• Мое избранное
"Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8403 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Инвестициялар және даму министірінің 07.12.2018 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына («Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған, нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6277 болып енгiзiлген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесінде:
2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5) ұлттық стандарттарды халықаралық, өңірлік стандарттарының және шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарымен үйлестiру»;
3) тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоспар мен Бағдарламаны техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, ғылыми-техникалық, инженерлiк және қоғамдық бiрлестiктердiң, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттiктерiн есепке алып, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға алдын ала талдау жүргiзу негiзiнде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделi субъектiлердi (өнiм өндiрушiлер, тұтынушылар) қатыстырып ұлттық стандарттарды әзiрлеу қажеттiліктерiн есепке ала отырып қалыптастырады.»;
7-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоспарға ұлттық стандарттардың мынадай түрлерi мен стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар кiредi:»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi:»;
көрсетiлген Ереженің 1-қосымшасында:
«Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсыныстар» деген кестеде:
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық стандарт жобасының атауы Жұмыс түрi»;
2 және 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар
министрі Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
2-қосымша

нысан
Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсынысқа техникалық–экономикалық негiздеме
_______________________________________________________
жұмыс түрiнiң атауы мен стандарт атауы
Техникалық-экономикалық негiздеме мыналардан тұруы керек:
стандарт жобасын әзiрлеу қажеттiлігi, өзектiлiгi, мақсатқа сәйкестігі және әзiрленетiн стандарттау нысанына қойылатын талаптарды белгiлеу қажеттiлігi туралы мәлiметтер, оларды нақты негiздемеден (бұл жағдайда әзiрленетiн стандарт өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасы дайындаушы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәлiметтер, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушының әзiрленетiн стандарттау объектiсiне мүдделiлігі туралы мәлiметтер берiлуi керек);
стандарттау объектiсiнiң жағдайы туралы мәлiметтер мен оның сипаттамасы;
өткiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң қазiргi заман талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң халықаралық, өңiрлiк стандарттау және өзге мемлекеттердiң ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектiсiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау қажеттiгi туралы мәлiметтер;
балама техникалық құжаттар қолданылу кезінде ұлттық стандартты әзiрлеу негiздiлiгi туралы мәлiметтер (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзiрлеу); осы стандарттау объектiсiне қатысты ұлттық стандарттарды, халықаралық, мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң стандарттаудың өзге объектiлерiмен өзара байланысы және олармен әзiрленiп отырған стандарт өзара байланысты болуы керек қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау туралы мәлiметтер;
ұлттық стандарттау әзiрлеумен байланысты стандартты және (немесе) өзге нормативтiк құжаттарды болжамды жою туралы ақпарат.
____________________ ___________ ___________________________________
(Орындаушы ұйым (жеке қолы) (Тегі, Аты және Әкесінің аты,
басшысының (басшы болған жағдайда)
орынбасарының) лауазымы,
ұйым атауы)_______________________________ М.О._____________________
________________________ ____________ _______________________________
(орындаушы лауазымының (жеке қолы) (Орындаушының Тегі, Аты және
атауы) Әкесінің аты, болған жағдайда)
_______________________
(орындаушы телефоны)
«___» _____________ 20__ жыл.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
3-қосымша

нысан
Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспары
№ р/с Тапсырма (тақырып) коды
МСЖ коды
(МК (ИСО/ИНФО МКС)
001 - 96) бойынша
Ұлттық стандарт жобасының атауы
Жұмыс түрi
Әзiрлеменiң мақсаты (негiздеме) Қаржылан дыру көзi Жұмыстарды орындау мерзiмi Орындаушы ұйым
Әзiрлеудi бастау Жобаның қорытынды басылымын уәкiлеттi органға бекiтуге ұсыну
1 2 3 4 5 6 7 8
1-бөлiм Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әзiрлеу








2-бөлiм Қазақстан Республикасының ұлттық жiктеуiштерi








3-бөлiм Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық бағдарламалар шеңберiнде стандарттар әзiрлеу








Ескертпе:
1. 1-бағанда әзiрленетiн құжаттың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi МЖ (ИСО/ИНФКО МКС) бойынша код көрсетiледi.
3. 3-бағанда әзiрленетiн құжаттың атауы мен белгiсiнен кейiн жұмыстардың мынадай түрлерi көрсетiледi:
«ҚР СТ... әзiрлеу» (жаңа құжаттар үшiн).
«ҚР СТ/Қаз ССК РСТ...орнына» (ҚР СТ немесе ҚазССР РСТ қайта қараған жағдайда).
«ОСТ...орнына» (ОСТ ҚР СТ сатысына аударған жағдайда).
«ҚР СТ... өзгерiс».
4. Халықаралық стандарттарды тiкелей қолданған жағдайда жұмыс түрiнен кейiн жақша iшiнде қолданылатын ҚР СТ (ҚР СТ/ИСО..., ҚР СТ/МЭК...) белгiсi көрсетiледi.
5. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары мен әзiрлеу үшiн негiздеме (Үкiмет және мемлекеттiк органдардың тапсырмасы, өзектiлiгi, халықаралық стандарттармен үйлестiру және т.б.) көрсетiледi.
Ескертпе: Тапсырма коды (тақырыптар) СМЖ (МЖ (ИСО/ИНФО МКС) 001 - 96); Тапсырма коды (тақырыптар) Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің коды (ИСО/ИНФО МКС) Халықаралық жіктеуіштер.