Toggle Dropdown
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
Редакция 05.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
атауы
Әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
негіздеме инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
(бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
наурыздағы № 958 Жарлығы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Бағдарламаның Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсаты және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың
шикізаттық емес секторларында өңірлік
кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету
Бағдарламаның 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
міндеттері 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету
4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту
Іске асыру 2010 - 2020 жылдар
мерзімі
Нысаналы Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру
индикаторлары мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол
жеткізілетін болады:
кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд.
теңгеге арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің
үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың
үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;
шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші
өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде
43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде
1,5 есеге ұлғайту
Қаржыландыру Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы
көздері мен көлемі 2020» бағдарламасын іске асыруға:
2010 - 15,4 млрд. теңге;
2011 - 28,3 млрд. теңге;
2012 - 36,6 млрд. теңге;
2013 - 39,1 млрд. теңге;
2014 - 34,9 млрд. теңге;
2015 - 34,2 млрд. теңге көзделген.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — банктер) және «Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) және лизингтік компаниялар (бұдан әрі - лизингтік компаниялар) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру, гранттар беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды;
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері орындайтын болады.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің қатарынан қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.
Осы кәсіпорынды сауықтыруға/дамытуға, жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламасы бар жобаларды қоспағанда, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған қарыздарды субсидиялауға тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
1) кредиторы, Даму Банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялау және кредиттеу түріндегі мемлекеттік қолдау алушы (алған) кәсіпкерлердің кредиттері;
5) овердрафт түріндегі кредиттер/Қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында Даму Банкі берген кредиттерді/қаржы лизинг шарттарын қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде банктер/Даму Банкі/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер жүргізу арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым және «Іскер байланыстар» жобасына қатысушылардың шет елдерде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу;
Мемлекеттік комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;
өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);
Жұмыс тобы - Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы Бағдарламаның екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы, оның құрамы Үкімет шешімімен бекітіледі;
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бағдарлама шеңберінде:
сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде Банктерге/Даму Банкіне/Лизингтік компанияларға қаржылай қаражат аудару;
Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;
борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия мен Жұмыс тобының отырыстарына ұсынылатын материалдар жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу;
субсидиялаудың іске асырылуын мониторингілеу;
кепілдік берудің іске асырылуын мониторингілеу;
грант берудің іске асырылуын мониторингілеу;