Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 391 от 2013-04-24г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 10.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Бюджеттік бағдарлама» деген 7-бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
«016 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» деген бюджеттік бағдарламада:
тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
мына:
«
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардың Тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің көлемі | бірлік | 27 000 | 26 700 | 27 600 | 27 400 | 27 300 | 27 200 | |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
мемлекеттік мүлік тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің саны | бірлік | 27 000 | 26 700 | 27 600 | 27 400 | 27 300 | 27 200 | |
».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 46 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.02.2014 жылғы № 88 Қаулысымен (04.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
5. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізеді.».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2015 жылы № 165(28041) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2015 жылы № 165(28041) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 177 Қаулысымен (13.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) электронды есеп түрінде енгізіледі.».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысына қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 177 Қаулысымен (13.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік
жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 162-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 926 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 396-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен