Toggle Dropdown
7
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына , «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 , 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
17) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
18) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
Toggle Dropdown
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
Toggle Dropdown
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың деректемелері (Т.А.Ә, кабинет нөмірі) уәкілетті органның ғимаратында көрнекі жерде орналасқан.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпарат орналасқан стенділер, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кіреберісте пандус болуға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
Toggle Dropdown
Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);
Toggle Dropdown
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;
Toggle Dropdown
оралмандар – оралман куәлігі;
Toggle Dropdown
2) еңбек кітапшасы;
Toggle Dropdown
3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлік;