• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017 г

Отправить по почте

"Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы         Министрінің бірінші орынбасары -
                          Қазақстан Республикасының Өңірлік
                          даму министрі, төраға

Өскенбаев               - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Қайырбек Айтбайұлы        даму бірінші вице-министрі, төрағаның
                          орынбасары

Жұманғарин              - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Серік Мақашұлы            даму вице-министрі, хатшы

Аймұхаметов             - Ақмола облысының әкімі
Қосман Қайыртайұлы

Шәйжүнісов              - Қазақстан Республикасы Спорт және
Аллен Сержанұлы           дене шынықтыру істері агенттігі
                          төрағасының орынбасары

Тұрғымбаев              - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы         министрінің орынбасары;

      мына:

«Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы          даму және сауда вице-министрі, хатшы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Құсайынов              - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы          Экономика және бюджеттік жоспарлау
                          вице-министрі
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Серік Кеңесұлы Нокин, Қадырхан Махмұтұлы Отаров, Қайрат Пернешұлы Қожамжаров, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Елжан Амантайұлы Біртанов шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов