен заңның бабына сілтем│демеНа │
│   │   │    │    │елер көрсетіледі) туралы│основан│
│   │   │    │    │ мәліметтерСведения о пр│и чего │
│   │   │    │    │иеме на работу, о перево│внесена│
│   │   │    │    │дах на другую работу (с │ запись│
│   │   │    │    │указанием должности) и п│ (докум│
│   │   │    │    │рекращении трудового дог│ент, ег│
│   │   │    │    │овора (с указанием причи│о дата │
│   │   │    │    │ны и ссылки на статью за│и номер│
│   │   │    │    │кона)                   │)      │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│1  │2            │3                        │4      │
├───┼─────────────┼─────────────────────────┼───────┤
│   │   │    │    │                        │       │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│   │   │    │    │                        │       │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│   │   │    │    │                        │       │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│   │   │    │    │                        │       │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│   │   │    │    │                        │       │
├───┼───┼────┼────┼────────────────────────┼───────┤
│Наградтау және көтермелеу туралы мәліметтер Сведения о │
│награждениях и поощрениях                              │
├───────────────────────────────────────────────────────┤
│№  │күні          │Ұйымдағы жұмысқа байлан│Жазуға (құж│
│   │              │ысты ордендермен, медал│ат, оның кү│
│   │              │ьдармен және грамоталар│ні мен нөмі│
│   │              │мен наградтау, құрметті│рі) негізде│
│   │              │ атақтар беру және көте│меНа основа│
│   │              │рмелеулер туралы мәліме│нии чего вн│
│   │              │ттерСведения о награжде│есена запис│
│   │              │ниях орденами, медалями│ь (документ│
│   │              │ и грамотами, присвоени│, его дата │
│   │              │и почетных званий и поо│и номер)   │
│   │              │щрениях, связанных с ра│           │
│   │              │ботой в организации    │           │
├───┼──────────────┼───────────────────────┼───────────┤
│   │күні│айы │жылы│                       │          │
│   │ чис│меся│ год│                       │          │
│   │ло  │ц   │    │                       │          │
├───┼────┼────┼────┼───────────────────────┼──────────┤
│1  │2             │3                      │4          │
├───┼──────────────┼───────────────────────┼───────────┤
│   │    │    │    │                       │          │
├───┼────┼────┼────┼───────────────────────┼──────────┤
│   │    │    │    │                       │          │
├───┼────┼────┼────┼───────────────────────┼──────────┤
│   │    │    │    │                       │          │
└───┴────┴────┴────┴───────────────────────┴──────────┘
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1167 қаулысымен бекітілген
Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) еңбек кітапшасы - қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
2) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртібінің қағидалары;
3) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
4) қосымша парақ - жұмыс беруші еңбек кітапшасы сияқты тәртіппен ресімдейтін және жүргізетін еңбек кітапшасының ажырамас бөлігі.
2. Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі 4. Еңбек кітапшасын (ол болған кезде) жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді.
5. Еңбек кітапшасына:
1) қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;
2) жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, еңбек шартының тоқтатылуы;
3) наградалар мен көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді.
6. Еңбек шартын жасау не оны тоқтату, басқа жұмысқа ауысу, наградтау, көтермелеу мерзімдері туралы барлық жазбалар жұмыс берушінің актісіне сәйкес еңбек шартын жасасқаннан не оны тоқтатқаннан, басқа жұмысқа ауысқаннан, наградталғаннан немесе көтермелеуден кейін араб сандарымен жазылады (күн мен ай екі - таңбалы санмен, жыл толық көрсетіледі).
7. Қызметкер туралы мәліметтер еңбек кітапшасының бірінші бетіне жазылады және жұмысқа алғаш кірген қызметкердің өтініші бойынша ол бірінші; басшының не ол уәкілеттік берген адамның қолымен, ұйымның мөрімен расталады.
Тегі, аты, әкесінің аты (қысқартылмай толық) мен туған жылы жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде көрсетіледі.
Білімі, кәсібі мен мамандығы алған білімі туралы растайтын құжаттар негізінде көрсетіледі.
8. Еңбек кітапшасы екі бөлімнен тұрады:
1) «Жұмысы туралы мәліметтер»;
2) «Наградтау және көтермелеу туралы мәліметтер».
9. «Жұмысы туралы мәліметтер» деген бөлімде тақырып түрінде жұмыс берушінің толық атауы жеке жолда көрсетіледі.
10. Қызметкер қабылданған жұмыс немесе лауазымның атауы туралы жазбалар еңбек шартының, жұмыс берушінің актісінің, ұйымның штат кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
11. Егер қызметкер жұмыс істеп жүрген кезде заңды тұлғаның атауы өзгерсе, 3-бағанда жеке жолға тиісті жазба жазылады, ал 4-бағанда атауды өзгерту негіздемесі (заңды тұлғаны тіркеу немесе (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың күні мен нөмірі) көрсетіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 434 Қаулысымен (14.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12. «Наградтау және көтермелеу туралы мәліметтер» деген бөлімге мынадай:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталуы және құрметті атақтар берілгені туралы;
2) құрмет грамоталарымен, омырау белгілерімен, дипломдармен наградталуы туралы;
3) еңбектегі жетістіктері үшін еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес көтермелеулер туралы мәліметтер енгізіледі.
13. Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын тоқтату, басқа жұмысқа ауысу, сондай-ақ, наградтау және көтермелеу туралы барлық жазбаларды бірінші басшы не ол уәкілеттік берген адам жұмыс берушінің тиісті актісі жарияланғаннан кейін енгізеді және жазба оның мәтініне сәйкес келуі тиіс. Еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, еңбек кітапшасына жазба еңбек шарты тоқтатылған күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
14. Қызметкердің еңбек қызметі туралы жаңсақ және нақты емес жазбалар анықталған жағдайда, өзгерістерді осы жазбаны енгізген жұмыс беруші жүзеге асырады.
15. Егер жаңсақ және нақты емес жазбаларды енгізген заңды тұлға (жұмыс беруші) қайта ұйымдастырылса, өзгерістерді оның құқықтық мирасқоры енгізеді.
16. Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні туралы жазбаларды өзгертуді жеке басын растайтын құжаттардың, неке туралы, некенің бұзылғаны туралы куәліктердің, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткені туралы куәліктердің негізінде соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс беруші жүргізеді. Көрсетілген өзгерістер еңбек кітапшасының бірінші бетіне (титулдық парақ) енгізіледі. Бір сызықпен алдыңғы тегі немесе аты, әкесінің аты, туған күні сызылып тасталады және жаңа деректер жазылады. Тиісті құжаттарға сілтемелер мұқабаның ішкі жағына жазылады және ұйым жетекшісінің немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен, ұйымның мөрімен немесе кадрлар қызметінің мөрімен расталады.
17. Жұмыс туралы мәліметтер өзгерген жағдайда жазбаларды түзету оларды күші жойылған деп тану және дұрыс жазбаларды енгізу арқылы мынадай тәртіппен жүргізіледі: тиісті реттік нөмірін, жазба енгізілген күнін көрсеткеннен кейін, 3-бағанда: «№ жазбаның күші жойылған. Мына лауазым бойынша қабылданған» деп және 4-бағанда жұмыс берушінің еңбек кітапшасына жазбасы қате енгізілген бұйрығының (өкімнің) күні және нөмірі қайталанады.
Еңбек шарты заңсыз бұзылған немесе бұрынғы жұмысына ауыстырылған не қалпына келтірілген немесе жұмыстан босату себебінің мазмұны өзгерген жағдайда еңбек шартының тоқтатылуы және басқа жұмысқа ауыстыру туралы қате жазба дәл осы тәртіппен жарамсыз деп танылады. «№ жазбаның күші жойылған, бұрынғы жұмысына қайта қабылданған» деген жазба жазылады. Еңбек шартының бұзылу себебінің мазмұны өзгерген жағдайда «№ жазбаның күші жойылған, себеппен еңбек шарты тоқтатылған (немесе бұзылған)» деп жазба жазылады және жаңа мазмұны көрсетіледі. Бұл жағдайда 4-бағанда жұмысына қайта қабылдау немесе еңбек шартының тоқтатылуы туралы себептің мазмұны туралы бұйрыққа сілтеме жасалады.
18. Еңбек қызметі туралы түзетілген мәліметтер қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардағы (күні мен оны бұзу негіздемесі белгіленген еңбек шартындағы; еңбек шартын жасау және бұзу негізінде еңбек қатынастарын бастау және тоқтатуды растайтын жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмедегі; қызметкерлерге еңбекақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмедегі; жұмыс беруші қол қойған, мекеме мөрімен немесе нотариалды түрде расталған қызметтік тізімдегі (жұмысы туралы, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтамадағы) мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
19. Еңбек кітапшасындағы бөлімдердің біреуінің барлық беттері толтырылған жағдайда, еңбек кітапшасының соңғы парағы мен мұқаба арасында оған қосымша парақ қосылады.
Қосымша парақтағы жазбалардың нөмірленуі еңбек кітапшасындағы жазбаның нөмірленуін жалғастырады.
Еңбек кітапшасы болмаса, қосымша парақ жарамсыз.
20. Еңбек кітапшасындағы «Жұмысы туралы мәліметтер» және «Наградтау және көтермелеу туралы мәліметтер» деген бөлімдерде бұрын енгізілген қате немесе нақты емес жазбаларды сызып тастауға жол берілмейді.
21. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде, еңбек кітапшасына ол жұмыс істеген кезде енгізілген жұмысы, наградтаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар жұмыс берушінің не ол уәкілеттік берген адамның қолымен, ұйымның мөрімен расталады.
22. Қызметкер қайтыс болған жағдайда еңбек кітапшасы оның туыстарына қолын қойғызып беріледі немесе олардың талаптары бойынша пошта арқылы жіберіледі.
23. Еңбек қатынастарының қолданылу кезеңінде еңбек кітапшасы негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс берушіде сақталады.
24. Кадр қызметі не жұмыс беруші уәкілеттік берген лауазымды адам еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабын жүргізеді, онда қызметкерлерден қабылдап алынған барлық еңбек кітапшалары, сондай-ақ қызметкерлерге берілген еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтары тіркеледі.
Еңбек шартының тоқтатылуына байланысты қызметкер еңбек кітапшасын алған кезде еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабына қолын қояды.
25. Еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерлер алмаған не қызметкер қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстары алмаған еңбек кітапшалары ұйымның кадр қызметінде қалған еңбек кітапшаларынан бөлек екі жыл бойы сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін талап етілмеген еңбек кітапшалары ұйымның мұрағатында елу жыл бойы сақталады, содан кейін оларды жұмыс беруші жоюға тиіс.