• Мое избранное
"Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 546 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 550-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24) , 42) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :»;
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «нормалары белгіленсін.» деген сөздер «нормалары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) , 3) , 4) , 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) , 2) , 3) , 4) , 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) , 3) , 4) , 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) , 2) , 3) , 4) , 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары белгіленсін.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген қаулыға 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 546 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
5-қосымша
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1),2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
Р/с
Ел Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары
(АҚШ долларымен)
1. Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа 30-ға дейін
2. Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин 25-ке дейін
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері 10-ға дейін
4. Басқа да елдер 15-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 546 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
6-қосымша
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1),2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
Р/с
Оқу орны Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары
(айлық есептік көрсеткіш)
1. Облыс, аудан орталықтары 4 АЕК-ке дейін
2. Астана, Алматы, Атырау қалалары 5 АЕК-ке дейін