• Мое избранное
"Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 457 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 32-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі – мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі – Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Салық комитетіне салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етiлген күнi болып табылады.
Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электронды түрде табыс етілген кезде Салық комитеті салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе, немесе
2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса, немесе
6) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының елу бірінші бөлігінің талаптары бұзылса, немесе
7) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электрондық формат құрылымы бұзылса, Салық комитетіне табыс етілмеген деп есептеледі.
Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегi мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған жағдайда, Салық комитеті мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмағанда мұндай мәмілелерге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын Салық комитетіне табыс етпейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету жолымен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету және өңдеу осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын жасағанда бағандарда деректер өзгертілген жағдайда жаңа мәндер көрсетіледі, деректері өзгермеген бағандарда бұрын табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарында көрсетілген бастапқы мәндер көрсетіледі.
Мәмілелерге қатысушылар табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізілу басталғанға дейін енгізеді.»;
10-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН/БСН» деген 3-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.»;
елуінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.»;
11-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН/БСН» деген 3-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.»;
елуінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов