• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2015 г

Отправить по почте

1

Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8425 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.03.2015 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабының 3-тармағына , «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын , «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыруға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6432 тіркелген: «Казахстанская правда» 2010 жылғы 27 қазандағы № 284 (26345); 2010 жылғы 30 қазандағы № 288-289 (26349-26350); 2010 жылғы 2 қарашадағы № 290 (26351); 2010 жылғы 3 қарашадағы № 291 (26352); 2010 жылғы 4 қарашадағы № 292 (26353); 2010 жылғы 6 қарашадағы № 295-296 (26356-26357); 2010 жылғы 10 қарашадағы № 300-302 (26361-26363 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі           С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 99 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 542 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабына сәйкес, «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы бағалау жүргізуді нақтылайды және денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.
1) аккредиттеуші орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер);
2) денсаулық сақтау ұйымдары – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) сапа үйлестірушісі – медициналық ұйымның ішкі аудит қызметінің маманы.
3. Денсаулық сақтау ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау (бұдан әрі - сыртқы кешендік бағалау) мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау;
2) аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау;
3) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау;
5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды балдық жүйе арқылы жүргізу.
4. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау денсаулық сақтау ұйымы дербес немесе тәуелсіз медицина сарапшыларын тарта отырып өткізеді.
Денсаулық сақтау ұйымының сапа үйлестірушісі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау нәтижелері туралы жиынтық есепті жалпы денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының аумағынан тыс орналасқан құрылымдық бөлінісінде жеке әзірлейді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымының өзін-өзі бағалау нәтижелерін сапа үйлестіруші ақпараттық жүйеге «Аккредиттеу» модуліне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) енгізеді.
5. Департамент денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген жазбаша бас тарту береді.
6. Сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін аккредиттеу органы сараптау топтар құрады және сарапшылар арасынан топ басшысын айқындайды.
Сараптау тобының құрамына денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша оқытылған аккредиттеу органының мамандары, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар және денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандары кіреді.
7. Сараптау тобы денсаулық сақтау ұйымның аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде стандарттардың әрбір бөлігі бойынша, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке-жеке бағалау парақтарын толтырады.
8. Жиналған балдардың нақты сомаларының нәтижелері ақпараттық жүйеге енгізіледі.
9. Сыртқы кешендік бағалау кезінде алынған денсаулық сақтау ұйымның қызметі туралы, пациенттер мен персонал туралы мәліметтерді (оның ішінде стандарттардың бөлігі (блогы) бойынша ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу құқығын) басқа адамға беруге жол берілмейді.
10. Ақпаратты ақпараттық жүйенің дерекқор базасына енгізгеннен кейін стандарттардың тараулары (блоктары) бойынша толтырылған бағалау парақтарын сараптау тобының мүшесі басшысына тапсырады.
11. Көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан кейін сараптау тобының жұмысы туралы бағалауды сараптау тобының басшысы департаментке тапсырады.
12. Департамент аккредиттеу рәсімдерін өту үшін денсаулық сақтау ұйымдары ұсынатын құжаттарға сараптама жүргізеді.
13. Департамент сараптама нәтижесі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын сыртқы кешендік бағалау мерзімдері туралы хабардар етеді немесе уәжделген бас тартуды береді.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының аккредиттеу стандарттарына
14. Денсаулық сақтау ұйымының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сараптамалық бағалау аккредиттеуші орган бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
15. Сараптамалық бағалауды бастар алдында Департамент сараптау тобының мүшесіне ақпараттық жүйеге кіру үшін логин және пароль береді.
Ақпараттық жүйеге кіруге арналған логин және пароль туралы ақпарат құпия ақпарат болып табылады және жариялау мен таратуға жатпайды.
Құпия ақпаратты фактілері анықталған жағдайда сарапшы одан әрі аккредиттеу рәсімінен дереу босатылады, оның ақпараттық жүйеге енгізген нәтижелері күшін жояды.
Одан әрі көрсетілген сарапшы денсаулық сақтау ұйымды аккредиттеуге жіберілмейді. Егер сарапшы аккредиттеуші органның қызметкері болып табылса, онда аккредиттеуші органның басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешеді.
Егер сарапшы денсаулық сақтау ұйымының маманы болып табылса, онда аккредиттеуші орган оның басшылығына Нұсқаулықтың осы тармағының талаптарын сақтамау фактісі туралы хабарлайды.
16. Сараптау тобы денсаулық сақтау ұйымға барар алдында осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымын тексеру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді.